Тәрбие басы – тал бесік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие басы – тал бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тәрбие басы- тал бесік» дөңгелек үстел Мақсаты : Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып, пікіралмасу, ой бөлісу. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту. Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар, оқушылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғабас

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

«Алғабас орта мектебі» КММ-сі









«Тәрбие басы – тал бесік»

Ата-аналармен жұмыс





















Өткізген:Карымбаева А.К.



2017-2018 оқу жылы







Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Алғабас ауылы

«Алғабас орта мектебі»КММ

Карымбаева Айгүл Қожақанқызы

химия пәні мұғалімі,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



«Тәрбие басы- тал бесік» дөңгелек үстел

Мақсаты : Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі туралы

мағлұматтар бере отырып, пікіралмасу, ой бөлісу. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамыту.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар, оқушылар

шығармашылығы бойынша көрме.

Өткізу әдісі: дөңгелек үстел

Жүру барысы: 1. Кіріспе сөз. «Тәрбие басы-тал бесік» 2016-2017 оқу

жылында ата-аналармен бірлескен тәрбие жұмыстарына

шолу жасау (слайд арқылы көрсету)

Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу –ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.Жас адамды есті, саналы, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден –бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу – тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі- өнеге көрген бала қайда болса да көрегенділігін көрсетеді. Олай болса, өздеріңізбен отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты ой бөлісіп,пікір алмасып көрейік.

ІІ Негізгі бөлім:

1. Көрініс көрсету ( әр топ бала тәрбиесіне байланысты қойылым көрсету)

2.Әуенді ойлап тап (әр топқа 1 ән, шешуін тауып, 1 шумақ, қайырмасымен айту)

-Музыкалық үзіліс (әр тапсырмадан кейін орындау)

3.Жағдаят шешу.

Бастауыш топ: Сіз үйде тығыз бір жұмыс істеп жатырсыз. Балаңыз өзіне көңіл аударғанын қалайды. Сіз не істер едіңіз?

Ортаңғы топ: Сіздің жанұяңызда үлкен анаңыз бар. Ол кісімен сіздер үнемі келіспей қаласыздар, сондықтан да жанұяда үнемі ұрыс-керіс туындайды. Үлкен кісіге қатты-қатты сөздер айтасыздар. Бұл бала тәрбиесіне әсер етеді деп ойламайсыз ба?

Жоғарғы топ: Бүгін балаңыздың сыныптасының туған күні еді. Соған оқушылар жиналып, ауылдан ұзақтау жерге табиғатқа шықпақшы болды. Сіздің ұлыңыз машинамен алып шықпақшы болып сыныптастарына уәде беріп кетті. Сізге осы жағдайды айтып машинаңызды беруді сұрады. Сіз не істер едіңіз?

4 тапсырма: 3 топқа ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

Бастауыш топ: Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

Ортаңғы топ: Сенен ешқандай жақсылық шықпайды

Жоғарғы топ: Неге сен басқа балалардай емессің?

5 тапсырма: «Аяқталмаған сөйлем»

Бастауыш топ: - Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...................

-Егер балаға үнемі күлсе, .............

Ортаңғы топ: - Егер баланы үнемі сынап отырса, ....................

-Егер бала төзімділікте өссе, .................

Жоғарғы топ: - Егер бала кекшілдікте өссе,..............

-Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, .........

6 тапсырма: әр топқа сұрақтар бойынша «Ассоциация» жазуға тапсырма

Бастауыш топ: «Бала деген кім?» (гүлдің бейнесін келтіру)

Ортаңғы топ: Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейсіз? (Тікенек бейнесі)

Жоғарғы топ: «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз? (күн бейнесі келтіру)

7 тапсырма: Қорытынды түйінді сөз беру, ойларын қорытындылау.

Бастауыш топ: «Отбасы»

Ортаңғы топ: «Тәрбие»

Жоғарғы топ: «Адамгершілік»

ІІІ. Қорытынды бөлім.

1.«Баланың бас ұстазы ата-ана» - оқушылар шығармасынан үзінді

2.«Оқушылар мен ата-аналардың қарым-қатынасы» анкета сұрақтарының қорытындысы. ( психолог)

3.Ата-аналарға арналған жадынама ( интерактивті тақта)

Қадірлі ата –ана, отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып жерге қаратпасын десеңіз балаға кішкентайынан түзу тәрбие беріп,бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын бірлесе тәрбиелей берейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаға бірдей талап қойылса, ұл –қыздарымыз жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1052
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі