Материалдар / ТӘРБИЕ КӨЗІ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША БІРТҰТАСТЫҒЫ

ТӘРБИЕ КӨЗІ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША БІРТҰТАСТЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТӘРБИЕ КӨЗІ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША БІРТҰТАСТЫҒЫ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ТӘРБИЕ КӨЗІ – ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША БІРТҰТАСТЫҒЫ


Оспанова Нругуль Бейбитовна

"Ақмола облысы білім басқармасының

Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы

Зеренді ауылының "Балауса" бөбекжайы" МКҚК

beibitovna@inbox.ru


Қазір бой жарыстыратын заман емес,

ой жарыстыратын заман.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Қазіргі уақытта үздіксіз білім беру, еліміздің болашағы – өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің білімінің тереңдігімен, сапалылығымен өлшенеді. Білімді, жан-жақты дамыған, көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы болмақ. 

Сондықтан да білім беру балабақша табал­дырығынан басталады деп айтқым келеді. Бар білім­нің бастау арнасы – балабақша. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие мен білім са­­ласында заманауи­ педа­го­гикалық  технология­лар қан­шалықты маңызды болса, мек­теп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық техноло­гиялар ұғымы кеңінен қол­данылатын ұғымның біріне айналды. Себебі күнделікті сабақта жаңа технологиялар мен ойынның көптеген түрлері арқылы сабақтар өткізіледі.

Мектепке дейінгі білім беру саласының бас­ты міндеттерінің бірі – болашақ ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдіс­терін енгізу. Әрине  бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, балабақшаларда балалардың жеке басының қалыптасуы мен алға қарай дамуына біздің педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды жүзеге асыру, оларды қолдана білу сауаттылығына да бай­ланыс­ты.

Тәрбие мен білім – егіз ұғым. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту сұрағы мем­лекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай  мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға ылайықты білімді де тәрбиелі ұр­пақ тәрбиелеу – білімді, жан-жақты, креативті тәрбиешілердің үлесінде десек болады. Осы орайда өзімнің кішкентай бүлдіршіндермен атқаратын жұмыстарыма қолданатын интерактивті жұмыстарымды көрсеткім келеді. Заман өзгерген сайын­  әдіс-тәсілдер көбейіп, жа­ңа­­­рып, өзгеріп, толығып отыруы тиіс. Біз, тәрбиешілер қауымы заман талабына сай бірге дамуымыз қажет, бірге алға жылжуымыз қажет. Сол себепті әр түрлі курстар мен әдістемелік семинарларға қатысамыз, өзімізге қажетті тұстарын белгілеп, болашақта қолданамыз. Жаңа технология­ны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттыруда қызмет жасайды.

 Бала­бақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың педа­гогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Осы уақытқа дейін тәр­биеші ретінде балаларға үздік­сіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педа­гогикалық  технологияларды­ кеңінен қолдануға тырысамын. Себебі қазіргі заман бала­ларының берілген ақ­парат­ты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоға­ры дамығандығын байқауға болады.

Microsoft Power Point бағдарламасында құрастырылған «Түрлі-түсті ұяшықтар» ойынын ұсынамын. Ойынның мақсаты бүлдіршіндермен түстерді үйрену, еске түсіру, жаңғырту, қайталау. Түстердегі сұрақтарға жауап бере отырып, ұяшықтар өшіріліп отырады. Ұяшықтар астынан тақырыпқа байланысты сурет шығады (1, 2-суреттер).


Сурет 1. «Түрлі-түсті ұяшықтар» ойыны


Сурет 2. Ойын барысы

Сонымен қатар назарларыңызға интерактивті ойын түрін ұсынамын. Бұл ойын арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қаблеттері артады. Суреттерге қарай отырып, қай жануардың немен қоректенетінін анықтайды, есте сақтайды. Дұрыс жауаптарды бір-бірімен сәйкестендіреді (3,4-суреттер).


Сурет 3. Интерактивті ойын


Сурет 4. Интерактивті ойын



Тәрбиешінің көмегімен балапандар дұрыс жауаптарды сәйкестендіре отырып, өздерінің жауаптарының дұрыс немесе бұрыс екендіктерін көре алады.

Балабақша –тәр­бие мен білімнің ең алғаш­қы баспалдағы. Мұн­­­дағы тәрбие мен білім ба­ла­­лар­дың жақсы мінезін, ойлау қа­бі­летін, ой-санасын дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз. Қорыта келе, мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен жас ұрпақты өсіру өзімнің ең басты мақсат­тарым­ның бірі екенін қуанышпен айта аламын.



ЖИ арқылы жасау
19 Сәуір 2025
168
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі