400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тәрбие-білім беру процесінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Слайд - 1 Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек ешқашан қате­леспейміз. Барлық білім­нің бастауы – балабақшада. Ерте жас кезеңі – баланың барлық психикалық процестерінің дамуының маңызды кезеңі болып табылады, әсіресе сөйлеу қабілеті дамуында. Баланың сөйлеу тілін дамыту ересектермен тығыз байланыс орнатудың нәтижесінде жүзеге асады.

Слайд -2 Сөйлеу тілі баланың барлық қабілетінің: қарым- қатынасқа түсу, тану, білу, меңгеру, танымдық-зерделеу және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Бұл байланысты орнатуда баланың сөйлеу тілінің дамуының өзекті мәселесін шешуде мектепке дейінгі ұйым педагогының  әрекеті маңызды. Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеті –әр жас кезеңіне сәйкес қалыпты жағдайдағы сөйлеу тілінің дамуы мен ерекшелігін және коммуникативті қабілетін білу керек.

Бала­лар­дың сөйлеу тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды тәжірибе барысында педагогтарымыз бен тәрбиешілеріміз күнделікті қызмет барысында қолданады. Тәрбиеленушілеріміздің өз ана тілінде сөйлесуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөйлем құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына аса көңіл бөлінеді.

Слайд -3 Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин да балаларды оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болсада еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», – деген. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады.

Слайд 4-5 Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін  біздің ба­ла­бақ­шамызда балаларға білім беруде барлық жағ­дай қарастырылған. Бөбекжай –бақшамыздың әр жас ерекшелік топтарында дамыту орталықтары безендіріліп, балалардың қол жетімді тұстарында орналасқан.

Педагогтарымыздың кадрлық құрамы-39, жоғары білімді, 26 педагог, арнайы орта білімді -13, жоғары мектепке дейінгі біліммен – 9.

Слайд -6 Балалардың коммуникативтік сөйлеу тілін дамыту бойынша 2019 -2020 жылғы жылдық жоспарымыздың міндеттерінің бірі тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіруде, ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамытуға бағытталды. Осы жоспарланған жылдық міндеттерге сай бөбекжай –бақшамыздың педагогтары Балгабаева мен Нурахметова «МДТ сауат ашу оқу қызметін өткізу әдістемесі», Ертішбаева мен Дусмагамбетова «Баланың тілін дамытуға арналған ойындар» тақырыбында семинар практикум өткізсе, музыка жетекшісі Айткулова «Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде музыкалық ойынның маңызы», Сулейменова «Мектепке дейінгі жастағы баланың тілдік даму ерекшеліктері» тақырыбында кеңес берді.

Баланы балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген оқу қызметтерінің көп уақыты балалардың тілінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалады.

Слайд 7-9 Балалардың ана тілінің барлық дыбыстарын анық айтуға, дыбыстың орнын анықтауға, аталған дыбысқа сөз ойлау, сөздерге сөйлем құратуға, 2-3 дыбыстан тұратын сөдерге дыбыстық талдау, буынұйқас ойлап табу мақсатында Ибраева М.А сауат ашу оқу қызметін «Кішкентай сауаттылар» тақырыбымен, Сөйлеуді дамытудан Актубекова Б.Н. «Салт дәстірім, асыл-қазынам» қазақ халқының салтын, әдет- ғұрыпын, кішіпейілділік пен қонақ күту бойынша өткізсе. Ибраева «Ертегі әлемінде» тақырыбымен ертегі кейіпкерлерін тәрбиеленушілердің қоюымен жандандырды. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын берді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттерін қалыптастырды. Усенова тәрбиеленушілеріне «Түлкі мен тырна» ертегісін сахналатып, кейіпкердің бейнесін сомдатып, тілдік қорларын дамытты. Бөбекжай – бақшамыздың барлық топтарында шағын сахна және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес саусақ, көлеңке, қасық, суретті картиналар, конус, фланелеграф театр түрлерімен жасақталған.

Слайд -10 Сахна ойындары: оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады, кейіпкерді сөйлете отырып, тәрбиеші балаларға қайталату арқылы үйретіп, сөздік қорларын арттырады. Ертегі мазмұнына сәйкес кейіпкерлерге, яғни рөлдерге бөліп драматизациялау, қуыршақ, көлеңке, үстел үсті, саусақ театрлары – балалардың асыға күтетін нәрсесі болып табылады. Осындай жұмыс түрлері арқылы сәбилердің байланыстырып сөйлеуді дамиды, сөз қоры молаяды, әртістік қабілеті жоғарылайды. Осындай театрлық қойылымдарды жүзеге асыру мақсатында балабақшамыздың әр жас ерекшелік топтары мен мерекелік қойылымдарға арналған кейіпкер костюмдерімен қамтылған.

Слайд -11 Бөбекжай –бақшамыздың орыс , ағылшын тіл мамандары балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында Каримсакова, Нургазина, Садикова тәрбиешілермен қосылып «Сөз мерген», «Дарабоз», «Үш тілдің патшалығы» тақырыбында интелектуалды ойындарын өткізді. Ойын барысында балалардың сөйлеу тілін жетілдіру мақсатында жұмбақ, жаңылтпаш, сурет арқылы сөйлемді жалғастыр, капитандар жарысы сияқты тапсырмалар алынып, балалардың тілді меңгеру, байланыстыра сөйлеу қабілеттерінің деңгейі анықталды. «Қызыл телпек», «Үш торай» , «Мақта қыз» ертегісінің қойлымын көрсетті. Әр бала өзіне жүктелген кейіпкер рөлін, интонация ырғағын келтіріп ойнап шықты. Баланың бойында кейіпкерге деген жанашырлық сезімі қалыптасты.

Баланың тілін дамытуда өтпелі тақырыптарға сай тәрбиешілеріміз тіл ұстарту жаттығуларын пайдаланады. Мысалы: Ыс – ыс – ыс, Келіп жетті қыс. Ар – ар – ар, Жауады қар. Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз. Ран – ран – ран, Соғады боран.

Слайд -12 Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең, тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап, бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.

Саусақ ойындарын бөбекжай –бақшамыздың барлық тәрбиешілері таңертеңгі қабылдау барысында, шығармашылық салалар қызметінде және күннің екінші жартысында кеңінен қолданады.

Слайд -13   Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай - ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс - әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Тәрбиешілеріміз баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар т.б ойындарды оқу қызметтерін бекіту, үйрету мақсатында кеңінен қолданады. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

Слайд -14 Сюжетті – рөлдік ойындар баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін, өзара сөйлесу дағдыларын дамытады. Рөлдік ойындар балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын сюжетті ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Слайд -15 Біздің ана тіліміз-қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты бөбекжай –бақшамызда «Ертегілер әлемінде» атты 3-4 жастағы балаларға арналған дамытушылық бағдарламасы 36 сағаттық. /Құрастырушы Жанғон А.С./ мектепалды даярлық топтарына арналған «Қазақ ертегілер театры» атты дамыту бағдарламасы 5-6 жастағы балаларға арналған - 36 сағаттық. Құрастырушылар - / Самратова Г.А, Сулейменова А.А, Нигметжанова, «Менің туған өлкем» -36 сағат,/ СыздыковаА.Ғ лицензиялық жұмыстары вариативтік компонент ретінде оқу жоспарына сай күннің екінші жартысында өткізіледі.

Өтпелі тақырыптарға сай тәрбиешілер апталық циклограммаға сөздік жұмыстар жоспарлап, сол сөздік бойынша тәрбиеленушілеріміздік сөздік қорына жаңа сөздер енгізеді.

Слайд -16 Тәрбиеленушілеріміз бен ата –аналар, тәрбиешілер арасында тығыз қарым –қатынас орныққан. Баласының жақсы жетістіктері мен ана тіліде шығарма,ауызекі сөйлеу тілінің дамып келе жатқандығын көріп,ата –аналарымыз алғыстарын айтып, сайыстарға қатысып отырады. Қалалық «Тәуелсіздік ел тұғыры» мәнерлеп оқу сайысында тәрбиеленушіміз Төретай Дария І орынды жеңіп алды. «Белес» өнер орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 мерейтойында видео байқауына бақшамыз бойынша 12 тәрбиеленушіміз І орын, «Ертегілер мен кейіпкерлер» республикалық олимпиадасына 15 тәрбиеленушілеріміз ІІ орын жүлдегерлері атанды.

Слайд -17 Жыл бойы тәрбиешілеріміз халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық бұқаралық ақпараттық басылымдарға мақалалар жариялап, өз тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Самратова Г «Қазақ ертегілерінің мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне әсері» тақырыбында Қостанай Дарыны кітабына, Сулейменова.А «Мен –жаңашыл педагог» Қостанай дауысы газетіне, Актубекова Б «Жаңашылдықты бірге үйренеміз», Жанғон «Абай-халық данасы» Учительская плюс газетіне, Нигметжанова Г «Қазақ ертегілер театрын қолданудамыз» Білім инфо сайтына, Айткулова А «Тәлім тәрбиенің бастауы –отбасы» Учительская плюс газетіне, Самратова «Тәрбиеші болу бақыт» тақырыбында Отбасы және балабақша журналына жариялым жасады. № 61 бөбекжай – бақшасы мен барлық мемлекеттік тілде тәлім – тәрбие беретін балабақшалардың бір басты проблемасы ол ата -аналардың өз ана тілінде сөйлемейтіндігіне байланысты тіліміздің кенжеленіп бара жатқандығы., Сондықтан алдарымызға келген жас тәрбиеленушілерімізді мектепке дейінгі мекемеден бастап, қазақша мақалдар мен жаңылтпаштарды, аңыз ертегілерді, дидактикалық , драматизациялық, шығармашылық, сюжеттік ойындарды күн тәртібіне сай тиімді қолдану. Сөзімді қорытындылай келе қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсариннің «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болсада еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» деп аяқтағым келеді.






«Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№61 бөбекжай-бақшасы» МКҚК»



















«Тәрбие-білім беру процесінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту»













Орындаған:Н.С.Алпысбаева



















Қостанай, 2020жыл



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі