Тәрбие жоспары 2025-2026

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие жоспары 2025-2026

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жоспары жоғарғы 8-11 сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны жаңартылды.

Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының басты идеясына айналды.

2025–2026 оқу жылынан бастап бұл бағдарлама «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы (ҚР Оқу-ағарту министрі бұйрығы 26.05.2025ж. №123) (бұдан әрі – Бағдарлама) деп аталатын болады. Бағдарлама бұған дейін іске асырылған бастаманың толыққанды жалғасы болып табылады.

Бағдарлама мақсаты – «Адал азамат» тұжырымдамасының идеалдарына сай, патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру. Жаңа оқу жылында негізгі 6 құндылық бойынша тәрбие бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады: тәуелсіздік және отаншылдық; бірлік және ынтымақ; әділдік және жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық және кәсіби біліктілік; жасампаздық және жаңашылдық. Бағдарлама мазмұнына сәйкес ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Бағдарламаның міндеттері:

  • Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

  • Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

  • Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

  • Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі

жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары

мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

  • Жүзеге асырылуға ұсынылған жобалар:

«Қамқор» – әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Шабыт» – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Ұшқыр ой алаңы» – тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Smart bala» – инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.

«Балалар кітапханасы» – кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.


  • Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым

түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

  • Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Жалпы орта мектеп түлегі:

халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білу.

  • Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Жалпы орта мектеп түлегі:

әлеуметтік, іскерлік және ресми контексте жалпы және ұлттық этикет нормаларын қолдану;

ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді

жауапкершілікпен орындау;

басқа адамның сезімін және эмоционалды жай-күйін түсіну;

қоғамның игілігіне, қоршаған ортаны қорғауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған

іс-әрекеттер мен шешімдерде қоғам алдындағы міндеттерді жүзеге асыру және орындау;

мектептегі және мектептен тыс іс-шаралар мен волонтерлік қызметте басқаларға көмектесуге және

қоғамдық пайдалы істерге қатысуға дайын болу.

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Жалпы орта мектеп түлегі:

нәсіліне, жынысына, жасына, дініне және басқа да ерекшеліктеріне байланысты кемсітусіз барлық адамдар

үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа ала білу;

әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және

қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;

белгіленген стандарттардың, нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету және оған сәйкес әрекет ету;

тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

  • Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Жалпы орта мектеп түлегі:

өз ойларын, эмоцияларын және мінез-құлқын бақылау, қоғамдық игілік мүддесі үшін күнделікті

жағдайларда белгіленген ережелер мен рәсімдерді, үйлесімді әлеуметтік қатынастарды сақтау;

моральдық принциптер мен нормаларды және оқу-танымдық іс-әрекеттегі адал мінез-құлықты ұстану;

тұрақты даму принциптерін өмір салтына айналдыру, баламалы энергия көздерін пайдалану, табиғи

ресурстарды үнемді тұтыну;

  • Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Жалпы орта мектеп түлегі:

тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен

әдістер туралы білімінің болуы;

өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

нәтижелерге қол жеткізу және жақсарту үшін күш салуға дайын болу;

еңбек әдебі мен сапа стандарттарын түсіну;

дамуға және оқуға үнемі ұмтылу.

  • Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік: шығармашылық

Жалпы орта мектеп түлегі:

зерттеу жүргізу және ғылыми тәсілді қолдану қабілеті;

ақпаратты талдау және бағалау;

жаңа идеяларды ұсыну;

заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

мақсаттарға жету үшін бастаманы ұсыну, жаңа мүмкіндіктер іздеу және идеяларды іске асыру

барысында ресурстарды тиімді пайдалану.

  • Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.

  • Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;

Буллингтен қорған!

Ойынға салауатты көзқарас;

Өмірге салауатты қадам;

Қоғамдық мүлікті қорға!

Қауіпсіз қоғам.

  • «ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ЕНДІРУ ТУРАЛЫ

Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алуға бағытталған кешенді жүйені іске асыру.Іске асырудың негізгі қадамдары:

1. Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту.

2. Мектептік буллингке қарсы команда құру.

3. Қақтығыс болуы мүмкін аймақтарды бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау

(мүмкін болған жағдайда).

4. Педагогикалық ұжымға түсіндіру семинарларын өткізу.

5. Іс-шараларды тәрбие жұмысы жоспарына енгізу.

6. Әлеуметтік-психологиялық ахуалды диагностикалау жұмысын жүргізу.

7. Мамандардың біліктілігін арттыру.

8. Қызметкерлерге әрекет ету алгоритмдері жөнінде нұсқаулық беру.

9. Білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және эмоциялық интеллектін қалыптастыру.

10. ППҚО-да ата-аналарға арналған сабақтар өткізу.

11. Әлеуметтік ахуалға тұрақты мониторинг жүргізу.

12. https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/main цифрлық ресурстарды пайдалану


10 - сыныптардың сынып сағаттарының жұмыс жоспары

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

  • 1 қыркүйек – «Білім күні»

  • 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

  • Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні

  • Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Аналар күні

  • Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні

І тоқсан

1-апта дәйексөзі: «Жанұям – қорғаным, ата-анам – тірегім!»

08-12.09.2025ж.

Тәрбие құндылықтары

бойынша іс-шара тақырыптары

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1.

«Мен және менің отбасым»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Қазақстандағы сенім телефондарымен жедел қызметтердің номерлері»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

08.09.2025ж.

2-апта дәйексөзі: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!» (Абай)

15-19.09.2025ж.

2.

«ДОСБОЛLIKE» «Позитивті ойлау-өміршеңдіктің көзі»

(Буллингтен қорған!)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?»

Сынып сағаты

видеоролик


15.09.2025ж.

3-апта дәйексөзі: «Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы».(Абай)

22-26.09.25ж.

3

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Еңбек түбі - береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Алаяқтардың амалына қалай түспеуге және өздеріңізді табыстың күмәнді түрлерінен қалай қорғауға болады?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

22.09.2025ж.

4-апта дәйексөзі: «Ел-жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан, атың

29.09-03.10.25ж.

4

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

«Қарттың сөзі – ақылдың көзі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Абайлаңыз кибеобуллинг. Одан қалай қорғануға болады?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

29.09.2025ж.

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық

  • 1 қазан – Халықаралық қарттар күні

  • 5 қазан – Мұғалімдер күні

  • 24 қазан – Кітапханашылар күні

  • 25 қазан Республика күні

1-апта дәйексөзі: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

06-10.10.25ж.

5

«Даналық ұстаздан»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

06.10.2025ж.

2-апта дәйексөзі: «Отанды сүю – отбасынан басталады

13-17.10.25ж.

6

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, саяси қайраткер Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 180 жыл

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасанды интеллект - қауіп-қатер ме әлде көмекші ме?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

13.10.2025ж.

3-апта дәйексөзі: «Отанды сүю – отбасынан басталады

20-24.10.25ж.

7

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

Ұлттық мереке 25 қазан – «Республика күні»

«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жалған ақпарат тарату: жауапкершілік және жаза»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

20.10.2025ж.

4-апта дәйексөзі: «Отаным – алтын бесігім

КҮЗГІ ДЕМАЛЫС

27.10-31.10.25ж.

ІІ тоқсан

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

  • 15 қараша – «Ұлттық валюта» теңге күні

  • 16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні

1-апта дәйексөзі: «Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым

03-07.11.25ж.

8

Жазушы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Онлайн ойындар: тәуекелдер мен қауіпсіздік»


Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

03.11.2025ж.

2-апта дәйексөзі: «Тура биде туған жоқ

10-14.11.25ж.

9

15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні

«Ұлттық теңге - Тәуелсіздігіміздің нышаны»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Судағы мінез-құлық қағидаларын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

10.11.2025ж.

3-апта дәйексөзі: «Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»

17-21.11.25ж.

10

«ДОСБОЛLIKE» «Көшбасшы – деген кім?»

(Буллингтен қорған!)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Жағымсыз эмоциялар мен сөздерге қалай әрекет етеміз?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

17.11.2025ж.

4-апта дәйексөзі: «Әділетте берік болсаң аяғың таймайды

24-28.11.25ж.

11

Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі


24.11.2025ж.


Желтоқсан – Бірлік және ынтымақ айы

5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

1-апта дәйексөзі: «Бірлігі күшті ел озады»

01-05.12.25ж.

12

«Қамқор» жобасы

5 желтоқсан – Дүниежүзілік Еріктілер күні

«Ерікті болу – ерлікпен тең»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?»

Сынып сағаты

Мектептегі/сыныптағы тазалықты қолдау акциясы

Сынып жетекшісі

01.12.2025ж.

2-апта дәйексөзі: « Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді»

08-12.12.25ж.

13

«ДОСБОЛLIKE» «Қауіпсіз орта – біздің таңдауымыз»

(буллингтің алдын алу)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Алаяқтардың амалына қалай түспеуге және өздеріңізді табыстың күмәнді түрлерінен қалай қорғауға болады?»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

08.12.2025ж.

3-апта дәйексөзі: «Бірлік болмай, тірлік болмас»

15-19.12.25ж.

14

«Жетістігімді еліме арнаймын»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Абайлаңыз кибербуллинг. Одан қалай қорғануға болады?»

Сынып сағаты

челлендж

Сынып жетекшісі

15.12.2025ж.

4-апта дәйексөзі: «Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»

22-26.12.25ж.

15

«Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

22.12.2025ж.

ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС

29.12-7.01.2026

ІІІ тоқсан

Қаңтар – заң және тәртіп айы

  • 1 қаңтар – Жаңа жыл

2-апта дәйексөзі : «Талап бар жерде, тәртіп бар»

12-16.01.26ж.

16

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» (сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасанды интеллект - қауіп-қатер ме әлде көмекші ме?»


Сынып сағаты

(адалдық сағаты)

Сынып жетекшісі

12.01.2026ж.

3-апта дәйексөзі : «Тәртіп – тәрбие бастауы»

19-23.01.26ж.

17

«ДОСБОЛLIKE» «Кибербуллингке қарсы мәдениет қалыптастыру»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жалған ақпарат тарату: жауапкершілік және жаза»


Сынып сағаты

«Жалған ақпарат тарату: жауапкершілік және жаза»

19.01.2026ж.


4-апта дәйексөздері: «Әділет жолы- адал жол»

26-30.01.26ж.

18

«Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Онлайн ойындар: тәуекелдер мен қауіпсіздік»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

26.01.2026ж.

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық

  • 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

  • Ақпанның бірінші сейсенбісі – Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

1-апта дәйексөзі: «Жасампаздық – бәрімізге өнеге»

02-06.02.26ж.

19

«4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні»

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Судағы мінез-құлық қағидаларын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу»


Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

02.02.2026ж.

2-апта дәйексөзі: «Шығармашыл бала – ойлы бала»

09-13.02.26ж.

20

«Лудомания»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Жағымсыз эмоциялар мен сөздерге қалай әрекет етеміз?»


Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

09.02.2026ж.

3-апта дәйексөзі: «Өнерлі бала - өрге жүзер»

16-20.02.26ж.

21

«Имандылық – адамгершілік пен ізгіліктің тірегі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

16.02.2026ж.

4-апта дәйексөзі: «Жаңашылдық – заман талабы»

23-27.02.26ж.

22

«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

23.02.2026ж.

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы

  • 1 наурыз – Алғыс айту күні

  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

  • 21, 22, 23 наурыз – Наурыз мерекесі

  • 30 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні

1-апта дәйексөзі: «Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...» (Б.Момышұлы)

02-06.03.26ж.

23

«Алғыс – ізгі ниет»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Алаяқтардың амалына қалай түспеуге және өздеріңізді табыстың күмәнді түрлерінен қалай қорғауға болады?» /

«Ана махабаты – шексіз әлем»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Абайлаңыз кибербуллинг. Одан қалай қорғануға болады?»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

02.03.2026ж.

2-апта дәйексөзі: «Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»

10-13.03.25ж.

3-апта дәйексөзі: «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады»

16-20.03.26ж.

24

«Наурыз – жыл басы»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі

16.03.2026ж.

КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС

19-29.03.25ж.

IV тоқсан

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

  • 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

  • 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

  • 12 сәуір – Ғылым күні

  • 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күні

  • 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

  • 23 сәуір – Ұлттық кітап күні

1-апта дәйексөзі: «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең»

30.03-03.04.26ж.

25

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Кітап – рухани қазына»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасанды интеллект - қауіп-қатер ме әлде көмекші ме?»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

30.03.2026ж.

2-апта дәйексөзі: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» (Абай)

06.04-10.04.26ж.

26

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні

«Денің сау болса – сен бақыттысың!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жалған ақпарат тарату: жауапкершілік және жаза»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

06.04.2026ж.

3-апта дәйексөзі: «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» (Леонардо да Винчи)

13-17.04.26ж.

27

«Еңбекқорлық болашағыңның негізі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Онлайн ойындар: тәуекелдер мен қауіпсіздік»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

13.04.2026ж.

4-апта дәйексөзі: «Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»

20-24.04.26ж.

28

«Мамандық таңдау -маңызды қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Судағы мінез-құлық қағидаларын сақтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

20.04.2026ж.

5-апта дәйексөзі: «Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер»

27-30.04.2026ж.

29

«Ынтымақ- достық кепілі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жағымсыз эмоциялар мен сөздерге қалай әрекет етеміз?»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

27.04.2026ж.

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы

  • 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

  • 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

  • 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

  • 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күні

  • 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1-апта дәйексөзі: «Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ»

04-08.05.26ж.

30

«Елді қорғау-ерге сын»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

04.05.2026ж.

2-апта дәйексөзі: «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ»

11-15.05.26ж.

31

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

«Атадан-өсиет, анадан қасиет» ата-аналармен бірге шеберлік сағат

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Алаяқтардың амалына қалай түспеуге және өздеріңізді табыстың күмәнді түрлерінен қалай қорғауға болады?»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

11.05.2026ж.

3-апта дәйексөзі: Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, бірлікті ойлау үшін тірлік керек. (Төле би)

18-22.05.26ж.

32

«ДОСБОЛLIKE»

«Өзіне сену: мен істей аламын, сен істей аласың, біз жасай аламыз!»(Буллингтің алдын алу)

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Абайлаңыз кибербуллинг. Одан қалай қорғануға болады?

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

18.05.2026ж.

4-апта дәйексөзі: Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп. /Күлтегін/

33

«Білімім – Отаныма!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»

Сынып сағаты


Сынып жетекшісі

25.05.2026ж.


Сынып жетекші: ----------------

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі