400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Тәрбие жоспары. "Бір отбасы-бір мектеп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№17 ЖББМ КММ

Пәні:

Тәрбие сағаты

Бөлім:


Педагогтің аты – жөні :

Жұмабай З.А

Күні:

15.09.2023 ж

Сынып:

1 «Б» сынып


Бағыты:

Отбасылық тәрбие

Сабақтың тақырыбы:

«Бір отбасы – бір мектеп»

Оқу мақсаты:


ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру

Сабақтың мақсаты:

Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру. Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту .

Ұлттық мүдде.

Ұлттық мүдде.Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатын біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже : Отбасы мүшелері Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастырады ,өз міндеттерін дұрыс орындау керек екенін түсінеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)







Жаңа тақырып.

13 минут

































Қорытынды

2 минут














Кері байланыс












- Сәлеметсіңдер ме, балалар ? Хал- жағдайларың жақсы ма ? -

- Суреттерде кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Әрине отбасын, отбасы мүшелерін көріп тұрсыңдар.

- Бұл отбасы мүшелерінің көңіл –күйлері қандай деп ойлайсыңдар ?- Ия, бақытты, көңілді отбасы екен.



- Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз өз отбасымыз туралы , өз отбасымызда алып жатқан тәрбиеміз туралы айтатын боламыз. Жақсы тәрбиені біз ең бірінші өз ата – ата аналарымыздан аламыз, әрбір ата – ана өз балаларының жақсы , тәрбиелі болғанын қалайды.

-Балалар, сендер ата – аналарыңыздың айтқан ақылдарын тыңдайсыңдар ма ?

- Әрине , сендер ата- аналардың атына кір келтірмей , айтқан ақыл- кеңестерін бұлжытпай тыңдап , орындауларың керек.

- Балалар ,берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларыңмен бөлісіңдер, мүмкін , осындай сөздерді үйде ата – аналарыңнан естіген боларсыңдар:


1. Балдан тәтті не? (бала)


2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)


3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)


4. Әкеден балаға беріледі (мұра)


5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)


6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

8.. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)


-Балалар, осы сұрақтардың жауаптарымен сабағымызды қорытайық, жақсы азамат болып өсу үшін ең алдымен тәрбиелі, тәртіпті болу керек, тәрбиелі бала білімді де бола алады. Ата – аналарымызды, ұстаздарымызды сыйлайтын жақсы ,үлгілі бала болып өсейік. Мына әдемі өлеңді бірге оқиық:


Ата - ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ата - ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ата - ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ата - ана деген алтын қазық, алтын бақ



-Бүгінгі сабақта не үйрендік?

- Бізге ең қадірлі адамдар кімдер?

- Балалар, өмірлік қағидамыз- ата-аналарды, әрқашан барлық отбасы мүшелерін сыйлап, қадірлеу керек.








Оқушылар мұғаліммен амандасады,түген-деледі, орындарына отырады.






Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.






Сұрақтарға жауап береді









Сұрақтарға жауап береді











Сұрақтарға жауап береді








Өлеңді мұғаліммен бірлікте оқиды










Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз түсінгендерін айтады.

Компьютер

интерактивті тақта, слайд,суреттер







интерактивті тақта, слайд,

суреттер



























мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
38 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
387
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі