Тәрбие жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
басқа да әріптестер қолдана алатындай көмегі тиер деп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шуағын шашқан - "Аяулы анашым"

Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы 
Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.

1 бала: Жігіттер мында не боп жатыр? Ерқұлан

2 бала: Неге ата-аналар жиналды екен? Мақсат
3 бала: Бүгін не мереке ме?
Ерасыл
4 бала: Әрине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қайда?
Арлан

5 бала: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой. Нұртас
6 бала: Қыздар бұзық емес, олар ерке. Ерқұлан
7 бала: Қыздар бізге керек. 
Арлан
8 бала: Онда қыздарымыз қайда екен? 
Нұртас
9 бала: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар. 
Ерқұлан
1 бала: Онда қыздарымызды ортаға шақырайық.
 Арлан


Жүргізуші: 

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі өнер көрсетер,

Таң қалдырып қанекей би белендер.

Жүргізуші:

Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, ардақты ұстаздар, аяулы қыздар!

Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз!

Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы, жүздеріңіз жарқын болсын! Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.


Тақпақтар:


ЕРҚҰЛАН:

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың


АРЛАН: Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


МАҚСАТ:

Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі


АИША:

Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.


ЕРАСЫЛ:

Анам, анам ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.


АҚЕРКЕ:

Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.


АЛУА:

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.


ЯСМИНА:

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым


АРЛАН:

Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем.


САНИЯ:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


ЕРАСЫЛ:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз,

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.


НҰРАЙЛЫМ:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым,

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


АИША:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!



Жүргізуші:
Қандай бала болмайық, 
Анамызға балдаймыз, 
Көтерейікші көңілін 
Ән салайық бәріміз.




ХОР: «АНАШЫМ АНАЖАНЫМ»


Жүргізуші:

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.-деп аналарға арналған БИГЕ кезек берейік.


Қыздардың орындауында «ХОРОШЕЕ НАСТРОЕНИЕ» БИІ


НӘБИ:

Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.


Ән: «САҒЫНДЫМ ӘЖЕ»


Жүргізуші: 

Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі - дей келе аналарға арналған СЛАЙДҚА КЕЗЕК БЕРЕМІЗ!


Жүргізуші: 

Бишілер бар біздерде ҰЛДАР тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.


Би: «ДЖЕНТЛЬМЕН»БИІ



Жүргізуші: Ілияс

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.


ЖҮРГІЗУШІ: Ойнаймыз күлеміз 
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.

Ойын: (аналармен)
1. «
АНАҢДЫ ТАП» Ата - аналардың ҚОЛДАРЫНАН сипап, балаларЫ АНАЛАРЫН тауып алсын.

2. «АДАМ КЕЛБЕТІН ЖАСА!» ОЙЫНЫ.

ЕКІ КОМАНДА ШЫҒАДЫ, ШАРДЫ УРЛЕП, ОРАМАЛ КИГІЗІП, БЕТІН САЛУ КЕРЕК. КІМ ТЕЗ, ӘДЕМІ, ДҰРЫС САЛСА, СОЛ КОМАНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.

3. «МУМИЯ» ОЙЫНЫ

ТУАЛЕТНЫЙ БУМАГАҒА АНАСЫН ТЕЗ АРАДА ОРАУ КЕРЕК.

4. «СУРЕТ САЛУ» ЕКІ КОМАНДАҒА АТА АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР БӨЛІНУ КЕРЕК. СУРЕТ САЛУ. АРБІР БАРГАН ССАЙЫН БІР ҚИМЫЛ ГАНА САЛУ КЕРЕК.



Жүргізуші:

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін.

Жүргізуші:

Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Енді балалар аналарымызға арнап ШАҒЫН сыйлықтарымызды тарту етеміз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі