Тәрбие жұмысына сараптама

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие жұмысына сараптама

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жұмысына сараптама
Материалдың қысқаша нұсқасы


2024-2025 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысы бойынша сараптама

Сынып:6 А

Жетекшісі:К.А.Ботантаева

6 «А» сыныбында 17 оқушы бар.Оның 10-і қыз бала,7 ұл бала. Оқу үздігі 5-еуі –

Адилханов А., Әубәкір Н., Бағланқызы М., Жармұхамет Т., Ренатқызы А. Екпінділері:12 оқущы:Ахметкәрім Ә., Қуандық М.,Қулукбай А.,Мұса К.,Таңатар А.,Таңатар А.,Азаматқызы А.,Болатов Н.,Ерғали А., Жанатбек Д., Мақсұтхан І., Шамин Қ.


Қыркүйек айында ата-аналар жиналысында оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының тақырыбы, мақсат – міндеттерімен таныстырылды. ата-аналар комитеті сайланды . «Біртұтас Тәрбие Бағдарламасы» бойынша 34 сағатқа жылдық тәрбие жоспары жасалды. Биылғы тәрбие жоспарының ерекшелігі 34 қауіпсіздік сабағы бар, әр аптаның дәйек сөзі берілген.

Тәрбие жұмысының бағыттары:

Ай сайын өткізілген іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталған

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.

Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті 

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды 

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан   тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйек сөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады. 

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу 

Өткізілген тәрбие сағаттарым:1 қыркүйек -Білім күні.«Менің Отаным – Қазақстан!»Қауіпсіздік сабағы №1: «Жедел қызмет нөмерлері» , «Тілім менің ғасырларға аманат» Қауіпсіздік сабағы №2: «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады? (фонтан)» ЖЖЕ №1 Біздің қала (ауыл), аудан, Алдын алу шаралары: «Буллингтен қорған».Қауіпсіздік сабағы № 3: «Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?», «Еңбек түбі береке» Қауіпсіздік сабағы №4: «Кибербуллингтің белгілері. Қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?»


18 қазанда өткен «Алтын күз» кешіне қатысып I орынмен марапатталдық. 23 қазанда Маяковский кітапханасы барып, ақпарат алып тақпақтарын айтып қайтты.

24 қазанда

І. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоциональды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

Өткізілген тәрбие сағаттарым:1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған  «Елбасының көшбасшылық сабақтары» , «Ұрпаққа үлгі болған ерлік»,«Ер есімі –ел есінде», « 28- батыр панфиловшылар ерлігі» видеоролик Иманбек Н. мен Садакасұлы Е., Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «бала құқығы- адам құқығы» , «Бір мақсат-бір мүдде» тақырыбындағы эссе жұмыстары Аусабаева А., «Туған қаламды мақтан тұтамын!» эссе байқауы-Иманбек Н.



ІІ. Рухани-адамгершілік тәрбие

Мақсаты: Адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамдық әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Тілім-тұғырым », «Ұстазым, менің ұстазым!», «Отбасы - бақыт


мекені» фотоколлаж конкурсы, «Әлі талай жыр болып жазыларсың»М.Мақатаев туралы тәрбие сағаты.

ІІІ. Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу кеңістігін қалыптастыру. 

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Қазақтың әдет-ғұрыптары мен ұлттық салт-дәстүрлері» сынып сағатынан көрініс Кусаинова А. бос уақытында ұлттық тағамдарын жасайды., «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің»,


IV. Отбасы тәрбиесі

Мақсаты:Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін көтеру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.

Ата – аналармен жұмыс – отбасылық жағдайларды үйрену және баланың отбасылық тәрбиесіне жағдай жасау,тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізу. Ата-аналар жиналысында «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында баяндамада жасалды.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Отбасымның  бос уақыты», «Менің отбасымның  тарихы мен дәстүрлері» тақырыбында іс-шара, мектепішілік ата-аналар жиналысында Бақытжан Ақботаның анасы Байгенженова Айман өз іс –тәжірибесімен бөлісті.Аусабаева А. «Бақытты отбасы» фотоколлажына қатысты.

V. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау», «Табиғат тіршіліктің нәрі»,

VІ. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты:Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Ата-баба мұрасы, ұрпақ жалғасы», «Ардақты ана, қамқоршы ұстаз және мен», «Бір шаңырақ астында», директордың тәрбие жөніндегі орынбасары К.Қ.Есмурзаевамен "Ұлы даламның қасиетті құндылықтары" « Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты : Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың :Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында Ұлы даланың жеті қырын талдау және ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау

VІІ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Интернеттегі қауіпсіздік», «Ғажайып физика», 12 сәуір – ғарышкерлер күні«Мен ғарышкер боламын» бейнежазба жасалды

VІІІ. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты:  Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын,денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Өткізілген тәрбие сағаттарым: «Шынықсан шымыр боларсың!», «СПИД-қоғам дерті» 1-желтоқсан бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, «Зиянды заттардың зардабы», «Судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру». Техника қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау мақсатында Астана қаласынан онлайн ZOOM конференциясы арқылы Юнисеф Айнур Сапаровамен сұқпат жүргіздік.


Тәрбие сағаттарының әр тақырыбына байланысты мақсаттардың барлығы дерлік орындалып оқушылардың Отансүйгіштік , адамгершілік , саяси мәдениеттілік қасиеттерінің дамуына тиісінше ықпал жасалынды. Сабақ барысында қоданылған көрнекілік құралдары да қосымша деректер мен материалдар өте тартымды болды.

Тәрбие сағаттарының өткізілу формасы да сан алуан түрде жүрді атап айтсақ олар: дөңгелек үстел , сабақ презентация. ,таныстыру сабағы және тағы басқа түрлерін қамтыды.

Оқушылардың барлығы бос уақытын арнайы спорттық үйірмелерде және би үйірмелерінде өткізеді.

Шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамытуға жағдай жасау.

Жалпы сыныптың білім – білік дағдылары қалыптасқан. Тәртібі, тазалығы жақсы және қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепішілік және қала көлемінде өтетін іс-шараларға белсене ат салысады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.10.2025
78
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі