тәрбие жоспары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

тәрбие жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев озық дамыған мемлекет құру өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екендігіне тоқталып, оларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару міндетін қойды. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтар:

  • тәуелсіздік және отаншылдық

  • бірлік және ынтымақ

  • әділдік және жауапкершілік

  • заң және тәртіп

  • еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

  • жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.

Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.

Бағдарламаның мақсаты:

қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

  • отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді

дамыту;

  • табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

  • елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

  • отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

  • өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

  • әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

  • басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

  • өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

  • еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

  • әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

  • білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

  • отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.


Бағдарламаның күтілетін нәтижелері

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі.

Бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар:

  1. «Қамқор» жобасы

  2. «Шабыт» жобасы

  3. «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы

  4. «Ұшқыр ой алаңы» жобасы

  5. «Балалар кітапханасы» жобасы

  6. «SMART BALA»жобасы















Іс шаралар атауы

Аяқтау нысандары

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі


Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

1.«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы,қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 06.04.2020ж№130 бұйрығы

2. «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы»ҚР БҒМ 14.01.2016 ж №26 бұйрғы

3. «Кәмелетке толмағандарлың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережееі бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 31.08.2023 ж№748 қаулысы

4. «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 25.05.2021ж №235 бұйрығы

5. «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жж арналған кешенді жоспар бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 31.08.2023ж №748 қаулысы

6. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 30.07.2024 жылғы №194 бұйрық

ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша қалалық, облыстық, республикалық ғылыми-практикалық семинар конференцияларға қатысу, өткізу.

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

1

Білім күні.

«Мектебім-мейірім мекені»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут)

Сабақ жоспары

Слайд материалдары


Сынып жетекшісі

02.09.


2

«Тіл - алтын қазына»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» (10 минут)

Сабақ жоспары

Слайд

Сынып жетекшісі

09.09


3

«Отбасы –тәрбиенің алтын бесігі»

Қауіпсіздік сабағы «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» (10 минут)

ЖЖЕ Қауіпсіздік сабағы «Көше күтпеген оқиғаларға толы»

Әлеуметтік желіге жариялау

Сынып жетекшісі

16.09


4

«Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады»

Қауіпсіздік сабағы «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану қағидалары» (10 минут)

Еңбек күніне арналған сынып сағаты

Сынып жетекшілері

23.09


5

«Еңбек түбі - береке»

Қауіпсіздік сабағы «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?» (10 минут)

сынып сағаты

Сынып жетекшісі

30.09


Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 Қазан Республикакүні

1

«Ақылды қария – ағынды дария»

Қауіпсіздік сабағы «Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қаңидалары» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

07.10


2

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Қауіпсіздік сабағы «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер» (10 минут)

ЖЖЕ Жаяу жүргінші өтпелері.

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

14.10


3

«Тәуелсіздік жемісі арайлап атқан таңдарым»

республиканы күніне арналған сынып сағаты

республиканы күніне арналған сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы «Отбасылық құпия сөз» (10 минут)

Әлеуметтік желіге жариялау

Сынып жетекшісі

21.10


Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні

1

«Нақты жауап дегеніміз – жауапкершіліктің басы ғана»

Қауіпсіздік сабағы «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

04.11


2

«Қазақтың теңгесі»

Қауіпсіздік сабағы «Су қоймаларындағы қауіптер» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

11.11


3

«Толеранттылық – үйлесімді өзара қарым-қатынас»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

18.11


4

«Әділдік пен жауапкершілік – егіз ұғым»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» (10 минут)


Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

25.11


Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы

5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

1

«Ерікті болу - ерлік»

Қауіпсіздік сабағы «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

02.12


2

«Тәуелсіздік - тірегім»

Қауіпсіздік сабағы «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану қағидалары» (10 минут)


Сынып жетекшісі

09.12


3

«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін»

Қауіпсіздік сабағы «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?» (10 минут)


Сынып жетекшісі

23.12. (16.12)



4

«Жасыл шырша жанында»

Қауіпсіздік сабағы «Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қаңидалары» (10 минут)

ЖЖЕ Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам.


Сынып жетекшісі

23.12


Қаңтар – заң және тәртіп айы

1 қаңтар – Жаңа жыл

1

«Тәртіп тәрбие бастауы»

Қауіпсіздік сабағы «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, сынып жетекшісі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп

13.01


2

«Тәртіп - жеңістің алғашқы нышаны»

Қауіпсіздік сабағы «Отбасылық құпия сөз» (10 минут)


Сынып жетекшісі, мектеп инспекторы

20.01


3

«Заң- тәртіп пен әділеттіліктің негізі»

Қауіпсіздік сабағы «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» (10 минут)


Сынып жетекшісі

27.01



Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

1

«Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны»

Қауіпсіздік сабағы «Су қоймаларындағы қауіптер» (10 минут)

Сабақ жоспар

Сынып жетекшісі

03.02


2

«Кітап – сарқылмас рухани қазына»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

17.02.


3

«Жаңашылдық пен шығармашылық- заман талабы»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

24.02


Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні

1

«Алғыс айту - адамгершілік белгісі»

Қауіпсіздік сабағы «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» (10 минут)

ЖЖЕ Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу.

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі,ата ана

03.03


2

«Аяулы менің анашым»

Қауіпсіздік сабағы «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану қағидалары» (10минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

10.03


3

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»

Қауіпсіздік сабағы «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

17.03



Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттықкітапкүні


1

«Біз таңдаған кітаптар»

Қауіпсіздік сабағы «Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қаңидалары» (10 минут)

Сабақтың жоспары


07.04


2

«Бақытым да, байлығым да денсаулық»

Қауіпсіздік сабағы «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер» (10 минут)

ЖЖЕ Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

14.04


3

«Тарихи ескерткіштер – тәрбие құралы»

Қауіпсіздік сабағы«Отбасылық құпия сөз» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

21.04


4

«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

Қауіпсіздік сабағы «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» (10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

28.04


Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»

Қауіпсіздік сабағы («Су қоймаларындағы қауіптер»10 минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

05.05


2

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» (10минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

12.05


3

«Отан отбасынан басталады»

Қауіпсіздік сабағы «Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?» (10минут)

Сабақтың жоспары

Сынып жетекшісі

19.05


4

«Ынтымақ, Бірлік, Келісім – баянды бақыт ел үшін!»

Қауіпсіздік сабағы «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?» (10 минут)

ЖЖЕ Қорытынды сабақ.

Әлеуметтік желіге жариялау

Сынып жетекшісі

19.05 (күн жетпеуіне байланысты)




















Сыныптан тыс іс-шара



Атқаратын шаралары

Орындау мерзімі

Аяқтау нысандары

1

Мектептің жалпы оқу- тәрбие жұмысының жоспары негізінде сынып тәрбие жұмысының жоспарын жасау.

қыркүйек

Сынып тәрбие жоспары

2

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен нысан бойынша сыныптың әлеуметтік паспортын жасау

қыркүйек

Әлеуметтік паспорт (қағаз, электрондық форматта)

3

Сыныптағы білім алушыларға педагогикалық, әлеуметтік, психологиялық, дене зертеулерін жүргізу

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Талдау материалдары қағаз, электронды форматта

4

Ата-аналармен жұмыс (жиналыстар)

Тоқсан сайын

Жиналыс хаттамалары

5

  • Балалармен сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру;

  • мектепішілік шараларға қатысуын қамтамасыз ету;

  • Республикалық, облыстық, қалалық сайыстарға қатысуын ұйымдастыру;

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Өткізілген шаралар материалдарын жинақтау

6

Психолог мамандармен, әлеуметтік педагогпен, пән мұғалімдерімен байланысты жұмыс жасау

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Байланыс материалдары

7

Мемлекеттік мүдделі органдармен байланыс жұмыстарын ұйымдастыру

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Өткізілген шаралар материалдарын жинақтау

8

Отбасымен байланыс жұмыстары (жеке)

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Байланыс материалдары

9

Сынып жиналыстарын өткізу қажетті жағдайда.

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Хаттамасын жазу

10

Сынып журналына жауапкершілік (Білім класс)

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Сынып журналы электронды

11

Тәрбие жұмысын талдау

Жартыжылдық, жылдық

Талдау материалдары

12

Әдістемелік жұмыстар жүргізу

(Әріптестерінің сынып сағатарына қатысу)

Қажеттілігіне қарай, оқу жылы ішінде

Әдістемелік жұмыс материалдары қағаз электронды фарматта





Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері

Жедел қызметтерге қалай қоңырау шалуға болады?

Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?

Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану қағидалары

Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?

Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қаңидалары

Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақпен эксперименттер

Отбасылық құпия сөз

Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата-аналардың дауыстарымен қоңырау шалу

Су қоймаларындағы қауіптер




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі