“Тәрбие басы - тіл”

Тақырып бойынша 23 материал табылды

“Тәрбие басы - тіл”

Материал туралы қысқаша түсінік
“Тәрбие басы - тіл” атты мерекелік сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы









Балдәурен” ересек тобы





Тіл мерекесіне арналған тәрбие сағаты:

Тәрбие басы - тіл”



















Тәрбиешілер: К.Н.Нурбекова









Өскемен, 2024жыл


Тақырыбы: Тәрбие басы -тіл!
Мақсаты:
 Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.

Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, электронды қаз
ақ үй.

Әдіс-тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап, алдын ала жұмыстар.

Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын!Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! Досымыз көп болсын! Балабақшамыз жайнап тұрсын! Нанымыз көп болсын!
Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тәрбие басы- тіл»,-деп бастайық.                                          -Біз  қай мемлекетте тұрамыз ?                                                                             ---ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?
-қазақ тілі
Еліміздің  әнұранын  орындайық.                                                                                  Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы қандай 
тақпақ білесіңдер?
Әдемі :Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Асылжан: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.                                                                                        

Мирас:Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.                                                                         

Алижан:Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Асқар:Сәлем бердім, саған елім,                                                                                     

Тал бесігім, туған жерім.                                                                                             

Сәлем бердім бәріңізге                                                                                                

Қазақ тілі» - дегендердің                                                                              

Алихан:Тәуелсіз Қазақстанның,                                                                                  

Бал тілді бүлдіршінімін.                                                                                            

 Мерекесін тілімнің,                                                                                         

Тойлаушының бірімін.                                                                               

Айнара:Қазақстан халқының,                                                                                     

Қазақ тілі – тірегі.                                                                                                 

Ана тілде айтылар,                                                                                                         

Ән ұраны – жүрегі.                                                                                                          Айсұлтан:Өсірген  ой – білімді
Сүйем туған  тілімді
Мақсат  етем  әр сөздің
Мәнін  терең  білуді.
Аяла:Қазақстан   халқының,
қазақтың    тірегі.
Ана  тілде  айтылар,
Әнұраны   жүрегі                                                                                       
Кәусар:Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам 
тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!

Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Тіл тас  жарады,
Тас  жармаса бас жарады.
Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.                                                                                                 

Өнер алды — қызыл тіл.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Би: «Қара жорға»
Жұмбақ шешу:
Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)
-Балалар,бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі