жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие жұмысына талдау үлгісі
2018-2019 оқу жылы бойынша тәрбие жұмыстарының есебі
Алғашқы қоңырау мерекесі «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өтті. 1-11 сынып қатысты. Қалалық білім бөлімінен қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Ата-аналар ат салысты.
Білім күніне арналған алғашқы қоңырау мерекесінен
соң ашық тәрбие сағаттары «Мен өз елімнің кішкентай патриотымын», «Мен патриотпын» тақырыптарында өтті.
Қалалық «Рудный-марафон»
10 сынып оқушылары мен 9 «Г» сынып оқушылары жалпы 50 оқушы «Рудный-марафон» жүгіру марафонында қолдау көрсетті. Сыйлыққа мектебімізге екі футболный доп алды.
«Денсаулық фестивалі-2018» атты іс – шараға талдау
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 15 орта мектебінде» «Дені сау – ұрпақ» ұлт болашағы» деп аталатын іс шара өтті. Іс – шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты . Дене шынықтыру мұғалімдері сыныптарға әр түрлі сайыстар ұйымдастырды. Сол сайыстарды өту барысында ұпай қойылып, саналды. Ұпайлардың саны бойынша орындар және номинациялар берілді. Барлық сыныптар сайыстарға қызыға қатысып, оқушылар марапатталды. Фестивальдің этаптары:
Этаптың атауы |
Орны |
Жауапты |
«Асық ату» |
«Тартан» алаңы |
Қожахметов О.К |
«Баскетбол» |
«Баскетбол» алаңы |
Аханов Қ.Б. |
«Қақпаға доп салу» |
«Футбол» алаңы |
Әлімбай Қ. |
«Ұзындыққа секіру» |
«спорт алаңы» |
Мұрат |
Кедергіден өту |
«Спортзал» |
Манарбек Е.Қ |
Жалпы іс-шараға 450 оқушы ат салысты.
«Қарттарым аман сау жүрші!» мерекелік іс-шара
01 қазан күні қалалық саябақта ұйымдастырылған іс шараларға біздің мектепте ат салысты. Мәселен «Дарь осени» көрмесі өтті. Көрмеге бастауыш сыныптар түрлі қолдан жасалған дүниелерін ұсынды. Және Алипова А.Б жетекшілігімен 100 конверт ашық хаттар сыйға тартылды, оған 8 «А» сыныбы мен Дағарова Фазира Ұзақбекқызы оқушыларды ұйымдастырды. Мектептің мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Мақсаты: оқушыларымыздың адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, қарт кісілерді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу. Жалпы іс шараға 15 шақты оқушы және ұстаздармен бірге өз өнерлерімен, ал көрермен ретінде 110 оқушы ат салысты. Іс шараға қала қонақтары қатысты. Қала тұрғындары арнайы шақыртылып, қарт ата-әжелер мерекелік іс-шараға ат салысты. Іс шара барысында Сұйментай Гүлсезім «Әже» әнін орындаса, Эльанора «Ана» әнін, Асембекова Айнұр «Бір бала» әнімен керемет әндер шырқалды. Бастауыш сыныптардан құралған «Мальчик и девочек» қойылым өте жақсы өтті. Сонымен қатар іс шараның өту барысында қарт әже аталарымызды қарсы алып, шығарып салған 7 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге жақсы қызмет атқара білді. Сонымен қатар Оразбай Мұрат, Думан Даниярұлы сияқты ұстаздарымызда өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы домбыра, гитара, авторлық өлең, тақпақтар 3 тілде (ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі) жанрлары анық байқалды. Сонымен қатар алдағы уақытта іс шаралардың өту деңгейі жоғары болады деп сенімді түрде айта аламыз. Жалпы іс шара өз мақсатына толық жетті.
Төтенше жағдай бойынша алдын алу эвакуациялау оқу жаттығу іс-шарасының ұйымдастырылуы туралы
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
12 .10.2018 күні «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ» бола қалған кезінде эвакуациялау оқу жаттығуы өтті. Мақсаты: қауіп қатердің алдын алу, және қоғануға төтенше жағдайға дайын болуға үйрету. 1 қабат, 2 қабат және 3 қабат қамтылды. Эвакуациялау оқу –жаттығу жұмыстарына 2-4 және 5-11 сынып оқушылары қамтылды. Барлық мектеп ұжымы пән мұғалімдері және сынып жетекшілері техқызметкерлер қатысуы қамтамасыз етілді. Схемада көрсетілген нұсқаулық бойынша түсіндіру жұмыстары алдын ала жүргізілді. Сонымен қатар 6 шы сабақтың уақытында «Төтенше жағдайға байланысты нысаны босату» керек деген сигнал берілді және мектеп кезекшілері өз міндеттеріне атқарды. Сыныптағы оқушылар пән мұғалімінің көмегімен оқу құралдарын жинап, сапқа тұрғызылып, бір біріне кедергі келтірмей далаға шығарылды. Коридор кезекшілері мен техперсоналдар сыныптардың дүрбелеңге түспей, рет ретімен түсуін қамтамасыз етуге көмектесті. Сынып оқушылары бағытталған схема арқылы рет ретімен далаға шығарылып, құтқарылды. Мектеп медбикесі оқушыларды өз қадағалауына алды. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері оқушылардың санын шығарып түгендеп мектеп әкімшілігіне есеп берді.
«Аяулы ұстаз» мерекелік іс-шараға талдау
Ұстаздар күні мерекесіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың эстетикалық қабілетін дамыту, ұстаздарға деген құрметті арттыру. Салтанатты іс-шараға арналған 05.10.2018 күні өтті. Оқушылардың эстетикалық қабілетін арттыру мақсатында мәдени сөйлеу, сахналық мәдениет сонымен қатар безендіру жұмыстарына біріктірілді. Сонымен қатар іс шара барысында өзін - өзі басқару жұмыстарына назар аударылды. Бірлестік бойынша 9 сынып жетекшілері құттықтаулар жасап, құттықтады. Өзін өзі басқару балалар ұйымы «машина времени» тақырыбында 80-90 жылдардағы сәтке сапар шекті. Безендіру, ұйымдастырылған іс шаралар , түрлі ойындар, би кеші барлығы тақырыпқа сай өтті. Сонымен қатар мерекелік концерт барысында да ат салысты. Жалпы іс-шара барысында: ән, би, хор, ктк, әзілдер, үш тілде ұстаздарға арналған тақпақтар және 18 жүргізуші ат салысты. Негізгі бөлік бастауыш сынып оқушыларында. Іс-шараға 150 дей оқушы ат салысты. Жалпы қорытында барысында іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ауқымды жұмыстар
2018 оқу жылының 1 тоқсаны бойынша рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Облыстық әскери патриоттық тәрбиені жүзеге асыру барысында өткен іс шараға «№15 орта мектебі» КММ оқушылар қатысып жүлделі 2 орынға ие болды.
Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласында алдағы
бірнеше жылда гуманитарлық білімнің
барлық бағыттары бойынша әлемдегі
ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден
қазақ тіліне аударып, жастарға дүние
жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде
білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін
айтқан болатын. Осыған байланысты
-«100
жаңа оқулық» бойынша Рудный индустриялық
институты кітапханасына 10-11 сынып
оқушылары 01 қараша күні барып танысып
қайтты. Оқушылар өздерінің алған
әсерлерін білдіріп ктапханада біраз
пікір алмасты. Сонымен қатар Рудный
дауысы теледидарға сұхбат берді.
- 01 қараша күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен Қаламыздың ескерткіштеріне экскурсия жасау іс-шарасына 4-7 сынып оқушылары ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушыларымыз ерекше әсер алып, суреттерге түсіп рухани азық алды.
- «Топжарған» көшбасшылар ойын сауық өткізілді. Мақсаты көшбасшы оқушыларды анықтау дамыту. 5-6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында станциялар арқылы өтіп, оқушыларға түрлі тапсырмалар берілді. Нәтижесінде топ жарған сыныптар марапатталды.
- «Тәуелсіз елдің қорғанымын» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының арасында пневматикалық қарудан оқ ату сайысы өтті. Мақсаты: елін, жерін қорғауға үйрету және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- 13 қараша күні өткізілген «Туға қарап сап түзеу» қалалық іс шарасы № 15 орта мектебінде өтті. Жалпы 12 мектеп іс-шараға қатысты. Іс шараның өту барысында хор, трио өздерінің әндерін орындады. Жетекшілік еткен Ширланова Д.П. сонымен қатар қорытындысында 3 орынға «Айбын» үйірмесінің оқушылары ие болды. Және компос сыйлығына ие болды. ҚББ бұйрығы негізінде Өміржан Қ.Қ бұйрық бойынша алғыс жарияланды.
Бастуыш сыныптар бойынша рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Бір ғасырда туылар ғажайыбым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Нәтижесінде оқушылар марапатталып, үздік оқушы қалалық іс шараға жолдама алда.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары
20 қазан күні «Дін.Адам.Құқық» тақырыбында 8 сыныптар дөңгелек үстел өтті. Барлық сыныптар қатысты. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Дінге деген оқушылардың көзқарасын білу мақсатында 7-9 сыныптардан сауалнама алынып, қорытындысы жасалып алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілердің жоспарына сәйкес сынып сағаттарының өтуі тексерілді.
29 қазанға сағат 16.00 де «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ «Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» МКҚК ұйымдастыруымен «Жалғыздық» пьесасы діни экстремизмнің алдын алу мақсатында ДШМ –да өткізілді. Біздің мектептен пьесаға 8-10 сынып оқушыларынан 30 оқушы көрермен ретінде қатысты.
«Салқын күздің жылы әзілдері» КТК
17 қараша 2018 күні «Салқын күздің жылы әзілдері» тақырыбында көңілді тапқырлар кешінің кубогы ойнатылды. Мақсаты:
Оқушылар 8-9 сынып қатысты. Барлық сынып 100 пайыз ат салысты. 1 орынға 8 «Б» сыныбы, 2 орын – 9 «Г» және 3 орын- 8 «Ә» сыныбы ие болды. Жалпы іс-шара барысында әр сыныптан дифелия болды. Сыныптар ойдан шығарылған «Мода-2018» кастюмдарын ұсынды. Жүлделі орындарға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
СПИД/АИТВ бойынша іс-шаралар
АИТБ 5-11 сыныптарға түсіндіру жұмыстары сынып жетекшілері арқылы жүргізілді. Ата-аналар жиналысында да айтылып хаттамаға жазылды. Сонымен қатар 8-11 сынып оқушыларына арналған бейнеролик және презентация көрсетіліп оқушылардың 90 пайызы қамтылды. Облыстық ауруханадан келген СПИд орталығының қызметкерлері 9 сыныптар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізді. Жалпы: 250 оқушы қамтылды.
Сведения о проведенных мероприятиях по профилактике ВИЧ/СПИД за 2018 год
КГУ «Средняя школа №15» акимата города Рудного
Наименование региона |
СУЗ (школы, школы-интернаты) |
ССУЗ, профтехшколы (не включаются медицинские профили) |
||||||||||
Количество учреждений в регионе всего |
в т.ч. охвачено |
Количество учащихся всего (с 8 по 11 классы) |
в т.ч. охвачено |
Количество педагогов |
в т.ч. охвачено |
Количество учреждений в регионе всего |
в т.ч. охвачено |
Количество студентов всего |
в т.ч. охвачено |
Количество педагогов |
в т.ч. охвачено |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Костанайская обл, город Рудный |
|
|
259 |
244 |
77 |
77 |
|
|
|
|
|
|
1 желтоқсан Президент күніне орай өткізілген іс-шара
Мақсаты: Елбасымыздың ел үшін сіңірген ерен еңбегін насихаттау.
30 қараша 2018 ж 5-6 сынып “Балалық шағымның аспаны” киносын бір уақытта тамашалау ойдағыдай өтті. Сынып сағаттары жоспар бойынша өтті. 1-11 сыныптарда.
9 сынып мамандық таңдау
9 сыныптарда жалпы -60 оқушы ат салысты.
«Төрлет жаңа жыл!»
Мерекелік кеште 1-11 сынып оқушылары ат салысты. Жаңа жылдық кеште оқушылардың 95 пайызы қамтылды.
2018 жылдың 16 желтоқсан
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс шараларға талдау
12 қараша күні «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бойынша бастауыш сыныптарда 1-4 «Қазақстан –қызғалдақтың Отаны», «Қазақстан-алманың Отаны» тақырыбында сурет сайысы өткізілді. Сонымен қатар «Жас ұландар, алға!» тақырыбында патриоттық ән сайысы 5-6 сыныптарда, 7 сыныптарда патриоттық әнге флешмоб ұйымдастырылды. Флешмобқа 7сыныптарға 100 пайыз қатысу және біркелкі киім туралы талап қойылған болатын. Сыныптардың барлығы ат салысты. Оқушылардың қызығушылығы жоғары. Сыныптағы барлық оқушы қатысты. Сонымен қатар киім ерекшеліктері, патриоттық әнге сай қимылдары, сахналық мәдениеттері де ескерілді. Жалпы флешмоб қорытындысы бойынша 1 орын 7 «В» сыныбы ие болды. Бұл сыныпта жаңашылдық идеясы ескерілді. Ұлы даланың жеті қырымен ұштастырып, киім жағынан еңбектенген. Оқушылардың шығармашылығы басым болды. 5-6 сыныптарда өткізілген «Патриоттық ән сайысы» өте жоғары деңгейде өтті. Сыныптардың ән айтудағы талғамы, дайындығы жоғары. Жауапты болған музыка пәнінің мұғалімдері Ширланова Д.П. және Тажина Г.Қ. өздерінің жұмыстарына жауапкершілікпен қараған. Сынып жетекшілері де оқушылардың киімдеріне, тазалығына, эстетикалық тұрғыдан ескере отырып, сахналық мәдениетіне, әннің мазмұнына қарай композициясына аса мән беріп, азаматтық-патриоттық тәрбиеге жауапкершілікпен қарағаны айқын көрінді. Әр сыныптың өзіндік ерекшеліктері, эскизі, патриоттық әнге сай болды. Ата-аналарда көрермен ретінде келіп, өздерінің алғыстарын білдірді. Биылғы патриоттық әндер сайысы әр сынып бойынша бағаланды нәтижесінде 1 орынға 5 «Б», 2 орынға 5 «В», 3 орынға 5 «А», 5 «Ә» 6 сыныптар арасында 1 орынға 6 «А», 2 орынға 6 «Ә» , 3 орынға 6 «В», 6 «Б» ие болды. Әрбір сыныпқа сыйлықтар берілді. Сонымен қатар «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында суреттер сайысы 5-7 сыныптар арасында өткізілді. Тәуелсіздік күніне орай ашық тәрбие сағаттары «Қазақстан қызғалдақтың Отаны» тақырыбында Жылдамкулова А.О. 5 «А» сыныбында өтті. 2 «Б» Түстібаева А.А ұйымдастыруымен «Тәуелсіз ел ұрпағы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Сонымен қатар 4«В» Сұлтанова Ш.А. «Тәуелсіздік ел тірегі »тақырыбында тәрбие сағаты ата-аналармен бірге өтті. Жалпы бұл іс-шарада 600 дей оқушы қамтылды. Жалпы қорытынды барысында тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ат салысқан барлық ұстаздарға бұйрық бойынша алғыс жарияланды. (қосымша 1)
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.К.Аманбаева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген