Материалдар / Тәрбие жоспарына арналған 3 жылдық аналитикалық талдау үлгісі

Тәрбие жоспарына арналған 3 жылдық аналитикалық талдау үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмымы жоспары 3 жылдық аналитикалық талдау 5,6,7- сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2024
144
2 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Алғабас ЖОбБМ » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

5 «а» сынып оқушыларына жүргізілген тәрбие жұмысына

а н а л и т и к а л ы қ т а л д а у

2021-2022 оқу жылы


5 «а» сыныбында барлығы 17 оқушы.Оның ұлы 9,қызы 8. Білім сапасы 65%.Оқу озаттар саны 3-еу,оқу екпінділер саны 8. Қанағаттанарлық бағаға оқитындар саны 6-ау.Мектепішілік үйірмеге қатынасатыны – 13.

2021-2022 оқу жылының басында 5 «а» сынып оқушыларына арналған тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді. Әдістемелік тақырыбы: «Тәрбиенің жаңа әдістерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын , өзін-өзі басқара алатын , шығармашыл және белсенді тұлға тәрбиелеу».Тәрбие жұмысының мақсаты : оқушылар арасында ұжымдық сипатты қалыптастыру . Міндеттері : ұлттық құндылықтар мен тәрбие негізінде тәрбиелеу; Сынып ішінде ауызбіршілік пен сыйластыққа дағдыландыр. Күтілетін нәтиже:тәрбиелі де , өнегелі , парасатты да салмақты , рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке тұлға қалыптастыру.Өз күшіне сенімділігі , өзіне деген қабілеттілігі , шығармашылық мүмкіндіктеріне деген сенімі қалыптасады.

Тәрбие жоспары 8 бағытқа:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2.Рухани адамгершілік тәрбиесі;

3.Ұлттық тәрбие;

4.Отбасы тәрбиесі;

5.Еңбек,экономикалық және эклогиялық тәрбие;

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

7.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты; арналып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мақсат, міндеттері нақты басшылыққа алына отырып құрылды.

Жоспарға сай барлық тәрбие сағаттары өткізіліп , анықтамасы жазылды. Сынып белсенділері өздеріне жүктелген міндеттерін жақсы атқарды. Оқушылар мектептегі , мәдениет үйінде шараларға белсенді қатынасты.Сынып оқушылары спорттық шараларға да белсенді ат салысты.Сонымен қатар , ата-аналармен де жұмыстар жүргізілді.Ата-аналар жиналыстары уақытылы өткізіліп , хаттамалары жазылды.

Тәрбие сағаты әр сәрсенбі күндері болды. Жоспарланған тәрбие сағаттары мақсаттарына сай өткізілді.2021-2022 оқу жылы бойынша тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстарына «жақсы» деген баға беремін.


Сынып жетекші :А.М.Сагындыкова




« Алғабас ЖОББ мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

6 «а» сынып оқушыларына жүргізілген тәрбие жұмысына

а н а л и т и к а л ы қ т а л д а у

2022-2023 оқу жылы

6 «а» сыныбында барлығы 14 оқушы.Оның ұлы 8,қызы 6-ау.Білім сапасы 64,29%.Оқу озаттар саны 2-еу,оқу екпінділер саны 7-еу. Қанағаттанарлық бағаға оқитындар саны 5-еу.Мектепішілік үйірмеге қатынасатыны – 12.

2022-2023 оқу жылының басында 6 «а» сынып оқушыларына арналған тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді. Әдістемелік тақырыбы: «Тәрбиенің жаңа әдістерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын , өзін-өзі басқара алатын , шығармашыл және белсенді тұлға тәрбиелеу».Тәрбие жұмысының мақсаты : жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Міндеттері :қоғамда өмір сүруге қабілетті , азамат және патриот қалыптасуына , балалар мен жастардың құқтық санасының өсуіне , оның балалар мен жастар ортасындағы зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.; Сынып ішінде ауызбіршілік пен сыйластыққа дағдыландыр. Күтілетін нәтиже:тәрбиелі де , өнегелі , парасатты да салмақты , рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке тұлға қалыптастыру.Өз күшіне сенімділігі , өзіне деген қабілеттілігі , шығармашылық мүмкіндіктеріне деген сенімі қалыптасады.Тәрбие жоспары 8 бағытқа:

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2.Рухани адамгершілік тәрбиесі;

3.Ұлттық тәрбие;

4.Отбасы тәрбиесі;

5.Еңбек,экономикалық және эклогиялық тәрбие;

6.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

7.Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие;

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты; арналып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мақсат, міндеттері нақты басшылыққа алына отырып құрылды.

Тәрбие тұжырымдамасының сегіз бағытын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жеті құндылығымен ұштастыра отырып жүзеге асырылады.

Жеті басты құндылығымыз : Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;Ұлттық бірлік бейбітшілік пен келісім; Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият ; Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; Жалпыға ортақ еңбек қоғамы; Тарих , мәдениет пен тілдің ортақтығы ; Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қалыптасуы.

Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және жүзеге асуы және жүргізілу тәсілдері : тәрбие сағаттары , ашық тәрбие сағаттары , тағылым сағаттары , дөңгелек үстел ,пікірталас , топтық сайыс , кездесу-сұхбаттасу сағаттары , , жобалар , танымдық – шығармашылық жұмыс , тб негізінде жүзеге асырылады. 6 «а»сыныбы өте ұйымшыл ұжым.Барлық шараларға белсенді қатынасады.Мектепішілік үйірмелерге де белсенді қатынасады. Тәрбие сағаттарына келетін болсам , әр дүйсенбі сайын өтеді. Жоспарлы ата-аналар жиналысы өткізіліп , хаттамаланып отырылады.2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының жүргізілуіне «жақсы» деген баға беремін.

Сынып жетекші :А.М.Сагындыкова

«Алғабас ЖОББ мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

7 «а» сынып оқушыларына жүргізілген тәрбие жұмысына

а н а л и т и к а л ы қ т а л д а у

2023-2024 оқу жылы


7 «а» сыныбында барлығы 15 оқушы.Оның ұлы 9,қызы 6.Білім сапасы 66,6 %.Оқу озаттар саны 2-еу,оқу екпінділер саны 8. Қанағаттанарлық бағаға оқитындар саны 5-еу.Мектепішілік үйірмеге қатынасатыны – 13.

2023-2024 оқу жылының басында 7 «а» сынып оқушыларына арналған тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп әкімшілігімен бекітілді. Әдістемелік тақырыбы: «Тәрбиенің жаңа әдістерін қолдану арқылы өзін-өзі тани алатын , өзін-өзі басқара алатын , интеллектуалды дамыған , адамгершілігі мол , мәдениетті , отансүйгіш тұлға тәрбиелеу».Тәрбие жұмысының мақсаты : жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. Міндеттері :қоғамда өмір сүруге қабілетті , азамат және патриот қалыптасуына , балалар мен жастардың құқтық санасының өсуіне , оның балалар мен жастар ортасындағы зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.; Сынып ішінде ауызбіршілік пен сыйластыққа дағдыландыр. Күтілетін нәтиже:тәрбиелі де , өнегелі , парасатты да салмақты , рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке тұлға қалыптастыру.Өз күшіне сенімділігі , өзіне деген қабілеттілігі , шығармашылық мүмкіндіктеріне деген сенімі қалыптасады.

Тәрбие жоспары «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылды.Бағдарламаның мақсаты: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор , адал , саналы , жамаспаз азаматты тәрбиелеу.Міндеттері : ата-анасының өсиетін тыңдауға , отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге тәрбиелеу; Ұлттық мұраны қастерлеуге , қазақ тілін , мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге , татулық , келісім , ынтымақ және ел бірлігін сақтауға , отаншылдыққа тәрбиелеу; Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу; Табиғатқа , табиғи мұраларды ұқыптылықпен қарауға баулу. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мынадай үщ құндылықты баса назарға ұсталынды. Олар : ұлттық мүдде , ар-ұят , талап. Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және жүзеге асуы және жүргізілу тәсілдері : тәрбие сағаттары , ашық тәрбие сағаттары , тағылым сағаттары , дөңгелек үстел ,пікірталас , топтық сайыс , кездесу-сұхбаттасу сағаттары , жобалар, танымдық – шығармашылық жұмыс , тб негізінде жүзеге асырылады. Жалпы 7 «а» сыныбы өте ұйымшыл ұжым.Барлық шараларға белсенді қатынасады.Мектепішілік үйірмелерге де белсенді қатынасады. Тәрбие сағаттарына келетін болсам , жоспарлы түрде әр дүйсенбі күні болып отырды. Мектепішілік оздырылған челлендждерге белсенді қатынасты .Әр жұма күні ұлттық құндылықтарды насихаттау барысында мектепішілік шара ұйымдастырылды. Жоспарлы ата-аналар жиналысы өткізіліп , уақытында хаттама жазылды.2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмысының жүргізілуіне «жақсы» деген баға беремін.



Сынып жетекші :А.М.Сагындыкова

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!