Материалдар / тәрбие жұмысы бойынша жартыжылдық жұмыстың аналитикалық есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие жұмысы бойынша жартыжылдық жұмыстың аналитикалық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 ж оқу жылындағы тәрбие құндылықтары Ар-ұят,Ұлттық мүдде,Талап құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде тәрбие жұмыстар өткізілді . Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін патриоттық сезімді Отанды қорғауға әзірлікті тәрбиелеу және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін жағдай жасау міндеттері шешілді; құқықтық сауаттылықты, адамгершілік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жағдай жасау; салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу; құқық бұзушылықтың, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; әлеуметтік маңызы бар, шығармашылық және еңбек қызметі үшін жағдай жасау; қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды бос уақытты өткізумен қамтуды арттыру; ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысуын арттыру үшін жағдай жасау. Тәрбие жұмысы Ұлттық мүдде,Ар-ұят ,Талап бойынша жүргізілді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шілікті ауылының негізгі орта мектебінің 2023-2024 оқу жылындағы аналитикалық есебі.

2023-2024 ж оқу жылындағы тәрбие құндылықтары Ар-ұят,Ұлттық мүдде,Талап құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде тәрбие жұмыстар өткізілді . Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін патриоттық сезімді Отанды қорғауға әзірлікті тәрбиелеу және азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін жағдай жасау міндеттері шешілді; құқықтық сауаттылықты, адамгершілік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін жағдай жасау; салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу; құқық бұзушылықтың, діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; әлеуметтік маңызы бар, шығармашылық және еңбек қызметі үшін жағдай жасау; қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу арқылы оқушыларды бос уақытты өткізумен қамтуды арттыру;  ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысуын арттыру үшін жағдай жасау.

Тәрбие жұмысы Ұлттық мүдде,Ар-ұят ,Талап бойынша жүргізілді.

Мерзімі

Тәрбие құндылықтары

Тақырыбы

Сыныбы

Жауапты

адам

Қыркүйек

Ар-ұят

Мектеп мейірім мекені

3-9 сынып

сынып жетекшілер

Қырүйек

Ұлттық мүдде

Тілім менің ғасырларға аманат

3-4 сынып

5-9сынып

Габдуллина Ж.У

Сынып жетекшілері

Қыркүйек

Ар –ұят

Табиғаттың адамға берер пайдасы

3-9 сынып

сынып жетекшілер

Қыркүйек

Талап

Электрондық темекінің зияны

3-9 сынып

сынып жетекшілер

Қыркүйек

Ар-ұят

Қожахммет

Яссауй


3-9сынып

сынып жетекшілер





Қазан

Ұлттық мүдде

Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы

3-9 сынып

Сынып жетекшілер

Қазан

Ар-ұят

Арайлы алтын күз

3-4 сынып

Габдуллина Ж.У.

Қазан

Ұлттық мүдде

Көк тудың желбірегені

3-9 сынып

Сынып жетекшілер

Қазан

Талап

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл

8-9 сынып

Жұман А.А

Мұхамедия З.К

Қараша

Ар-ұят

Әкеге ізет, анаға-құрмет

3-4 сынып

Габдулина Ж.У

Қараша

Ұлттық мүдде

Ұлттық валюта күні

3-9 сынып

Сынып жетекшілер

Қараша

Ар-ұят

Оян,ар мен адалдық

5-9 сынып

Сынып жетекшілер

Қараша

Ар-ұят

Отбасылық дәстүрлер

3-4 сынып

Сынып жетекшісі

Қараша

Талап

Жол жүру ережелерін еске түсіреміз

3-9 сынып

Сынып жетекшілер

Желтоқсан

Ұлттық мүдде

Тарих пен тіл тамырлас

3-9 сынып

Сынып жетекшілер

Желтоқсан

Ұлттық мүдде

16-желтоқсан Тәуелсіздіктің 32 жылдығы

5-9

Ибраева А.Г

Желтоқсан

Ар-ұят

Мейірімділік құндылығы

3-4 сынып

Габдуллина Ж.У

Желтоқсан

Талап

Қош келдің жаңа жыл 2024ж

3-9сыныптар

Сынып жетекшілер

Бүгінгі өскелең ұрпақ тәрбиесі еліміздің болашақтағы жарқын келбетін айшықтайды. Құндылық адамның өмірлік ұстанымына, таңдауына, шешім қабылдауына ұстын болатын көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, оның іс-әрекетін, мінез-құлқын анықтайды.

Әдептілік, әділеттілік, мейірімділік, адалдық, отаншылдық, қамқорлық, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік, ризашылық, бауырмашылдық, ұлттық мұра мен қазақ тілін қастерлеу, қоғам игілігіне қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану секілді қасиеттерді қалыптастыруға тұғыр болатын ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын дарыту қажет.

Ұлттық мүдде құндылығы Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға атсалысуға, еліміздің мүддесіне, қоғам игілігіне адал қызмет етуге, ұлттық мұраға ұқыптылықпен қарауға және оны дәріптеуге, қазақ тілінің аясын кеңейтуге үлес қосатын, құқықтық, экологиялық мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеуге тұғыр болады.

Ұлттық мүдде құндылығын дарыту арқылы отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, елінің тарихын құрметтейтін, ұлттық мұраны, мәдениетті дәріптейтін, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Ар-ұят құндылығы этикалық принциптерді қалыптастыруға, өзін және өзгелерді құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, мінез-құлықты нығайтуға және жауапты азамат болуға ынталандырады және мейірімділікке, еңбекқорлыққа баулуды көздейді. Өйткені білім де, ғылым да ерен еңбекпен келеді. Еңбек адам өмірінде маңызды. Адамның рухани дамуына, кәсіби әлеуетінің жетілуіне, қоғамдық сананы жаңғыртуға, ел экономикасын көркейтуге тұғыр болады. Ар-ұят құндылығы академиялық адалдық қағидатын қолдау, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, отбасының, өз ортасының абыройын асыру, әдеп нормаларын ұстану, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну, достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну, мейірімділік таныту арқылы қалыптасады.

Ар-ұят құндылығы арқылы адалдықты жоғары бағалайтын, сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытатын, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайтын, достарын, сыныптастарын сыйлайтын, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсететін тұлға тәрбиелеуді көздейді.

Талап құндылығы өскелең ұрпақ бойында мәдениеттілік, табандылық, үнемшілдік, қанағат, ерік-жігер, таза ой мен адал ниетке тұғыр болады. Сол себепті талап құндылығы білім алушылардың сыни және креативті ойлау, жеке және командамен жұмыс істей білу, білуге, жаңаны тануға құштар болу, физикалық белсенді болу, салауатты өмір салтын ұстану, технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету, дұрыс қарым-қатынас орната білу, уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Талап құндылығы құндылығы арқылы жан мен тән тазалығын сақтайтын, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінетін, қоршаған орта тазалығын сақтайтын, ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылығы жоғары, ізденімпаз, жасампаз тұлға тәрбиелеуді көздейді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!