Тәрбие мазмұнын жаңарту
жағдайындағы мектептегі тәрбиелеу үрдісін жетілдіру
жолдары.
Абилова Лира Кузаировна –
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. «Ғұмар Қараш атындағы
орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
Борсы ауылы, Жәнібек
ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Бүгінгі таңда елімізде білім
беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде:
«Біз қазір «білім –ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын
постиндустриялық ілімге қарай бағыт алып барамыз»,- деген болатын.
Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа
сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Осы
орайда білім беру мазмұнымен қатар тәрбие беру мазмұнында да
жаңартылған үрдіс өз жетістіктерімен көрініс
табуда.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы
үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ
жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік
әрекеттермен ұштасады. Республикамыз егемендігін алған және
қоғамымыз жаңарған қазіргі жағдайда білім берудің шын мәніндегі
демократиялық жүйелерін құру принциптері өз мәніне сай қалпына
келтірілуде. Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға,қайталанбас
даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір бала – өмірдің, оқу – тәрбие
процесінің еркін субьектісі.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде
білім беру саласындағы педагогтар үшінде соның ішінде мектеп
ұстаздары үшінде ең басты мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені
оқыту баланы қалай тәрбиелеу керек?»,- деген сұрақ маңызды. Осы
салада бірнеше жыл жұмыс атқарып жүргендіктен осы сұрақ бәрімізді
де ойландырады. Өз тәжіриебемізде қалай жетілдіріп, жұмысымызды
нәтижелі жолға қоюға болады? Осы сұрақтың шешуін табу жолында біз
Назарбаев зияткерлік мектептердің іс – тәжіриебелерімен бөлісіп, өз
іс – тәжіриебемізге қосар болсақ және жаңартылған білім беру
мазмұнындағы жаңа технологияларды қолдану арқылы тәрбие беру
мазмұнында жаңару болары сөзсіз. Бұрын тәрбие беру мазмұны қалай
болды?
Ал қазір қандай дәрежеде
өзгерді? Жаңартылған білім мазмұнының негізгі мақсаты – жаңартылған
білім мазмұнынын сапалы меңгертуді қамтамасыз ету, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар сабақтастық
арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық тәрбие мен
мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық
және зияткерлік деңгейін дамыту болып
табылады.
Осындай мақсатта сабақ
үрдісінде ғана емес сыныптан тыс шаралар барысында да жаңа
әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларды тәрбиелей аламыз.
Мектепте ұйымдастырылатын әртүлі шара барысында төрт дағдының
мазмұнына жеке- жеке тоқтала отырып, жұптық, топтық жұмыс жүргізіп,
орындалған тапсырмалар қызу талқыға түсіп, мақсатына жетіп
отырды.
Біз жаңа бағдарлама арқылы
оқушылардың өзіндік пікірі қалыптасқандығы, әр оқушының « мен»
деген пікірі байқалғаны, барлық оқушылардың пікірінің құндылығы,
бірін – бірі тыңдай білуі, бағалауы, топтық, жұптық, жеке
жұмыстардың жүзеге асырылуы, оқушы құзыреттілігнің артуы сияқты
ерекшеліктерді көріп отырмыз. Міне жаңартылған білім, тәрбие арқылы
жаңаша серпін пайда болғандығының куәсі болып өз тәжіриебемізде
қолданып келеміз.
Жаңартылған білім мазмұны
шеңберінде оқушыларды сыныптас тыс шаралар арқылы тәрбиелеуде
көбіне қолданылатын іс – әрекет - танымдық іс –әрекет болып
табылады. Сыныптан тыс танымдық іс – әрекет шеңбері оқушылар
сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығуын
дамытатын мәселелерді қозғайды. Танымдық іс – әрекетте ұжымдық және
жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Оқу барысына қарағанда
оқушылардың сыныптан тыс іс – әрекет формалары көбірек. Балалар
байқауларға, викториналарға, әңгімелерге қатынасады, ғылым мен
техника жаңалықтары жөнінде мәлімет тыңдайды, танымдық сипаттағы
ойындарға қатынасады, шара барысында алған білімдерін
талқылайды.
Міне осындай іс – әрекет
арқылы және жаңа әдіс тәсілдерді қолдану арқылы тәрбие мазмұнында
жаңаша бағдарлама негізінде жүргізу бүгінгі күннің басты талабы
болып отыр. Сондықтан да бұрынғының құрсауында қалмай заман
талабына сай өзгере отырып, жаңаша көзқарас қалыптастыра отырып,
тәрбиелейік дегім келеді.
Сөзімді қорытындылай келе
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Терең білім мен тәрбие Тәуелсіздігіміздің
тірегі, ақыл – ой азаттығымыздың алды аспаны» - деген екен. Олай
болса жаңартылған білім бағдарламасы бойынша берілген тиімді әдіс –
тәсілдерді меңгеріп, жаңаша серпін алып, Тәуелсіз елдің бәсекеге
қабілетті жас жеткіншектеріне білім мен тәрбие беру жолындағы
еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығы «Бір мақсат, бір мүдде, бір
келешек» біртұтастығы деп атап көрсеткендей баршамызда оқушыларға
сапалы тәрбие беру жолында жаңартылған оқу бағдарламасының
басымдықтарын меңгере отырып, бір мақсат көздеп, бір мүдде үшін
тәрбиелеп, бір келешек үшін еңбектене білейік дегім
келеді.