жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Тәрбие отбасынан басталады"
Тәрбие отбасынан басталады
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасындағы қарым- қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ата- анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: тәрбие сағаты
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап .
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, «Менің отбасым» фото- суреттер (оқушылардың алдын- ала отбасымен түскен фото суреттерін алып келу тапсырылды) . Сол фото суреттерден көрме ұйымдастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Көңілашар сәті: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата- ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қызығушылықты ояту:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата- ананың алдындағы парызын өтеуге, отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Тәрбие отбасынан басталады» атты тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Алдымен «отбасы» дегеніміз не?
1-оқушы: Отбасы- бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар.Ол адамдарды
отбасы мүшелері дейміз.
Отбасы –адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс- тіршілік әкеледі. Отбасының мүшелері болады. Отбасы мүшелерінің тұратын мекенжайы,үйі болады. Бақытты отбасын құру үшін әр мүшесінің өз отбасына деген сүйіспеншілігі болу керек. Әр отбасының өз табысына лайықты шаруасы болады.Отбасы мүшелерінің ортақ ісі, мақсаты отбасын дұрыс ұстау, әр мүшенің оқуына, жұмыс істеуіне, демалуына, тамақтануына, дұрыс киініп, таза жүруіне жағдай жасау.
2-оқушы: «Мен кіммін?» тақпағы
Сұрақтарға жауап алу.Оқушылардың жауаптары.
Оны тапқан кім екенін айтып береді.
3-оқушы: «Күнім, жаным» дегенді
«Құлыншағым» дегенді.
«Ботақаным» дегенді.
«Толған айым» дегенді.
Ойлап тапқан аналар.
Нақыл сөз- білгенге ақыл сөз.
1.Жақсылық отбасынан басталады,
Жақсы бала- отбасының қуанышы.
2.Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
-Осы нақыл сөздерді қалай түсінесіңдер?
- Оқушылардың жауаптары.
4-оқушы: О, Ата- анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
5-оқушы: Ата- ана алдындағы әдептілік- баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата- ананы сыйлау- елді сыйлау. Ата- әжесін құрметтеу- өмірді құрметтеу.
6-оқушы: Алдымен сүй, ардақты ата- анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімнен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата- анаға сәлем айтқан ән- жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Ендігі кезекте ата- ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
7-оқушы: Ұл- қыз, ата- анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
8-оқушы: Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата- анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас- туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана- жарық дүниеге әкелуші.
Көрініс В. Сухамлинский «Ақ шаш»
9-оқушы:Адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері: бауырмалдық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, үлкенге қолғабыс тигізу, туыстарды мерекемен құттықтау, сыйлық сыйлау, инабатты, мейірімділік.
«Мама» әні орындалады.
10-оқушы: Оң қанатым- әкем де,
Сол қанатым – анашым.
Қос қанатың болғанда,
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі,
Сау болса екен мәңгілік.
II бөлімі:
Жүргізуші: Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әрбір балақан,
Анасына ұқсайды- демекші қазір үш ана ортаға шығады.Өздерін таныстырып кетеді.
-Мен сіздерге үш конверт ұсынамын, өздеріңіз алған конверрің ішіндегі тапсырманы алып орындайсыздар.
1-тапсырма: Мақалды балаңызға жаттатыңыз,мағынасын түсіндіріңіз.
Мақал. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
2-тапсырма: Бой жазу жаттығуларын балаңызға үйретесіз бе? Оқушыларға екі- үшеуін орындатыңыз.
3-тапсырма: Еңбекке балаңызды қалай үйретесіз? Түйме қадауды осы жерде үйретіңіз.
Қыздардың орындауында қазақ биі « Маусымжан»
-Келесі тапсырмаға тағы үш ата- ана шығады.
«Ситуациялық жағдаяттар»
1.Балаңыз сабақты 4 пен 5- ке оқиды.Бір күні сабақтан екілік баға алып қалды. Екілік баға алған күнделік бетін жыртып тастаған. Сіз көрдіңіз, не істейсіз?
(Сіздің жауабыңыз)
2. Бүгін ата- аналар жиналысы.Сіз бара алмай қалдыңыз. Балаңыз үйге келген соң жиналысқа бармағаныңызға ренжиді.Сіз қалай жауап бересіз?
(Сіздің жауабыңыз)
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» депті.Сіз не деп жауап берер едіңіз?
(Сіздің жауабыңыз)
Ән «Анамның тілі- аяулы үні »
Ой толғау.
-Келесі тапсырмаға екі ата- ана шығады.
1. «Бала кім?» Осы сұраққа өз ойыңыздан бірнеше жауаптар қайтарыңыз.
(Болашағым,үмітім, сүйенішім, өмірімнің жалғасы, бауыр етім,ізбасарым, қуанышым, бақытым т.б)
2.Балаңыздың қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?
(Еріншек, сараң,жалқау, мақтаншақ, ызақор, ашуланшақ т.б)
Оқушылар хоры: «»
Жүректен- жүрекке
Жүрекшені оқушылар ата-аналарына тілек айтып береді.
-Бақыт деген- ата- анаң қасың да болса.
-Бақыт деген- отбасында ешкім ауырмаса.
-Бақыт деген- еліміз тыныш болса.(т.с.с жауаптар айтылуы мүмкін)
Қорытынды:
Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген