жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие психологиясы
Тәрбие психологиясы
«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру»
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев
Жұмыстың өзектілігі Жас бала – жаңа өркен жайған ағаш тәрізді – дейді халқымыз.
Жерге отырғызған жас көшетте қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру олардың айналамен қарым-қатынасын , және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы ретінде қарастырылды.
Тәрбие, кең мағынада алғанда, қандай да бір жан иесіне тиісі азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа блғанша тиісті азық беріп өсіру деген мағынада жүргізіледі.Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөдері, тұмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәрбиесі халықтық психологиямыдың асыл қазынасы болып келді.Қай заманда болмасы ұрпақ тәрбиесі адамзаттың парызы болды. Әр халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған әлтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті. Осылардың барлығы адамзат тәрбиесінде халық педагогикасы мен психологиясының қандай роль атқарғанын көрсетеді.
Бала дамуының қайнар көздері мен жағдайларын, оның жеке басының қалыптасуын түсініп алмайынша, тәрбиенің психологиялық механизмдерін ашып беру мүмкін емес. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі тіршілік етуінің, дамуының, адам қажеттерін іске асырудың айқындаушы шарты, яғни адамның жеке адам ретіндегі даму шарты – адам араласатын қырлы іс-әрекеттің дамуы, күрделенуібаланың психикасының дамуын айқындайды. Сондықтан тәрбие міндеттерін шешуадам іс-әрекеттерінің өзара бағыныңқылығының психологиялық заңдылықтарына, олардың динамикасына сүйенуі тиіс. Тәрбиелік ықпал жасау жүйесін құру кезінде бала араласатын іс-әрекеттің алуан түрлерінің сипаты мен ерекшеліктерін, олардың маңызын, көлемі мен мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан нақ осы іс-әрекетті дамыту, оны кеңейту мен күрделендіру процесінде жеке адамды қалыптастырудың базисі саналатын қоғамдық қарым-қатынастар қалыптасады.
Әр түрлі функциясы және әртүрлі тәрбиелік маңызы бар әс-әрекеттің жетекші түрлерін әрбір жас кезеңдеріне алмастырып отыру заңдылығын зерттеумен диагностикалар жасау міндетті болуы керек. Қазіргі заманғы бала психикасын дамытуды балаларды дұрыс тәрбиелеудің тұтас процесін психологиялық негізгі тұрғысында кезеңдерге бөлуге тәрбие психологиясы ғылымы өз кезегінде көптеген тұжырымды мүмкіндіктер береді. Сөйтіп, бір жағынан жасөспірімдер мен жеткіншектердің іс-әрекетті, екінші жағынан, іс-әрекеттің динамикасын оның жетекші типін алмастыруды зерттеу негізінде сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттің әрбір мотивтердің белгілі бір үйлесімді байланыстарын қалыптастыруға, қажеттілік процесін дамытуға ықпал жасайтын механизмдер мен жолдарды дәйектілікпен іздеуге мүмкіндіктерді көре аламыз. Жеке адамды орнықты қалыптастыру үшін іс-әрекеттің әрбір жетекші типін қайта құру, қайта ұйымдастыру жолдарын анықтау мүмкіндіктерін пайдаландым.
Соның негізінде зерттелініп отырған пән мазмұнын үш кезеңге бөліп қарастырып, әр кезеңдік шақтың өзіндік дәлелдемелерін ғалымдардың айтылған пікірлеріне сәйкес, тұжырымдама туындады.
Мәселен, балалық шақтың негізгі кезеңдерін сипаттайтын әс-әрекеттің жетекші типтері мен соған сәйкес психологиялық жаңа құрлымдардың контурлары қазіргі кезде баса көрсетіліп отыр. Мысалы, мектепке дейінгі шақта жас балаға ойын іс-әрекеті жетекші болып есептелінеді. Біріншіден, ойын іс-әрекет ретінде көрінеді, мұнда адамдар өмірінің жалпы фундаментальды көріністеріне, олардың әлеуметтік функциясы мен қарым-қатынастарына баланың бағдар алуы болып өтеді. Екіншіден, ойын іс-әрекеті негізінде баланың қиялымен символикалық функциясы қалыптасып, дамиды.
Кіші шәкірттік шақта оқу іс-ірекеті жетекші орныға шығады. Ол білімнің қайсыбір саласныда ғылыми ілімдерді үйренуге ден қоюына байланысты, онда балалардың болмысты көрсетудің теориялық формаларында бағдар алу негіздері қалыптасады. Бұл іс-әрекеттің толық қалыптасуында, жеті-он жастағы балаларда сананың маңызды ерекшелігі ретінде психикалық процестердің, қимылдардың ішкі жобасы мен өзінің жеке қимылының рефлекциясына тиісті еркіндік пайда болатынын айта аламын.
Ал, жеткіншектік шаққа қарай іс-әрекеттің жетекші типі тағыда өзгереді. Оқу іс-әрекеті оның акуалдылығы мен маңызын сақтай отырып, өзінің психологиялық рөліне байланысты жасөспірімдердің жиынтық қоғамдық пайдалы қызметінің тек қана жеке формасы ретінде алға шығады. Жұмыстың жетекші типі деп кеңейтілген қоғамдық пайдаоы іс-әрекеттің барлық нұсқаларын: оқу, еңбек, қоғамдық ұйымдастырушылық, көркемөнер, спортты есептеуге болады. Іс-әрекеттің бұл формалары кіші мектеп оқушыларында да кездеседі, бірақ онда бұл айтып отырғанымыз жеткілікті дәрежеде өрістелмеген және жүйеленбеген. Бала жеткіншек шақта бір күйден басқа екінші күйге (әрине, мектеп өмірін дұрыс, арнайы ортаға сай ұйымдастырғанда) еркін ауысудың нақты мүмкіндіктерін байқата отырып, іс-әрекеттің оқу мен даму еңбек, көркем-өнер мен қоғамдық-ұйымдастыру, спорт және басқа іс-әрекет түрлерімен міндетті түрде шұғылдануы керек.
Қоғамдық пайдалы еңбек жеткіншек шақтың негізгі психологиялық қажеттіліктеріне: балалардың қарым-қатынасының әртүрлі формаларын тауып, істің алуан түрлі ситуацияларында, іс-әрекет формаларында пайда болатын міндеттерді ұйымдастыра және құра білуге сәйкес келеді. Жеткіншектерде қарым-қатынастың дамыған жүйесін құру олардың бойында басқа адамдарға, айналасындағыларға саналы қарым-қатынастарды қалыптастырудың негізгі қызметін атқарады. Қарым-қатынастың дамыған жүйесі жеткіншектердің саналылығы қалыптасатын жағдаят ретінде де көрінеді.
Ересек мектеп шәкірттерінің негізгі жетекші әс-әрекеті оқу іс-әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Бұл жұмыс бір жағынан, зерттеу элементтерін иеленеді, екіншіден белгіліг бір кәсіптік бағдар алады. Сондықтан, ересек мектеп жасындағы шәкірттердің, бұл шақтың маңызды психологиялық жаңа құрлымдары – оқушылардың өзінің өмірлік құра білу, оның жүзеге асыратын жолдарды іздестіріп, өзіндік және жеке тұлғалық санасын дамытуды айқындайтын адамгершілік мұрат-мақсаттарын жасау.
Баланың психикасын тәрбиелік мақсатты сіңіріп, дамытудағы осы суреттемеде толығынан қарастырылды. Зерттеу жұмысымның мазмұнында балалар іс-әрекетінің барлық жетекші типтерін екі типке ажыратуға болады. Бірінші топқа көбіне балалар адамдар арасындағы қарым-қатынастардың нормларын, мотивтерін және міндеттерін игеретін типтерді жатқыздым. Екінші топқа материалдық және рухани мәдениет объектілеріменәрекет жасаудың қоғадық қалыптасқан әдістерін игеру жөніндегі іс-әрекет типтері кіреді. Бұл жерде оқушыларда интеллектуальды, таным қабілеттерді, оперативті-техникалық мүмкіндіктерді көбірек қалыптастырады. Сонымен, іс-әрететтердің қажеттіліктері басым дамыған кезеңдері таным қабілеттері басым дамыған кезеңдері мен заңды түрде алмасып отырады.
Ұйымдасқан тәрбие процесінің нәтижесінде өсіп келе жатқан адамда кейінгі белсенді өндірістік және азаматтық қызмет үшін өажетті және оның дүниетанымы мен адамгершілігінің психологиялық негізі болып табылатын қажетті түрлі сапалар пайда болып, тұрақтайды. Бұл сапалар тиісті қажеттіліктермен қабілеттіліктерден, ең алдымен өз еңбегін дұрыс ұйымдастырп, қажеттілігінше жетілдіре отырып, еңбекке деген қажеттіліктер мен қабілеттіліктерден көрініп отырады. Мұндай дамыған нормалар мен мақсататардың негізінде жасөсірімдер мен жеткіншектер арасындағы негізгі ұжымдағы бірлеске қатынасты құру, өмірлік проблемаларды ақылдылықпен, жүйелілікпен істі бірлікпен шешудегі және тағы басқа қажеттілік пен қабілеттілік болады. Қажеттілік жоғарыда айтылғандай, іс-әрекетте ғана іске асады, сондықтан да тәрбие жүйесін психологиялық тұрғыда жүйелі құру жеке адамдарды қалыптастыруда неғұрлым ықпал жасайтын іс-әрекеттің жетекші типін ұйымдастыруды талап етеді.
Біздің елімізде қалыптасқан идеология, жеке адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу. Тәрбие негізінде: жеке адамболып қалыптасу тек отбасында берілген тәрбие ғана емес, ұжым арқылы деп түсіндіріледі. Педагогикалық теориялық зерттеулерде баланың жеке адам болып қалыптасуының ең негізі – «ұжым» екендігіне әбден көз жеткізгізу. Ұжым – тек қана тәрбиелік жағына емес, сол баланың ойлаған, көздеген мақсатына жетуіде ұжым арқылы болады. Иә, сол себептен А.С Макаренконың ұжым туралы пікірлерін сараптай келе, ұжымның негізгі мақсаты тәрбиелеу болуы қажет деген пікірге келдім. Нәтижесінде бала ұжымда үлкен рөл атқарады және баланың өзін-өзі қайта тәрбиелеуі немесе психологиялық ауытқуы бар балалардың өзі де ұжым арқылы қайта тәрбиеленуге мүмкіндігі бар.
Жек адам –индивидуальды психологиялық тәрбиесі бар, өз бетінше жұмыс атқара алатын, ешкімге мәжбүр, бағынышты емес, басқа адамға ұқсамайтын ерекше жанды айтамыз. Ал ұжым барлық индивидке бірдей талап қояды. Ол баланың жеке, ерекше қасиеттеріне қарамастан тәрбиені бірдей береді. Яғни жеке адам болып туылмайды, қоғамдық ортада, ұжымда қалыптасады.
Осы жүйенің барлыға отбасы тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді. Барлық тәрбие қарым-қатынас түрлері баланың бойында дұрыс немесе қарама-қайшы тәрбие беруі мүмкін. Балаға дұрыс отбасылық тәрбие беру үшін, оның жанұя ішіндегі әлеуметтік психологиялық жүйесінің дұрыс тәрбиелік бағытта екендігіне көз жеткізу қажет. Сондықтан үнемі, отбасы қарым-қатынасының дұрыс болуын ата-ана қадағалап отыруы тиіс. Баланы дұрыс тәрбиелеу ол ата-ананың да бір-бірімен тату тұруы, бір-бірін түсінуі де баланы бірлесіп немесе жалғыз тәрбиеленгендігіне де байланысты келеді. Баламен санасу, оның жеке ерекшеліктері мен қасиеттерін ескеру, ақыл айту және баланың ойын тыңдау өте маңызды жаңдай болып табылады. Ата-аағ балаға үлгі болуы қажет.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі табыстар бірнеше факторлармен анықталады. Бұл – оқыту мен тәрбиелеу методикасы, балалардың жас ерекшелігі, олардың дамуының нақты деңгейі. Бала дамуына қажетті фактор педагог, яғни ол мұғалім мен тәрбиешінің рөлін қатар атқарады. Кәсіби педагог өз уақытының көп бөлігін балаларды оқытуға және тәрбиелеуге бөлетін адам. Қалған ересек адамдар, яғни баланығ ата-аналары өздерінің кәсіби проблемалары мен үй жұмыстарынан қолдары босамағандықтан, балаларына көп көніл бөле алмайды. Егер балаларды оқыту мен тәрбиелеумен педагогтар айналыспағанда, бірнеше жылдардан кейін қоғам өз дамуын тоқтатқан болар еді. Жаңа ұрпақ адамдарды әлеуметтік, экономикалық және мәдени процесті көтеруге дайындықтары жетпеген болары анық. Сондықтан, зерттеу жұмысымда қарастырылған жас ұрпаққа тәрбие берудің жаңа заманғы қиындықтарының педагогиалық-психологиялық шағын тұжырымдамасы болып жан-жақты зеріттелінді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген