2017-2018 оқу
жылында 9 «А»
сынып оқушыларымен жыл
бойына
атқарылған тәрбие жұмысының
есебі
Сыныпта барлығы 28 оқушы бар.
Оның ішінде ұлдар-15, қыздар-13.Сыныптағы барлық оқушылардың қай
жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен
танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап
шықтым.
Жыл басында 2017- 2018 оқу
жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, жас ұрпақтың бойында
азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар
ұйымдастырылды.Бүкіл тәрбие жұмысы Елбасының «Мәңгілік Ел- 2050»
жолдауында айтып өткендей оқушылардың сындарлы ойлау өзіндік
ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру бағытында
жүргізілді.Әдеттегідей, тәрбие жұмысы кабинеттерде техника
қауіпсіздігін сақтау, табиғат апаттарынан сақтану, азаматтық
қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру шараларымен қабаттастыра өткізілді.
1қыркүйекте сыныбымда «Мен Отанымның патриотымын!» атты сынып
сағаты өтті.
Ұстаздар күніне байланысты
мектепішлік «Ұстазым үлгі өнеге, ұлағатым» атты кешке концерттік
нөмірмен қатысты.
Жыл басынан яғни қыркүйектен
бастап 9 «А» сыныбының сабақтарына қатысып, сынып оқушыларының
тәртібін, сабаққа деген ынталарын,үй тапсырмаларын қаншалықты
орындайтындықтарын бақыладым.Бақылау кезінде оқушылардың оқу
барысында жіберген қателіктерін дер кезінде байқап,оларға
ескертулер айтып отырдым. Әр аптаның үшінші күндері күнделіктерін
тексеріп, ескертулер беріп отырдым. Әсіресе күнделікті уақытында
толтырып, пәндерден алған бағаларын сол бойда қойдыруларына үлкен
мән беріп отырдым. Себебі, оқушылар мен ата-аналарда осы уақытқа
дейін бұл дағды қалыптаспаған. Жыл басынан әр аптаның сенбі күндері
жоспар бойынша сынып сағаттарын
өткіздім.Салауатты өмір салтын
қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ң
белгілері, жұқтырудың алдын –алу», «Дұрыс тамақтанудың бала
денсаулығына әсері» атты әңгіме
өтті.Жыл бойына мектепте өткізілген
қоғамдық іс шараларға сынып оқушылары барынша белсене
араласты,пәндер апталықтарына қабырға газеттерін шығарып,
мерекелерде сахна көріністеріне ат салыса қатысып жүлделі орындарға
ие болды.
8-11 сыныптар аралығында өткен
«Алтын Күз» кешінде әрі сынып оқушылары да түгелімен белсене
қатысты. Әсіресе бұл кеште киім үлгілерін тамаша көрсете
алды.Таныстыру сценарилері де ойдан шықты,қолдан келген өнерлерін
ортаға салып, таң қалдырды.Олардың еңбектері еленіп, марапаттау
қағаздарын алды. Мектеп испекторының және
психологының сынып оқушылармен
тренинг және
әңгіме өткізілген кездесулер
өтті.
Елбасы Тұңғыш Президент күніне
орай «Елбасы мәртебесі- желтоқсан тұңғыш президент күні» және
«Тәуелсіздік күні» атты тәрбие сағаты өтті.Оқушылар 1986 жылғы
көтерілістің шығу себептерін білу арқылы, көтеріліске қатысқан
ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз армандаған
тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді мақтанышпен айта алды.
Мектепішілік олимпиадаға оқушылар белсене қатысып,жүлделі орындарға
иеленді.Сынып оқушылары интеллектуалды марафонға да белсене
қатысып, жұбаныш сыйлықтар алды. Сонымен қатар сыныптың оқушылары
Керимбаева Дильназ және Саятова Мөлдір ағылшын тілі апталығы
аясында өткізілген «School stars» атты ән сайысына қытысып,2 орынды
иеленді. 9«А» сынып ұлдарының 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне
орай сынп «Екі жұлдыз» іс шарасына жауапты болып, жоғары деңгейде
өтті. Сныбымыздың оқушысы Керімбаева Дильназ бас жүлдені жеңіп
алды. Наурыз айында «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты мерекелік іс
шара аясында әр сынып дастархан жайып,концерт тамашалап, «Үздік
Наурыз көже» сайысына қатысты.4 мамыр күні мектебіміздің 80
жылдығна орай өткізілген іс шараларға қатысты.16 мамыр күні мектеп
оқушылары театрға барды. Мамырдың 6 күні сыныпта Ұлы жеңістің 73
жылдығына арналған тәрбие сағаты және мерекелік концерт өтті.
Сабақтың және концерттің мақсаты еліміздің мақтанышына айналған
батыр қыздарымыздың ерліктерін қазіргі жас ұрпаққа паш ету,
мақтаныш ету арқылы олардың бойына патриоттық сезімді дарыту. Бұл
тәрбие сағатыдағы көрсетілген қойылымдар қай оқушыны да
толғандырмай қоймады. Сонымен қатар 7 мамыр Қазақстан
Республикасының қарулы күштер мерекесіне орай сынып сағаты өтті.
Кәсіптік бағдар беру аясынды қаламыздың көптеген колледждеріне
бардық.
Мектепте көктем айының сәуір
айынан бастап әдеттегідей мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары
жүргізіледі.Бұл шара Елбасымыздың «Жасыл ел» бағдарламасының
жалғасы, сондықтан 9 «А» сынып оқушылары да бір адамдай сенбілікке
қатысып, өз қолтаңбаларын қалдырды.Яғни сынып оқушылары бөлінген
территориясына гүл отырғызып, оларды суғарып
отырды.
Жыл қорытындысында сынып
оқушылары үлгерімі 100 пайыз, сапалық құрамы пайызбен оқу жылын
тәмәмді. Оқушылар жыл бойы мектептің қоғамдық іс шараларына белсене
қатысты.
9 «А» сынып жетекшісі:
Г.Б.Ахметкалиева