Материалдар / ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ТАЛДАУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТӘРБИЕ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ТАЛДАУ

Материал туралы қысқаша түсінік
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР ТӘРБИЕ САЛАСЫ БОЙЫНША ЕСЕП ЖАЗУ БАРЫСЫНДА КЕРЕК МАТЕРИАЛ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2018
3055
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балқаш аудандық білім бөлімінің «№2 Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2016 – 2017 оқу жылындағы 1 «А» сыныбының

тәрбие саласы бойынша жылдық есебі


Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Мектептің тәрбие жүйесі жас ұрпақты дамытудың қозғаушы күші. Мектептің тәрбие жүйесі «жоғарыдан» берілмейді , мұғалімдер , балалар, ата-аналар және т.б сияқты педагогикалық процеске қатысушылардың күшімен құрылады.

Оқу жылының басында 1 «А» сыныбында 20 оқушы бар. Оның ішінде 11 –і ұл, 9 –ы қыз бала.Тәрбие бағыты бойынша жылдық тәрбие жоспары жасалып бекітілген.Сынып сағаттары осы жоспарға сәйкес өтіп отырады.

Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты: Оқушыларды рухани, интеллектуалдық тұрғыда дамытып тәрбиелеу, өз тарихын, мәдениетін қастерлеуге баулу, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған азаматты тәрбиелеу.

Тәрбиенің міндеттері: Оқушының бойында патриотизм,  азаматтық, төзімділік белсенділікті қалаптастыру

-Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, қалыптастыру.

-Өзін-өзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің,өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашу.

-Тұлғалық қасиет әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне  тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, ықпал жасау.

-Оқушы бойына табиғатқа әдепті көзқарастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстар жағдайына

  • жеке жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

  • -Рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік, көркем мәдениет, халықтар мен дәуірдің әлемдік

құндылықтары арқылы қалыптастыру.

Тәрбиенің мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады.

1.Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі

2.Қазақстандық патриотизм және азаматтық. Этникалық мәдениет

3.Рухани-адамгершілік мәдениет

4. Зияткерлік мәдениет

5. Экономикалық мәдениет

6. Салауатты өмір салты және және тәрбиесі

7. Ата-аналармен жұмыс

Сыныптың тәрбие жұмысының мақсаты: «Мен Қазақстан Республикасының азаматы» деген рухта, көпмәдениетті, ізденімпаз, бәсекеге бейім, құзыретті,шығармашыл елжанды, имандылыққа толы рухы мен әдеп ұстанымы мықты тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеп шығару.

  • Сыныптың тәрбие жұмысының міндеттері: Білім мекемесінде тәрбие жүйесінің нормативті құқықтық негізін жандандыру;

  • Балалар мен оқушы жастарға потриоттық тәрбие беру жүйесін қамтамасыз ету;

  • Тәрбие жұмысына ата-аналардың қатысу құқығын қолдау мақсатында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамыту; Халқымыздың салт-дәстүрін сақтап,ары қарай жалғастыруға бағыттау.

2016-2017 оқу жылында 1-қыркүйегінде әр сыныпта «Мен өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта оқушылар мен ата-аналар арасында сынып сағаттары жүргізілді.

Қыркүйектің 5 – күні «Бірлік –менің таңдауым», 12 - күні «Тілім менің – ғасырлардан аманат» атты тақырыпта сынып сағаты өтті.

Сыныбымда ата-аналар комитеті жұмыс істейді. Құрамында 4 мүше бар. Ата-аналар комитеті мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына, мәдени іс-шараларға ат салысады. Атап айтсақ оқушылардың сабақтарына ата-аналардың қатысуын ұйымдастыру,тоқсан сайын қыркүйектің 19 – күні «Отбасы- тәрбиенің ұясы» тақырыбында ата – аналар арасында тренинг, қазан айының 10-да «Мектеп оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы» тақырыбында ата – аналар

отырысы , «Сіз қандай ата-анасыз?» ата-аналарға арналған сауалнама алынып, ата-аналар белсенділік танытты.

26 – қыркүйекте рухани-адамгершілік тәрбиесі аясында «Қарттарым аман сау жүрші!» тақырыбында қарттар мерекесіне орай сынып сағатты өткізілді.

Қазан айының бірінші аптасы «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп медбикесімен кездесуден басталды. «Жол тәртібін жадыңда ұста!» атты тақырып аясында жол тәртібіне, жол ережесіне, қауіпсіздік іс-шарасы таныстырылып дайындық жаттығулары жүргізілді. Күз мерекесі 1-11 сыныптар арасында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тақырыпта тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына байланысты мерекелік іс-шара өтті.Ұйымдастырылған іс-шараға оқушылар белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кештің мақтау қағаздарымен марапаттаумен аяқталды.

Қазан айының үшінші аптасында «Туберкулез – ұлттық індетке айналмасын» тақырыбын қамтыды. Қарашаның алғашқы аптасы «Өмір сүр, Жер-Ана!» сынып сағатымен басталды. «Сыбайлас жемқорлық деген не ?» тақырыбында сынып сағат өтіп, онда жаман әдеттер, парақорлық туралы мәліметтер алды. 21 – қараша күні «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Жыл сайын мектебімізде 1-8 желтоқсан аралығында ЖҚТБ-ға қарсы күрес апталығына байланысты әртүрлі іс-шаралар өтеді. Соған орай, «СПИД – ғасыр дерті» тақырыбында сынып сағаты болды. Тұңғыш елбасымыздың мерекесіне орай «Біздің Елбасы» атты сынып сағатында балалар елбасына, елімізге, жерімізге байланысты ойларымен бөлісті. Сыныбым «Жас қыран» ұйымына ант қабылдап, салтанатты түрде ұйымға мүше болып қабылданды.

16 – желтоқсан тәуелсіздік мерекесіне орай «Желтоқсанда асқақтаған рухы сағынамын» тақырыбында сынып сағаты, 19 – желтоқсан күні «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» салауатты өмір салтына байланысты сынып сағат ұйымдастырылды.

Кез келген мұғалім алдында отырған шәкіртінің білімді, тәрбиелі, жан-жақты ынталы болғанын қалайды. Тәрбие ісін тартымды, ұтымды ұйымдастыру арқылы сатылай, бірізділік пен үздіксіз жетілдіру, тұлғаны белсенді қатыстыра отырып тағылым беру, жасөспірімді заман талабына сай қалыптастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балаларды оқыта отырып тәрбиелеу басты міндетіміз.

І жарты жылдық қорытындысы бойынша кеткен кемшіліктер.

  1. Сынып жетекшілер арнайы курстарға бармадым

  2. Сынып жетекшілермен тәжірибе алмасуым төмен

  3. Мерекелік іс-шараларға ата-аналар толық қатыспайды.

І жарты жылдықтың жұмысын талдай келе, ІІ жарты жылдықта төмендегідей мақсат міндеттер қабылдадым.

Ұсыныстар:

1. Сынып жетекшілердің арнайы курстарға бару, іс-тәжірбиесін таратылуын жоспарға енгізу

2. Сынып жетекшілермен тәжірибе алмасу

3.Ата-аналардың мектеппен сабақтастығын нығайту

4.Мерекелік іс-шараларға ата-аналарды толық қатыстыру.


ІІ жарты жылдық 2017 жылы «Табиғат – менің өз үйім» атты тақырыпта сыныпы сағатын өткізді. «Ыстық орындық иесі» топтық жарыс. Оқушыларға 17 - қаңтарда «Еліміздің жүрегі - Астана» атты сынып сағаты өткізілді. 24 сәуір «Ұлы жеңіс жасасын» сынып сағатында әрбір ер азамат елін,жерін қорғай білуге міндетті екенін түсіндірілді.

15 мамыр күні «Мен және менің балам»  атты дөңгелек үстел өткізілді.


22 мамыр «Талап-қанат, білім-сұңқар,

Көріп-біліп жеңген тұлпар» білім сайысы болып сынып оқушылары һзара білімдерімен сынасты. 1 «а» сыныбы жыл ішінде осындай іс – шаралар өткізіп жазғы демалысқа шықты. Демалыс уақытында мектеп алды лагерьге қатысады.




Сынып жетекші: Сейіткерова Ә.Ж.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!