«Нұржау жалпы орта
мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі

«Менің отбасым – менің
қуанышым».
Сынып
жетекшісі: Ж.М.Абдуллаева.
2017-2018 оқу
жылы
«Бекітемін»
Мектеп
директорының тәрбие
жұмысы
жөніндегі орынбасары:
________
С.А.Ғаббасова
« » _____
2017 жыл
«Менің отбасым – менің
қуанышым».
Мақсаты:
Бала
тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін
түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым -
қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын
ояту.
Барысы:
Шаттық
шеңбері.
Сәлемдесу.
Оқушыларды
екі топқа орналастыру.
Ой
шақыру.
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі –
отбасы»
Отбасы – адам баласының түп қазығы,
алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол
ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді.
Әке шаңырақ
иесі. Отбасы
мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа
жүктеледі.
Әйел –
отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ
тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының
жемісі.
Бейнеролик.
«Менің отбасым –
менің қуанышым».
Топтық жұмыс. Айқындық
сұрақтар.
Бейнеролик аясында
сұрақтар беру.
І
топ.
1. Балдан тәтті не? (
бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже
ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат (
мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? (
ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің
нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
7. Жасөспірім
бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14
жас)
ІІ
топ.
1. Тәрбие мен білімнің ордасы (
мектеп)
2. 18жасқа толмаған адам (
бала)
3. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы
кім? ( С. Назарбаева)
4. Екі адамның
бір - біріне деген адалдығы (
достық)
5. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым)
6. Үш арсызды
ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
7. Мемлекеттік
рәміздерді ата ( елтаңба, ту,
гимн)
«Менің отбасым» фотосурет
галереясы.
Сынып оқушылары өз
отбасының фотоларынан галерея жасап, ортада
қорғады.
Сабақты
бекіту.
Мақал – мәтелдер
сайысы.
1. атаның
баласы болма,....................... ( халықтың баласы
бол)
2. Ұяда не
көрсең,..................................( ұшқанда соны
ілерсің)
3. Балалы үй
базар,.................................( баласыз үй қу
мазар)
4. ата көрген оқ
жонар,..........................( ана көрген тон
пішер)
5. Ананың сүті –
бал,..............................( баланың тілі –
бал)
6. Туған үйдің түтіні
жылы,...................( туған ананың күтімі
жылы)
7. Анаңа ауыр сөз
айтпа,........................( артыңа ауыр жүк
артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры.
( бала)
9. Әке – асқар
тау,.............................( ана - шалқар
көл)
Рефлексия.


