Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жұмысына талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, жас мамандарға , тәрбиешілерге ж ұмыстарына талдау жасауға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Донбаева Ляззат Адилбековна

А.С.Пушкин атындағы мектепке дейінгі

шағын орталығы бар орта мектебінің

10 сынып жетекшісі


2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының сараптамасы.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып-үйренуге, өзін - өздері танытуларына, құзіреттілікті қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешуге бүкіл жұмыс жүйесі бағытталды.

ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады. Ондағы берілген 8 бағыт күнделікті қамтылып, мектептің дәстүрлі мерекелері мен әр ай сайын өтілетін айлықтарда көрініс тауып отыр. Бағыттардың әрқайсысына өткен оқу жылында мәлімет бере кеткен болатынмын. Биылғы жылы жеке-жеке тоқталмай, басты назарда ұстауды көздеп отырған бағыттарды атай кететін болсам:

1.Патриоттық сананы қалыптастыру. Прямоугольник 2

2.Рухани -адамгершілік даму

3. Ұлттық тәрбие

4. Отбасы тәрбиесі

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6. Зияткерлік, ақпараттық мәдениеттік тәрбие

7. Көп мәдениетті, көркем-эстетикалық тәрбие

8.Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Сыныпта 20 оқушы бар. Оның ішінде 11 ұл бала, 9 қыз бала. Әлеуметтік құрамы жақсы. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып жаратылыстану-математикалық бағыттығы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сыныптың осылай жан-жақтан жиналғандығына қарамастан, сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.
Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Оқу үздіктері -4,жақсы оқитын балалар саны – 9, орташа оқитын балалар саны – 7. Сынып математика жағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (биология, география, тарих, әдебиет) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Алты қыз ғана биге қатысады.Қыздар аудандық,облыстық ,республикалық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып ,бағалы сыйлықтармен марапатталған, атап айтсақ Талғатқызы А. ,Буркетбаева Қ.Битемір С.,Султанова А. Ал ұлдар спорттық үйірмелердің барлығына қатысады. Футболға 10ұл, штанга1 ұл,джи-ю- джитсу 4 ұл қатысады. Азиада чемпионатынан ,облыстық турнир джи-ю- джитсу Рыскелді Мейіржан - 1орын . Аудандық мектепаралық футболдан Қартайғанов Дастан «Үздік шабуылшы» номинациясы иегері атанды. Аудандық пән олимпиадасынан тарих пәнінен Рыскелді М.-3 орын ,Аудандық кіші ғылыми жобадан биология пәні бойынша Байборинова З .1-орынға ие болып облыстық байқауға қатысты.. Мектепішілік «Алтын күз» байқауын1-орын иеленді .Мектепішілік «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігіне орай өткізілген футболдан 1- орын иеленді.Аудандық кітапхананың үйымдастыруымен өткізілген « Махамбет оқулары» 2-орын және 3-орын ,атап айтсақ Аубакиров Ж. 2-орын,Тұмарбаева М. 3-орын Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» жасөспірімдер арасындағы ІІІ-Халықаралық « Art Bayterek» байқауынан Исаханова А- бас жүлде және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мектепішілік «Қыз ару» байқауынан Буркетбаева Қ –бас жүлде, Талғатқызы Арай 1-ші орын, Битемір С 2-ші орын.

«Жігіт сұлтаны» сайысынан Болатов Жанкелді бас жүлдеге иеленді, және аудандық оқушылар арасында «Жас заңгер» номинациясына ие болды.

Сыныптан тыс жұмыстарды сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Сынып іші топ-топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл, бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Бірінші сыныптан бастап бірге оқып дос болып келе жатқан оқушылар да бар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Көбінесе ұлдар қыздарды сыйлап, олардың ырықтарына көніп отырады.
Оқудан тыс өмірде оқушылар әртүрлі шараларға қатысады, мысалы дөңгелек стол, кездесулер, атап айтсақ «Құқық бұзушылыққа қарсы күрес» дөңгелек столға №13 орта мектеп аясында өтті, өз мектебімізде «Діни экстремизмге қарсы күрес» аудандық бас имаммен кездесу, АӘД пәнінің мұғалімі Амирханов ауған соғысының ардагерлерімен кездесу үйымдастырды.Аудандық кітапханамен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты, соңғы кездесуде аудандық Ж.Султанбаев өзіне бірнеше оқушылардың белсенділігі және дикциялары ұнағандығын айтты атап айтсақ,Тұмарбаева М. Исаханова А, Аубакиров Жәнібек . Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.00.2018
3078
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12