400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

6 «б» сынып ата- аналар комитетінің құрамы



р/с

Ата- аналардың аты- жөні

Атқаратын қызметі

Жұмыс орны

Мекен жайы, телефоны

1

Отаубаев Тоқтар

Төраға

АИГИ институт

Тасқала жастар 1/1

2

Қошмағанбетова Нұрсұлу

мүшесі

Сатушы «Дина» базары

Тасқала3. 1 /26

3

Алпысбесова Ризагүл

мүшесі

Саз мектебі

Молдашева 8/2




6 «б» сыныбының әкелер қоғамдық кеңесінің құрамы



р/с

Ата- аналардың аты- жөні

Атқаратын қызметі

Жұмыс орны

Мекен жайы, телефоны

1

Отаубаев Тоқтар

Төраға

АИГИ институт

Тасқала жастар 1/1

2

Туралиев Құрманбек

мүшесі

МКД күзет

Тасқала Молдашеова 15

3

Сарбалин Нұржан Сарсенбаевич

Мүшесі

құрылысшы

Тасқала комсомол 10/1



6 «б» сыныбының аналар кеңесінің құрамы





р/с

Ата- аналардың аты- жөні

Атқаратын қызметі

Жұмыс орны

Мекен жайы, телефоны

1

Қошмағанбетова Нұрсұлу

төрайым

Сатушы «Дина» базары

Тасқала3. 1 /26

2

Алпысбесова Ризагүл

мүшесі

Саз мектебі

Молдашева 8/2


3

Якудина Назгуль

мүшесі

Санитарка аурухана

Тасқала Молдашева 23





6 –ші сыныпқа аяқ басқанда алғашқы ата- аналар жиналысы өтті. 5 –ші аяқтап енді ғана орта буынға келген оқушыларымның ата- аналарымен жиналысы өтіп, мектебіміздің психологоы Құспанова Жадыра ата аналармен қарым қатыныас қалыптастыру мақсатында тренинг өткізді. Жиналыста ата аналар бірауыздан төраға мен ата аналар комитетінің төрайымын сайлады. Күн тәртібінде мектеп формасы, жаңа бағдарлама, сабаққа белсене қатысуы қаралды. Сонымен қатар сынып жиналысын өткізіп сынып белсенділерін сайладық. Бәрі дауысқа салынып сынып белсенділері тағайындалды.



р/с

Оқушы аты- жөні

Туған күні

Мекен жайы

Атқаратын қызметі

1

Жагорова Ақнур

06.06.2007

Тасқала-


Сынып басшысы

2

Тлепберген Мұхтарәлі

04.08.2007

Тасқала Жастар 1/1

Көмекшісі

3

Нұржанқызы Асия

30.08.2007

Тасқала Комсомол 10/1

Ұйымдастырушы

4

Карабалиев Азиз

23.07.2007

Молдшева 8/2

Оқу секторы


5

Қуанышқызы Риза

21.03.207

Тасқал 3. 29/11

Тазалық секторы


6

Темирбаев Нурсултан

24.07.2006

Тасқала 2. Қадыралиева 12

Спорт секторы



































2017-2018 оқу жылына талдама







2017-2018 оқу жылындағы 5 «б» сыныбының тәрбие жұмысының жылдық есебі. Барлық 19 оқушының 10 ұл, 9-ы қыз. Сыныпты жалпылай аттқанда сыныпта белсенді оқушыларым көп. Сынытың ішкі саясаты өте жақсы. Барлығы бір- бірімен тығыз байланыста. Сыныптың топ басшысы Сабыртаева Ақмарал және бірнеше сынып белсенділері бар. Үздік оқитын оқушылар Оразбаева Гүлжайна мен Жагорова Ақнұр. Қыздар ұлдарға қарағанда әр түрлі шараларда басымдылық көрсетеді . мектебіміздің әр түрлі шараларына қатысып, белсенділік танытады.

Сонымен қатар оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспары, 34 сынып сағатының жоспары, ата –аналар жиналысы тақырыптары және ұлдармен, қыздармен жүргізілетін жұмыс жоспары жасақталып, тәрбие жұмысының орынбасары Отарова Айгерімге бекітілді.

2017-2018 оқу жылының басынан аяғына дейін бес ата- аналар жиналысы мен бес сынып жиналысы болып өтті. Осы жиналыс күн тәртібінде бырыңңғай мектеп формасынан бастап басқа да ағымдағы мәселелер айтылды. Барлық өткізілген жиналыстарға хаттама толтырылып тәрбие жұмысының орынбасарына тапсырылып отырылды. Еліміздің елеулі мерекелеріне орай тәрбиелік шараларды өткіздік.





















































5 «б» сынып жетекшісі Шихимова Құралай Ермекқызы ның

2017-2018 оқу жылында жүргізген тәрбие жұмысының

жылдық есебі



2017-2018 оқу жылында 20 оқушымен бастадық. Қыркүйектің 5 жұлдызында бір оқушы басқа мектепке өз жағдайныа байланысты ауысты. Қазір сыныпта 19 оқушы. Оның 9 қыз, 10-ы ұл. Сынып оқушылары бір- бірімен тығыз араласады. Қыз қыз болып бөлінбейді. Бәрінің бір біріне деген сыйластығы басым. Тәртіптері өте жақсы. Барлық пәнге барынша белсене араласады. Кей оқушылардың сабағы төмен боп тұрса шараларға, сынып сағатына өте белсене араласды. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып басшысы белсенділермен қосылып өздері ұйымдастырады. Оқушылар өте ұйымшыл. Жыл бойына бір біріне көмектесіп, жәрдемдесіп, қолдап жүрді. Сыныпта екі өте жақсы оқитын оқушы мен 6 оқу екпіндісі бар. Осы бесінші сыныпта түрлі түрлі спорттық ойындарға қатысып бірнеше марапат қағаздарын алды. 1 мамыр елмізіді ұлттар мен ұлыстар бірлігіне арналған мектепшілік шарада орыс халқы өнерімен де марапатталды.

Сонымен қатар 19 оқушымның 13-і көпбалалы отбасынан шыққан. Аз қамтылған жартылай жетім отбасынан 1- ұл 1- қыз бар.

Сыныпта 11 оқушы жыл бойына автобуспен қатынады. Себепсіз сабақтан қалмай, кешікпей уақтылы келіп отырды. Сынып түгел мектеп формасын қатаң сақтады. Жыл бойы мектепшілік және сыныптағы тәрбиелік шараларға белсене қатысып отырды.

























































Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен патриотпын!
Мақсаты:
1.Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, бейне таспа

Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз - бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен патриотпын!» Балалар, сіздер алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған - туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметет етін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының президенті кім? - Президент деген кім? Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Аталған қалаларда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
(Осы кезде картамен жұмыс жасату). Аталған қалаларды картаға түсіріп бояңыздар.

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Астанада биіктігі 97 метрлік не бар? Бәйтерек. Бәйтеректі көргендерің, Астанаға барғандарың бар ма? (оқушылардың ойын тыідау). Ендеше алдымыздағы қима қағаздан не шығатынын жабыстыру арқылы көрейік. (жапсырмалау жұмысын жасату)

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою - өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Оттай жанып жанарың
Одан қуат аламын
Әнұран ол — тынысы
Кең жазира даламның.

Міне, осы Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып, намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды Риода желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Қазақстан құрамасының Рио - де - Жанейро Олимпиадасынан ұтқан медальдар саны - 17. 2012 - жылғы Лондон Олимпиадасының алтын медаль иегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл жолы қола медаль алды. Боксшы Василий Левит күміс медальға қол жеткізді. Ауыр атлет Александр Зайчиков қола медаль ұтып алды. Бокстан алтын медальді Қазақстан құрамасына Данияр Елеусінов тарту етті. Еркін күрестен Эльмира Сыздықова Олимпиаданың қола медалін иеленді.
Боксшы Әділбек Ниязымбетов осымен екінші мәрте Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен Гюзель Манюрова – күміс, Екатерина Ларионова қола медаль ұтып алды. Бокстан Иван Дычко мен Дариға Шәкімова жартылай финалға шығып медальға ие болды. Қазақстан спортшылары Рио - де - Жанейро Олимпиадасында жақсы өнер көрсетті, мықтылығын дәлелдеді. Осы орайда ел намысын қорғаған, көк туымызды желбіреткен барша спортшыларымызға біз өз ризашылығымызды білдіруіміз керек. «Көк тудың желбірегені» әуенін видеосымен көрсету. Келешекте сіздер де осындай атақты спортшы, танымал адам болуға тырысуларыңыз керек. «Мен кім болам?» тақырыбында ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс - ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
«Мақалды тап» ойынын ойнайық.
Отан - да ыстық.
Отан - нан басталады. т. б
Қортынды: Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.























 



Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты»

Мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Білімділігі: жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызметіне байланысты сауаттарын дамыту.
Тәрбиелігі: тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: диаграмма, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер, кітап көрмесі.
Әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Қазақстан Республикасының әнұранымен ашу.
Кіріспе сөз: Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?
    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьгп жатыр.
    Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.
    Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
    Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
    Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу.
    Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері.
    Негізгі бөлім:
    Қазақ елі сонау кеңес үкіметі тұсындағы «шаш ал десе бас алатын» саясат, зиялы қауымды құрту, аштық, қуғын-сүргін, соғыс, жер мен елді тоздырған тың көтеру, экология апаты, желтоқсан зардабы тағы да басқаларын басынан кешірді. Осы апаттардан да қауіпті, адамды, сананы, есті жаулаған қасірет тым ауыр да азалы.
    Қазақ халқының сөз байлығында «арақ» деген сөз болған емес. Олар қымыз бен шұбат ішкен. Сонда да әдемі тойлы ауыл, алтыбақан, жарасымды жастар әні, ойын түрлері мәнімен орын алған.
    Көрініс. «Қымыз бен арақтың айтысуы»
Ал нашақорлық неден басталады?
Сана-сезімі уланған, өзін, отбасын, туғанын ұмытқан, жауапкершілікті сезінбейтін ақыл-естен айырылған жан нашақор деп аталады. Дозаны қабылдамаған жағдайда қабағы қатулы жан есірткіні қолданғаннан кейін жайдарлы, көңілді болып шыға келеді. Көп өрімдей жастар осы аурумен ауырып, өмірден өтуде, азып кетуде, енді біреулері кеш түсініп бармағын тістеуде.
Көрініс: «Нашақордың мұңы»
Біздің бүгінгі оқушылар енді бірер жылда ертеңгі үлкен маман иелері, жарқын болашақты сеніммен құратын жастар. Сөз кезегін салауатты өмірді насихаттайтын маман иелеріне берейік.
Эколог:
Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулыққа әсер етіп қоймайды, сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізуде. Мысалы: темекіде никотиннен басқа улы заттар, шаң, күйе болады. Олар ауаға таралып ең алдымен ағзаға зиян келтіреді, екеуі де атмосфераны ластайды. Кейде темекі тарту. ішімдік ішу өрт, жарылыс сияқты апаттарға әкелуде.
Демограф:
Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы аурулары кері әсерін тигізуде, Қанша адамдар осылармен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсап, екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көп отбасында сәбилер жарымжан, ақыл-есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде.
Психолог:
Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды, сабақ оқымайды, қоғамдық жұмысқа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғарғы сынып оқушылары өздерін «үлкен адамбыз» деп, ешкімге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай оқушылар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен болады, бет-әлпеті табиғи өңінен айрылады.
Тарихшы:
Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тыйым салудан нәтиже шықпағанын білеміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге тыйым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату баюдың бір жолына айналды.
Дәрігер:
    Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді.
    Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді.
Бәрі бірге:
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге





















Сынып сағатының тақырыбы: Жолдағы қауіпсіздік
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін

дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
 Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне

арналған презентация.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
 1. Оқушыларды топқа бөлу.

(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)

2. Сұрақ- жауап1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?

2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?

3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз? 

Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім: 1. «Ой қозғау»
Жұмбақтар1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Сұрақ: — Бағдаршам деген не? 
— Ол қандай қызмет атқарады?

2. « Кел, танысайық!» айдары

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Хормен: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады)

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!

3. «Жол белгілерін білеміз бе?»

(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті: Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

4. Топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.

5. «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»

Сұрақ-жауап:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр

5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.

6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада

7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.

9. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету

ІІІ. Қорытындылау.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

















































Сынып сағатының тақырыбы: «Қазақстан халқы тілдері күні»
Мақсаты:
1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,  өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін   түсініп, оның адам өміріндегі маңызын   үйрету. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:Ұйымдастыру кезеңі:   
        - Оқушылардың назарын аудару. 

Кіріспе сөз:
       - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше сынып сағаты. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру.
     Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.    
 ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
       Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
  Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
     1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
     2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
     1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
                        Оқушы тақпақтары:
       1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
                        Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
                        Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
       2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
                        Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                        Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                        Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
       3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
                        Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                        Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
                        Құлағыма сіңірген таныс үнің.
       Ән «Ананың тілі»
       4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
                        Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
                        Қайда жүрсең меніменен біргесің,
                        Түсінікті сендей жақын маған кім.
                        Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
                        Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
       5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
                        Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
                        Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
       6-оқушы: Хандардың қайталама қатерлерін,
                        «Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
                        Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
                        Ұмытпа ешқашанда баталарын.
  Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
    Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
        7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
        8-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
                         Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
                         Асықпа түспеді деп қолыма тез.
                          Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
                          Керегің өміріңде болады кез.
         9-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
                          Сенсің менің қасіретті шаттығым.
                          Сенсің менің тазалықты пәктігім,
                          Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
       10-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
                          Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
                           Ел бетіне қалай түзу қараймын,
                           Ана тілі егер сені білмесем.
ІV.  «Кім шапшаң?».
     Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
       11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
                          Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай атамыз.
       12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
                          Сөз өнері-киелі өнер.
       13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.
                          Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
     Берілген сөздерден мақал құрастыру.
   ( ата, гүл, бала, жақсы,  еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,  ана).
VІ.Қорытынды:
      Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!       Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,  Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
                                            Осы тілмен мен де бірге өсемін,
                                            Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

С) Концерттік бағдарлама.

ІІІ. Қорытынды.

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар,ақ жаулықты аналар мен асқар таудай әкелер!

«Қарттарым – асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

2- жүргізуші: Алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

1- жүргізуші:  Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар  бөліміне құлақ түрелік.

1-оқушы. Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

3-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

4-оқушы. Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

5-оқушы. Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

6-оқушы. Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

7-оқушы. Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

8-оқушы. Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

9-оқушы: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

10-оқушы.

Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
11-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

12-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

13-оқушы.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

14-оқушы. 

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі
















Тақырыбы: «Жол белгілерін есте сақтайық!»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесімен таныстыра отырып, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту. Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін - өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар, кітаптар, буклеттер, жол жүру ережесінің белгілері, видео - көрсетілім.
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.
Сұрақ - жауап.
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?
- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
- Олар немен жүреді?
- Көліктер мен.
- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Жер үсті, су да жүретін көліктер.
- Жер үстінде қандай көліктер жүреді?
- жеңіл көлік, ауыр көлік, велосипед, поезд, трамвай, троллейбус, автобус. Т. б.
- Жолда жүргенде жол жүру ережелерін сақтайсыңдар ма?
- ия.
- Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.(бағдаршам)
- Балалар бағдаршам не үшін керек?
- Қандай жол ережелерін білесіңдер?
Педагог:- Көше жүрісінің ережелері туралы әңгімелеп береді.
Адамдар әлі автомобильдерді ойластырмаған кездер болмайды. Ол кезде жұрттың барлығы көшеде атпен және арбамен, кімнің қалай жүргісі келсе, солай жүрді. Осы заманғы қалалардың көшелері жүк және жеңіл машина, автобус, троллейбус, трамвайларға толып кетті. Егер бүгінде жұрттың барлығы жаяу және көлікпен қалай жүргісі келсе, солай жүрсе, көшелерде тәртіпсіздік орнар еді. Осындай жағдайлар болмау үшін, адамдар көше жүрісінің ережелерін - көшелер мен жолдарға арналған заңдарды ойлап тапты.
Машиналар мен жаяу жүргендердің жол қиығындағы жүрісін бағдаршам реттейді. Оның әр түсті жанатын шамы бар. Ол баршаға не істеуді көрсетеді. қызыл жарық жүруге болмайтынын көрсетеді. Сары жарық қазір бағдаршамның өзге жарыққа ауысатынын ескертеді. Жасыл жарық жүруге рұқсат береді.
Қиылыстағы жүрісті бағдаршам емес, реттеуші - полицейлер басқаратын да кез болады. Ол қолының қимылы мен машиналар ағымын тоқтатып, жаяуларды көшеден өтуге шақырады.
Жүргізушілер мен жаяу адамдар өздерінін жолда не күтіп тұрғанын білуі тиіс. Бұл туралы оларға жол белгілері хабарлайды. Олар белгілердің мәнін оңай түсінуге болатынын қарапайым сурет түрінде жасалған. Сақтандыратын - қызыл шеңберлі ұш бұрыш белгісі бар, тыйым салатын белгі - шеңберлер, рұқсат беретін - кез келген пішінді көгілдір белгілер бар.
Мысалы: қызыл шеңберде велосипед болса, велосипед пен жүруге болмайды, егер велосипед көгілдір түсті белгіде болса, онда бұл велосипед пен жүруге болатын жол. Жаяуларға арналған белгілердің барлығы көгілдір түсті болады. Жаяу адамдар көшеден тек сондай белгі бар жерден өтуі тиіс.
Жол жүргенде өзіңе жәрдемдесетін негізгі ережелерді жадымызда сақтауымыз керек.
1. Машина өткеннен кейін ғана жүру керек.
2. Көшеде жаяу жүргіншіге арналған жол немесе жер асты жолынан ғана өт.
3. Жүріс қауіпсіздігіне жүргінші де, жаяу жүргіншіде жауапты!
- Осы ережелерді сақтау үшін біз бағдаршамға сүйенеміз. Олай болса кім бағдаршам туралы тақпақ айтып береді.
1 - бала.
Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.
2 - бала.
Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.

(Балалар экранға қарайды бағдаршамды көреді, жолдан өтіп жатқан адамдар мен машина жүрісі туралы видео - көрсетілім көреді)
- Балалар жол жүру белгілері туралы кім тақпақтар біледі?
1 - бала:- Мен жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет екенін білемін.
Тротуар жүрер жолы жаяудың,
Желаяқтың жайбасардың баяудың.
Машинаның жолы көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
2 - бала.- Ескерту белгісі.
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла! Бұл ескерту белгісі.
3 - бала: Тыйым белгісі:
Дөп - дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым салу мен болам.!
4 - бала. Көрсеткіш белгісі
Дөп - дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
5 - бала. Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.


Ғ

,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,0



















«Бекітемін» «Келісемін»

Т. Амандосов атындағы директордың тәрбие ісі

Орта мектеп директоры жөніндегі орынбасары

__________ М.Т. Базарбаева __________ А.У. Отарова

«_____» қыркүйек 2017 жыл «_____» қыркүйек 2017 жыл












Т. Амандосов атындағы орта мектептің 2017-2018 оқу жылдарына

арналған 5 «б» сынып оқушыларымен өткізілетін

сынып сағаттарының кестесі





Сынып жетекшісі: Шихимова

2017-2018 оқу жыл






Сынып сағаттарының тақырыбы

Өту түрі

мерзімі

Жауапты

1

Мен патриотпын

Білім сабағы

07.09.17

Сынып жетекші

2

Жаңа оқу жұмысын жоспарлау. Сынып белсенділерін тағайындау. Тапсырма бөлу

Сынып сағаты

14.09.17

Сынып жетекші

3

Салауатты өмір салты

Сынып сағаты

21.09.17

Сынып жетекші

4

Жолдағы қауіпсіздік

Сынып сағаты

28.09.17

Сынып жетекші

5

Қазақстан халқы тілдері күні

Сынып сағаты

05.10.17

Сынып жетекші

6

Қарттарым асыл қазынам

Сынып сағаты

12.10.17

Сынып жетекші

7

Жол белгілерін есте сақтайық

Сынып сағаты

19.10.17

Сынып жетекші

8

Мәңгілік ел. Отан – отбасынан басталады

Сынып сағаты

26.10.17

Сынып жетекші

9

«Туған жер» туралы бейнефильм

Бейнефильм

09.11.17

Сынып жетекші

10

Астана- бас қала

Әңгімелеу

16.11.17

Сынып жетекші

11

Салауатты ғұмыр. Зиян нәрселерден сақтану

Пікір алысу

23.11.17

Сынып жетекші

12

1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні

Елін сүйген -Елбасы

Сынып сағаты

30.11.17

Сынып жетекші

13

ЖИТС-тен сақтан жас ұрпақ

Сынып сағаты

07.12.17

Сынып жетекші

14

Құқықтық оқыту

Пікіталас

14.12.17

Сынып жетекші

15

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Сынып сағаты

21.12.17

Сынып жетекші

16

Қыста жолдан сақ болайық!

Сынып сағаты

28.12.17

Сынып жетекші

17

Эссе «Біз- үлкен елміз»

Шығармашылық

11.01.18

Сынып жетекші

18

Адалдық және сыпайылық – шынайы адам келбеті

Сынып сағаты

18.01.18

Сынып жетекші

19

Суық тию, жұқпалы аурулардың алдын алу.

Сынып сағаты

25.01.18

Сынып жетекші

20

Мен елімнің болашағы!

Әңгімелеу

01.02.18

Сынып жетекші

21

Атырау- арман қала

Сынып сағаты

05.02.18

Сынып жетекші

22

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сынып сағаты

15.02.18

Сынып жетекші

23

Қазіргі заман батыры

Пікір алысу

22.02.18

Сынып жетекші

24

Ата- анам асыл қазынам

Әңгімелеу

01.03.18

Сынып жетекші

25

Қыз өмір сәні

Сынып сағаты

09.03.18

Сынып жетекші

26

22- наурыз қазағымның жаңа жылы

Сыныппен жұмыс

20.03.18

Сынып жетекші

27

Мемлекеттік рәміздер тарихы

Сынып сағаты

05.04.18

Сынып жетекші

28

Өмір қауіпсіздігі

Пікір алмасу

12.04.18

Сынып жетекші

29

Зиянды заттар зардабы

Әңгімелеу

19.04.18

Сынып жетекші

30

Мен ең жақсы оқушымын

Сынып сағаты

26.04.18

Сынып жетекші

31

Бәрімізі бір үйдің балаларымыз

Сынып сағаты

03.05.18

Сынып жетекші

32

Ер есімі ел есінде

Сынып сағаты

10.05.18

Сынып жетекші

33

«Жазғы каникулым» атты ата- ана мен оқушылардың бірлескен іс әрекет тақырыптары

Шығармашылық жұмыс

17.05.18

Сынып жетекші

34

Қауіпсіз жаз

Сынып сағаты

24.05.18

Сынып жетекші





















Т. Амандосов атындағы орта мектеп

















2017-2018 оқу жылы бойынша

5 «б» сынып жетекшісі

Шихимова Құралай Ермекқызының

тәрбие жұмысының жылдық есебі

















2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
991
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі