Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есеп 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есеп 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Есепте 3 сынып оқушыларымен жыл бойында жүргізілген тірбие жұмыстары туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

28 Ақбай жалпы орта мектебі

2015-2016 оқу жылы

3 «Ә» сыныбының І жарты жылдықта атқарған жұмыстары туралы есебі

 

3 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Жолдасова Баян.

Сыныбымда барлығы 11 оқушы. Оның 4-еуі қыз, 7-еуі ұл. Сынып оқушылары өте ұйымшыл, кез келген іске жауапкершілікпен қарап, тиянақты орындауға тырысады.

Алғашқы тәрбие сағатымыз «Білім күнімен» басталды. Тақырып «Менің Отаным - Қазақстан». Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстан  халқы қандай жетістіктерге жеткеніне көз жүгірту, еліміздің тарихына тоқталу, Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету, өз ана тілін, әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту.

Сабақ еліміздің Әнұранымен ашылды. Тәрбие сағаты 5 бөлімнен тұрды. 1.Интеллектуалдық викторина «Менің Қазақстаным» (бәйге) 2. Тарихи күнтізбелер 3. Мемлекеттік рәміздер 4.Әдеби-музыкалық монтаж 5. Мақал-мәтелдер жарысы.

Оқушылар әр бөлімдегі тапсырмалар бойынша өткен жылдар жемісіне көз жүгіртіп, өз білімдерін көрсетті. «Менің қиялымдағы Қазақстан қандай?»  конкурсы өткізілді. Оқушылар қағазға өз ойларын сурет немесе жазбаша  түрде түсірді. Оқушылар тақпақ оқып, ән айтты. «Тәуелсіз ел-бақытты ел. Тәуелсіздікті  қадірлей, сақтай біліңдер. Онда ата-бабаларыңның қаны бар, асыл арманы бар. Қазақ деген атқа лайық болыңдар!» деген сөздермен сабағымызды аяқтадық.

Қазақстан Республикасы халықтарының  тілдер мерекесіне байланысты «Тәрбие басы - тіл» тақырыбындағы тәрбие сағатында грамматикалық ойындар ойналып, жұптық жұмыстар жүргізілді. Қыздардың орындауында «Ананың тілі» әні орындалды. Мақал-мәтелдер айтылды.                            

«Денсаулық күні» мерекесіне мектеп болып қатыстық. Сергіту сәтімен басталды. Бірнеше метрге жүгіру және велосипедпен жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарыста оқушыларымыз алдағы орындардан көріне білді. Атап өтетін болсам, Е.Наленов, Н.Маханбет,Е.Тинчбаев, Ч.Анаркуловалар өз ептіліктерін көрсете білді.

13 қыркүйек сынып ата-аналарының жиналысын өткіздім. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер: Ата-аналар комитетін сайлау. Балалардың тәртіптері мен оқулары туралы және әр түрлі сұрақтар. Ата-аналар комитетінің төрайымы болып К.Тұрсынбай, мүшелері болып Д.Момынова, Г.Толбаева, Г.Айтбаевалар сайланды. Сынып және мектепішілік іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға  ата-ана – ұстаз - шәкірт  болып бірігіп жұмыс атқаруды қадағалау, сабақтарға қатысу, ашық есік күндерін ұйымдастыру, балалардың білімдерін бақылауға алу т.б. сұрақтар қарастырылды.

21 қыркүйек күні сыныбымызбен мектеп кітапханасына саяхатқа бардық. Оқушыларға кітапхана туралы айту, кітапты күтіп ұстау және бағалау туралы түсіндірілді. Кітапханашы оқушыларды кітапхананың тарихымен таныстырды.  Сосын оқушылармен  шығармашылық жұмыс жүргізді. Сабақты өзім жалғастырып, «Кітапхана» сөзінің  шығу тарихы және алғашқы кітапханалардың қай ғасырдан бастап ашылғаны туралы әңгімелеп бердім. Әр оқушының «Жеке кітапханасы» болу керек екені туралы да айтылды.

28 қыркүйекте «Қарттар күніне» байланысты «Қазыналы қариялар» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: ұлттық әдет-ғұрып пен салт дәстүрге баулу, адамгершілікке тәрбиелеу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, әдептілік, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Сұрай келе оқушыларымның барлығының  дерлік  атасы, не әжесі бар екені белгілі  болды. Балалалар бұл мерекенің болатынына қатты қуанды. Үлкендеріміз де немерелерінің өнерлерін тамашалауға  құп десті.Бұл мерекеге қарттарымыз жай келмей, өз сауалдарын ала келген екен. Сөйтіп, сынып оқушылары Зейнеп әжеміз дайындап әкелген сұрақтарға  жауап берді.

Сұрақтар:

1.    Әдептілік, имандылық жайлы мақал-мәтел айту.

2.    Жұмбақ шешу.

3.    Шешендік сөздер айту.

4.    «Дастархан басындағы әдептілік»

5.    «Үлкендер алдында әдеп сақтау»

Оқушылар сұрақтардың барлығына жауап беріп, одан кейін ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды.  Немерелеріміздің  әдепті, білімді, өнерлі  әрі тәртіпті екендеріне біздің еш күмәніміз болған жоқ  деп,  ата әжелеріміз ризашылықтарын білдірді.

5 қазан Мұғалімдер күніне оқушылар өздері дайындаған әдеби-музыкалық монтажын көрсетті, ән орындап, би биледі.

12 қазан «Бағдаршам – сенің досың» атты тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта әр түрлі жол белгілері  слайд арқылы көрсетілді. Сөзжұмбақтар шешілді.

 19 қазан күні өткен тәрбие сағаты «Салауатты өмір салты» Оқушыларға салауатты өмір салты туралы түсіндірілді . Сабаққа кіріспе бөлімінде  «Жұлдызды сәт» ойыны ойналды.Балалар сұрақтарға жауап берді. Негізгі бөлімінде  1-ші мақалдарды толықтыру арқылы жаңа тақырыпты ашқызу. Денсаулық туралы сұрақтар қойылды. Денсаулық туралы айтылған нақыл сөздер мысалға келтірілді. Сабақ соңында мақалдар сайысы өтті және парақшаларына «Мен салауатты өмір салтын сақтаймын!» тақырыбына өз ойларын және тілектерін жазды.

26 қазанда І тоқсанның соңы сынып жиналысымыз болды. «Әдептілік-әдемілік» тақырыбында ой қозғалды. Оқушылардың тәртібі мен тазалығы, оқу құралдарының күтімі туралы сынып белсенділері есеп берді. Мақсаты  оқушылардың  оқулықтарын ұқыпты ұстауға   деген жауапкершілікті  арттыру. Сабақ соңында кітаптары тексерілді.

Нәтижесінді оқушылардың кітаптары қаптаулы және түптеулі екені анықталды.

І тоқсанда бастауыш сыныптар арасында өткен «Күз кереметі» сайысына оқушыларым қатысып, өз өнерлерін көрсете отырып, бас жүлдеге ие болды.. 3 сыныптар арасынан Анаркулова Чарос «Күз ханшайымы» номинациясын, ал Тинчбаев Ербол «Күз ханзадасы» номинациясын жеңіп алып, мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға, мектепішілік сенбіліктерге қатысып,  мектеп ауласын және ауыл көшелерін тазартуға өз үлесімізді қостық.

ІІ тоқсандағы тәрбие сағатымыз 16 қараша күні «Отан отбасынан басталады» тақырыбында болды. Оқушылар тапсырмалар бойынша өз отбасы, ата-анасы, бауырлары туралы жылы сезімдерін білдірді. 23 қараша күнгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында болды. Мақсатым оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту болды. Оқушылар Елбасымыз туралы көптеген мәліметтерді алды. Оқушылардың Елбасымыз туралы жаттаған өлеңдерін оқыды.

30 қараша күнгі тәрбие сағатымыз «Ғасыр уы» тақырыбында өтілді. Сабақта 1 Желтоқсан – СПИД-ке қарсы күн екені туралы түсіндірілді. Мақсаты оқушыларға осы жұқпалы аурудың залалы туралы түсіндіру, осы аурудан сақтандыру болды.

«Тәуелсіз қазақстан» тақырыбында Желтоқсан оқиғасы мен еліміздің Тәуелсіздігінің 24 жылдығына байланысты ашық тәрбие сағаты өтілді. Оқушыларға Желтоқсан оқиғасы туралы видеоролик көрсетілді, Тәуелсіздік жолындағы қиындықтар туралы айтылды. Оқушылардың дайындаған әдеби-музыкалық монтажы үш тілде көрсетілді және сахналық көріністер көрсетіліп, әндер айтылды.Оқушылар өткен жылдар жемісіне көз жүгіртіп, өз білімдерін көрсетті. Тәуелсіздік жолында құрбан болған ата-бабаларымыз бен аға-әпкелеріміздің рухтарына бас идік.

Мектепішілік жаңа жыл шыршасына дайындықпен қатыстық. Оқушылар Аяз ата мен Ақша қарға арнап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқап, би биледі.Аяз атадан өз сыйлықтарын алып, қуанысты.

  Сонымен қатар, сынып және мектепішілік сайыстарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жоспар бойынша қойылған мақсатымызға жеттік.

 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі