Тәрбие жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша жасалған тәрбие жоспары (үлгі)
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІ» МКҚК







Педагогикалық кеңесте қабылданған

(хаттама №1  29.08.2024 ж.)


БЕКІТЕМІН

Колледж директоры

___________ Г.Тагаева

«29» тамыз 2024 ж.




2024-2025 оқу жылындағы

КОЛЛЕДЖДІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ

ЖОСПАРЫ













Шымкент, 2024 жыл

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,

тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»

Әл-Фараби.


МИССИЯ:

БІЛІМДІ, БІЛІКТІ, БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЙЫНДАУ.


І.ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:


Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз

жас ұрпақ , ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету,толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық

саясатының басты бағыттарының бірі.Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беруұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының жоспары - «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» ұлттық, адами құндылықтарға негізделген.

Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

  • Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

  • Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  • Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

  • Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу

Күтілетін нәтижелер:

  • Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызынбағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді

  • Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

  • Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенгеқұрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

  • Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

  • Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.


ІІ.ТӘРБИЕ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУҒА ҚАЖЕТТІ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:

пргорр

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011 жыл;

4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8тамыздағы Заңы;

5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018жылғы № 169-VI Заңы;

7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі Заңы;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

9)

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 1қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.

11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру»жобасы;

12) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы;

14) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 09 ақпандағы №285 заңы;

15) «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «06» сәуірдегі № 130 бұйрығы;

16) Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заң;

17) «Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің № 726 қаулысы;

18) «Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығы







2024-2025 оқу жылында іске асырылатын жобалар:



ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

1. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы №194 бұйрығымен бекітілген «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» семинар;

2. «Құндылықтарға бағытталған тәрбие қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру» дөңгелек үстел


І. «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы жобасының жетекшісі- Шәмшімұхамедова Айнур;

ІІ. «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жобасы жетекшісі-Ташкулова Карлығаш, Сәруәр Аққыз;

ІІІ. «Өзін-өзі басқару» ұйымы жобасының жетекшісі-;

ІV. «Саналы ұрпақ» клуб жетекшісі – Әлібек Гулмарал;

V. «Жастар комитетінің инструкторы» - Сәруәр Аққыз.




2024-2025 оқу жылында іске асырылатын модульдер:



      • Қыркүйек - «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК» айы;

      • Қазан - «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» айы;

      • Қараша - «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК» айы;

      • Желтоқсан -«БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» айы;

      • Қаңтар - «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы;

      • Ақпан - «ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛЫҚ» айы;

      • Наурыз - «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» айы;

      • Сәуір - «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК» айы;

      • Мамыр - «БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» айы;

      • Маусым - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛЫҚ» айы.








2024-2025 оқу жылындағы «Апта дәйексөздері»:

      • Қыркүйек – І апта «Білім қымбат қазына, қанағат тұтпа азына»;

ІІ апта «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім»;

ІІІ апта «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»;

ІV апта «Еңбек- жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы».

  • Қазан – І апта «Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың!;

ІІ апта «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!

ІІІ апта «Отанды сүю – отбасынан басталады!»

ІV апта «Отаным алтын бесігім».

      • Қараша – І апта «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!»

ІІ апта «Тура биде туған жоқ!»

ІІІ апта «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»

ІV апта «Әділетте берік болсаң аяғың таймайды!».

      • Желтоқсан – І апта «Бірлігі күшті, ел озады»;

ІІ апта «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді»;

ІІІ апта «Бірлік болмай, тірлік болмас»;

ІV апта «Ынтымақ бұзылмайтын қорған».

      • Қаңтар – І апта «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК» айы;

      • Желтоқсан -«БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» айы;

      • Қаңтар - «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы;

      • Ақпан - «ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛЫҚ» айы;

      • Наурыз - «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» айы;

      • Сәуір - «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ПЕН КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК» айы;

      • Мамыр - «БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» айы;

      • Маусым - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛЫҚ» айы.



Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!


Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, формалары мен нысандары:


І. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН ААЗАМАТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ,ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

ІІ. РУХАНИ ТАНЫМДЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.


ІІІ. ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.


ІV. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.


V. ЕҢБЕК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.


VІ. КӨПМӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Мақсаты: Тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.


VІІ. ЗИЯТКЕРЛІК ТӘРБИЕ, АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТӘРБИЕЛЕУ

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.


VІІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мақсаты:Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.




Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары



  1. Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие


Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.


Міндеттері:

Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;

ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;11 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;

өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» алғашқы білім күні.

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары, ұйымдастырушы -педагог

қыркүйек

2

Колледж жарғысы және ішкі тәртіп ережесімен топтарды таныстыру.

Тәрбие сағаты

ДТЖЖ орынбасары

Топ жетекшісі

қыркүйек

3

« Адалдық – асыл қасиет» тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты

Топ жетекшісі

қыркүйек

4

«Жолда жүру ережесін білесің бе ?»

(«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы)

Тәрбие сағаты

ДТЖЖ орынбасары

Топ жетекшісі

қыркүйек

3

«Қазақстан-құт мекенім»

Тәрбие сағаты

Топ жетекшісі

қыркүйек

4

«Ұлы дала перзентімін»

(«Еңбегі адал жас өрен»жобасы)

Тәрбие сағаты

Жастар комитеті

Топ жетекшісі

қазан

5

«Ақырын жүріп анық бас»

Тәрбие сағаты

Топ жетекшісі

қазан

6

«Пайда ойлама, арды ойла!»

(«Еңбегі адал жас өрен»жобасы)

Тәрбие сағаты

Комплеанс офицер

Топ жетекшісі

қазан

7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған студенттердің, ұстаздардың қатысуымен «Саналы ұрпақ» клубтарының іс-шарасын өткізу

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Іс-шара

Комплеанс офицер

Топ жетекші

қазан

8

«Кәмелетке толмағандарар асындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдыналу туралы» заңды негізге ала отырып профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Педагог-психолог

Әлеуметтік педагог

Үнемі

9

Колледж студенттері командалары арасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық ойындар өткізу.

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

«Жас сарбаз» әскери ұйымының жетекшісі

Жоспарға сәйкес

10

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында «Жеңіс ұландары» атты челленджін өткізу.

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

«Жас сарбаз» әскери ұйымының жетекшісі

мамыр

11

Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне естелік, саяхат сабақтарын өткізу.

Тәрбие сағаты

ДТЖЖ орынбасары

«Жас сарбаз» әскери ұйымының жетекшісі

мамыр

12

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің туым» атты республикалық акция өткізу.

Тәрбие сағаты

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

Көркемдік жетекші

маусым

13

Құқықтық тәрбие беру айлығы аясында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Іс-шара

Жастар комитеті

Топ жетекшісі

үнемі

14

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған

іс-шараларды өткізу.

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

желтоқсан

15

Бопсалау фактілерін анықтау мақсатында колледж студенттері арасында әлеуметтік сауалнама өткізу

Сауалнама, анкета

ДТЖЖ орынбасары

Әлеуметтік педагог

үнемі

16

«Тәрбие мен білім – егіз» атты ата-аналар жиналысын ұйымдастыру

жиналыс

ДТЖЖ орынбасары

Топ жетекші

Жоспарға сәйкес

2. Бағыты: рухани-адамгершілік тәрбие


Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани- адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

Мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына;12 діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға;түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Үнемі оқитын адам – табысты адам»

(«Балалар кітапханасы» жобасы)

іс-шара

«Оқуға құштар колледж» жобасының жетекшісі Топ жетекші

желтоқсан

2

«Парасаттылық туралы»

(«Оқуға құштар мектеп» жобасы)

Іс-шара

«Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшісі

Топ жетекші

қаңтар

3

«Мақал сөздің азығы,

жұмбақ – ойдың қазығы»

(«Балалар кітапханасы» жобасы)

Тәрбие сағаты

«Оқуға құштар колледж» жобасының жетекшісі Топ жетекші

ақпан

4

«Тарихқа тағзым»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

Топ жетекші

ақпан

5

Сен және Заң» («Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

ақпан

6

«Мың алғыс, ...»(«Балалар кітапханасы» жобасы)

іс-шара

«Оқуға құштар колледж» жобасының жетекшісі Топ жетекші

наурыз

3. Бағыты: Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Туған елге-тағзым

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

қыркүйек

2

Абайдың «Толық адам» ілімін насихаттау

Сыныптан тыс іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Топ жетекші

қазан, ақпан

3

«Бабалар салған ізімен...»

(«Төрт тоқсанға төрт шара» жобасы)

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

қараша

4

«Ұлттық ойындар»

«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы

Тәрбие сағаты

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Топ жетекші

қараша

5

«Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

Көркемдік жетекші

желтоқсан

6

«Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!»

Іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педаого

Көркемдік жетекші

желтоқсан

7

«Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі» («Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы)

іс-шара

ДТЖЖ орынбасары, ұйымдастырушы -педагог

желтоқсан

8

Туған өлке ақындарының шығармалары

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Топ сағаты

топ жетекші

қаңтар

9

«Ізгіліктің бір ізі - алғыс айту»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

іс-шара

ДТЖЖ орынбасары, ұйымдастырушы -педагог

наурыз

10

«Ұмыт болған ұлттық тағамдар»

(«Ата-аналар

мектебі» жобасы)

Топ сағаты

ДТЖЖ орынбасары, ұйымдастырушы -педагог

сәуір

11

«Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

тәрбие сағаты

Топ жетекші

мамыр

12

«Адамдық борыш ар үшін»

(«Оқуға құштар мектеп» жобасы)

топ сағаты

«Оқуға құштар колледж» жобасының жетекшісі Топ жетекші

мамыр

13

«Жеңіс деген шат күлкісі баланың»(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

топ сағаты

Топ жетекші

мамыр


4. Бағыты: Отбасылық тәрбие

Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Міндеттері:

Этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

Менің отбасымның құндылықтары

(«Менің отбасымның өмірлік жолы» жобасы)

Тәрбие сағаты

топ жетекші

11-14 қыркүйек

2023 жыл

2

«Отбасылық дәстүрлер» («Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы)

Сыныптан тыс

Ата-ана жиналысы

ДТЖЖ орынбасары

топ жетекші

қыркүйек, қараша

3

Отбасы күніне арналған іс-шара

(«Тоғыз айға тоғыз шара» жобасы)

Сынып сағаты

Топ жетекші

қыркүйек

4

«Қыз намысы ұлт намысы»

(«Ата-аналар мектебі» жобасы)

Аналар мектебі

«Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі

Топ жетекші

желтоқсан

5

«Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен» («Ата-аналар мектебі» жобасы)

Әкелер клубы

«Жас сарбаз» әскери ұйымының жетекшісі Топ жетекші

қаңтар

6

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды» («Ата-аналар

мектебі» жобасы

Топ сағаты

Топ жетекші

наурыз

7

«Әкелер күні» халықаралық мерекесі шеңберінде «Менің әкем жақсы адам» («Ата-аналар

мектебі» жобасы)

топ сағаты

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

Көркемдік жетекші

сәуір

5. Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие


Мақсаты:
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту


Міндеттері:.

мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;

экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

кәсіби білім мен өнімді еңбекке; нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;

еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Еріктілер ұйымын құру» («Еңбегі адал жас өрен»жобасы)

Сынып сағаты

Жастар комитеті

Топ жетекші

қыркүйек

2

«Төл теңгенің тарихы»

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

қараша

3

«Мен - еріктімін» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

Топ сағаты

Жастар комитеті

желтоқсан

4

«Экологиялық калейдоскоп»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы

іс шара

Жастар комитеті

Топ жетекші

наурыз

5

«Менің гүлзарым»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

іс шара

Топ жетекші

мамыр

6. Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу


Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Міндеттері:.

өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;

сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;

зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;

Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру;

Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

Су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған

«Үнемділік инноваторы» («Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

топ сағаты

топ жетекші

қараша

2

«Тарих пен тіл тамырлас»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

Топ сағаты

топ жетекші

желтоқсан

3

«Атадан-өсиет, анадан-қасиет»

( тыйым сөздердің мағынасы)

Тәрбие сағаты

топ жетекші

қаңтар

4

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық

сауаттылығын қамтамасыз ету. Кибербуллинг туралы ескерту

Ашық ақпараттық сабақ

Жастар комитеті

Топ жетекші

ақпан

5

«Медиа time»

(«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы)

топ сағаты

Топ жетекші

мамыр


7. Бағыты: көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

Міндеттері:.толеранттық және ғаламдық пікірге; көпмәдениеттілік және көптілділікке; мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке; қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына;қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Ұстаз! Сіздің алдыңызда.....»

(«Оқуға құштар мектеп»жобасы)

Іс шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

Көркемдік жетекші

Топ жетекші

қазан

2

«Достық көмекпен мықты»

(«Еңбегі адал жас өрен» жобасы)

топ сағаты

Жастар комитеті

Топ жетекші

наурыз

3

«Үлкенге құрмет,кішіге ізет»

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

наурыз

4

«Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы»


Іс шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педагог,

Көркемдік жетекші

Топ жетекші

наурыз

5

«Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі» («Ата-аналар мектебі» жобасы)

сынып сағаты

топ жетекші

сәуір

6

«Көп ұлтты, тату елім - Қазақстан»


Тәрбие сағаты

(1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Іс шара

ДТЖЖ орынбасары

Ұйымдастырушы-педаого

Көркемдік жетекші

Топ жетекші

мамыр

7

«Жеңіс күні! Мәңгі ұмытылмас күн!»

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

мамыр

8. Бағыты: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Міндеттері:.

денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;

денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез- құлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіру.

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

«Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы»

(«Зиянды әдеттер аулақ бол» жобасы)

Тәрбие сағаты

Топ жетекші

қыркүйек

2

Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес: «Мен спортты таңдаймын апталығы», «Спорт ойындар күні» спорттық акция

Тәрбие сағаты

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Топ жетекші

қыркүйек

3

«Денсаулықтың басты шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, көтеріңкі көңіл күй, күйзеліске түспеу»

іс шара

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Колледж медбикесі

Топ жетекші

қазан

4

«Жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары»

Дебат

Колледж медбикесі

Топ жетекші

қараша

5

Дөңгелек үстелдер, әңгімелер шеңберінде

әртүрлі спорт түрлері бойынша оқушыларды белгілі спортшылармен кездесу ұйымдастыру

іс-шара

ДТЖЖ орынбасары

Жастар комитеті

Топ жетекші

желтоқсан

6

«Салауатты өмір салтын ұстану»

Тәрбие сағаты

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Колледж медбикесі

ақпан

7

«Көңілді спорттар» спорттық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

жарыстар ұйымдастыру

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Жастар комитеті

наурыз

8

Оқушыларға дене шынықтыру- сауықтыру экскурсияларын ұйымдастыру

экскурсиялар ұйымдастыру

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Жастар комитеті

сәуір

9

Спорт ардагерлерімен достық кездесулер (шығармашылық матчтар) өткізу

кездесулер ұйымдастыру

Дене шынықтыру және АӘД» ПЦК

Жастар комитеті

сәуір









Жоспарды түзген А.Д.Тажибаева










Нысан.08.1-01. Басылым 1

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
183
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі