400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Тәрбие басы - өз тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілік санатымды растау үшін+
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТӘРБИЕ БАСЫ – ӨЗ ТІЛІҢ

Қасиет пен құт дарытқан ана тілі

Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамыту, таза сөйлеуге үйрету, арқылы ғалымдар ілімін дәріптеуге дағдыландыру, өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Газет тіл тарихы –ел тарихы», суреттер

Әдіс –тәсілі: Мақал –мәтел сайысы, ой толғау, ән айту, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Сабақ барысы: Әнұран орындалады.

Мұғалім: «Мен қазақпын» Ж.Молдағалиев

Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл –ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. «Тіл –құрал»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқан. Тіл арқылы біз бір –бірімізбен сөйлесеміз, ара қатынасқа түсеміз араласамыз. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл, емес пе?!

Мұғалім:

Ата –анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Сол туған тіл атауы,

Ежелгі біздің қазақ тіл.



Оқушы: Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ сияқты .

(Ғ.Мұстафин)

Оқушы: Сөзі жоғалға халықтың өзі де жоғалады.

(А.Байтұрсынов)

Оқушы: Әр халықтың ана тілі –білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді, мәдениетті болсын.

(А.Жұбанов)

Оқушы: Қазақ тілі –бай тіл, оралымды, ырғақты теғеу –бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін.

(Ғ.Мүсірепов)

Мұғалім:

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С.Торайғыров)



Оқушылар өз шығармашылығының жүрек жарды өлең жолдарын арнайы «Тілім менің».

«Тілім» дейсің жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

«Ана тілі»

Ана тілін білмеген,

Өмірден құр қалады.

Ақылды құлаққа ілмеген,

Алаулы отқа жанады.

Мұғалім:

Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

Тіл тікенді де алалы.

Тілге әр күн мейрам,-дегендей оқушыларға мақал-мәтел сайысына кезек береміз.

Оқушы:

Бас ойлағанда -тіл тыныстайды

Қырғи тіл-қиыр қылыш.

Оқушы:

Жылы сөз жүректің кілті

Сауысқан тілінен татады.

Оқушы:

Тіл-ақылдың малайы.

Икемді тіл-инеден өткір.

Оқушы:

Ақылсыз мен білем деп көп сөйлеген,

Ақылды - сөзді үнемдеп, дөп сөйлеген,

Ауыз – аймақ,

Тіл – тайғақ.

Оқушы:

Құлақ екеу, тіл жалғыз,

Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.

Сүйдіргенде – тіл,

Күйдіргенде – тіл.

Оқушы:

Қылыш бірді жайратар,

Тіл мыңды жайратар.

Жұмсақ тіл жолбарыстан түлкі жасар.

Мұғалім:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылғы қаңтардың 20-күнгі Жарлығына сай жыл сайын қыркүйектің 22 – күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде Республика көлемінде аталатынын білесіздер. Қазақ тілі мемлекеттік тіл құдыретін тұғырына қондырудағы игі істер жалғасына табуда.































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі