400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие есебі жылдық

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылындағы 9«Ә» сыныбының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі 9 «Ә» сыныбында оқу жылының басында 30 оқушы болды.Жалпы оқушы саны 30, оның ішінде қыздар саны – 13, ұлдар саны – 17. Үлгермейтін оқушы жоқ. 4 тоқсанды білім сапасы 60% пайызбен аяқтады. Оқу жылының басында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында, сынып ішінде Оқуға құштар бұрышы жасалынды. Және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұрыш» жасалынды. 2023-2024 оқу жылында жыл бойында сынып оқушыларын еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз Отанын құрметтеуге, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие құндылықтарының 3 бағыт бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді. Жоспарларланған тәрбие жұмыстары уақытылы өткізілді. Атап айтсақ: 1. Ұлттық мүдде Мақсаты: Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл және Мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін Елінің тарихын құрметтейтін ,ұлттық мәдениетті дәріптейтін, Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосат
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023-2024 оқу жылындағы 9«Ә» сыныбының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі

9 «Ә» сыныбында оқу жылының басында 30 оқушы болды.Жалпы оқушы саны 30, оның ішінде қыздар саны – 13, ұлдар саны – 17. Үлгермейтін оқушы жоқ.

4 тоқсанды білім сапасы 60% пайызбен аяқтады.

Оқу жылының басында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында, сынып ішінде Оқуға құштар бұрышы жасалынды. Және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұрыш» жасалынды. 2023-2024 оқу жылында жыл бойында сынып оқушыларын еңбексүйгіштікке, адалдыққа, өз Отанын құрметтеуге, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие құндылықтарының 3 бағыт бойынша тәрбие жұмыстары жүргізілді. Жоспарларланған тәрбие жұмыстары уақытылы өткізілді. Атап айтсақ:

  1. Ұлттық мүдде

Мақсаты:

Отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл және Мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін Елінің тарихын құрметтейтін ,ұлттық мәдениетті дәріптейтін, Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосатын, қоғам игілігі үшін қызмет ететін, ұлттық мұраға ұқыпты қарайтын, Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болатын,Ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптеп, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары бағалайтын азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу.Осы мақсатқа сәйкес 9 «Ә» сыныбында «Тіл тазалығы», «Ахмет Байтұрсынов-Ұлт ұстазы», «Құқық басты-міндет», «Елім деп соғар жүрегім», «Рәміздер-мақтанышым», « Алаштың сөнбес жұлдызы-Мағжан Жұмабаев»,«Спандияр Көбеевтің -165 жылдығы», «Оралхан Бөкейдің сара жолы», «Қазақ киносының саңлағы-Шәкен Айманов», «Қожа Ахмет Яссауи -930 жыл», «Туралықты тұғыр еткен –Төле би», «Рәміздерім-мақтанышым», «Ескерткіштерге тағзым», «Өз құқығыңды білесің бе?» «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» , «Терроризм және экстремизм зардаптар», «Вандализм-ұлттық мәселе»,тақырыптары бойынша сынып сағаттары өткізілді.

16 наурыз күні 9 сыныптар арасында «Ұлыстың қадам басқан ұлы күні» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар іс-шараға белсенділікпен қатысты. Іс-шарада ұлттық ойындар асық ату,арқан тартыс,гир көтеру сынды сайыстарға қатысты. Іс-шара соңын «Қара жорға» биімен қорытындылады.





  1. Ар-ұят

Мақсаты: Ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын,ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, өзінің,отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезінетін, ісіне адал болатын, адал еңбекті құрметтейтін, шешім қабылдай білетін және жауапкершілікті сезінетін Отбасының, өз ортасының абыройын асыратын, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болып, мейірімділік танытатын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін ұрпақты тәрбиелеу. Осы мақсатқа сәйкес 9 «Ә» сыныбында сынып сағаттары өткізілді. Атап айтар болсақ, «Адалдық -ардың ісі» «Алғыс айту күні», «8-Наурыз», «Ұлт-достығы басты қазынамыз», «7 мамыр-Отан қорғаушылар күні», «Білімім-Отаныма» атты сынып сағаттары өткізілді.

3.Талап

Мақсаты: Жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін,қоршаған орта тазалығын сақтайтын, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлай білетін, жеке және командамен жұмыс істей білетін, технологиялық және цифрлық дағдыларды білетін, білуге, жаңаны тануға құштар болатын,ақпараттық,ізденімпаз, жасампаз тұлғаларды қалыптастырып,сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Осы жоспарға сәйкес, 9 «Ә» сыныбында «Дені саудың жаны сау», «Телефонның зияны мен пайдасы» осы тақырып бойынша 9 «Б» сыныбымен дөңгелек үстел өткізілді. Және осы екі сынып бірігіп, «Буллинг зардаптары» дебат өткізілді.

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Ғасыр қасіреті-ЖТҚБ»,»Кибербуллингтің зардаптары», «Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану» атты тақырыптарға сынып сағаттары өткізілді.

Және «Өз ағашыңды ек» акциясы жобасы аясында сынып оқушылары өз ағаштарын отырғызды,көшеттерін отырғызып,оларды қалай баптау керектігі жайлы мәліметтермен таныстырылды.


Әр тоқсан соңында ата-аналар жиналысы өткізіліп,қорытындылар жасалынып,қауіпсіздіктер ескертіліп отырылды.



Сынып жетекшісі: Кауынбаева Г.К









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
26.05.2024
1016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі