400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сабағы "22 НАУРЫЗ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектептегі тәрбие жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушыларға арналған сценарий үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий

Құтты болсын ұлыстың ұлы күні

Шаттандырған елімді тәңір нұры

Думандатып мейрамды біз бастайық

Баршаңызға биден шашу шашайық

 Балалар музыкамен кіреді

 1.Жүргізуші: 

Ау, аман ба жарандар

Көңілі бар алаңдар

Наурыз тойы басталды

Бәрің бері қараңдар

 

2.Жүргізуші: 

Күннің жаңа нұры бар

Мұның ғажап сыры бар

Халық сүйген мейрам бұл

Қарсы алайық тұрыңдар!

Ұлыстың ұлы күні наурыз келді ағайын

 

Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын.

1.Жүргізуші: Олай болса мерекемізді бастайық.

Балалар:

Наурыз – бақыттың  бастамасы, жақсылықтың жаршысы


Наурыз – елмен  елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн


Наурыз – татулықпен  достықтың мерекесі


Наруыз – ізгілікпен молшылықтың мерекесі


2.Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, балалардың наурызға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.



1 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар, Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз той басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.

2 - оқушы:

Әуелесін армандар,
Үміті от боп жанғандар.
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.

3 - оқушы:
О, жарандар, жараңдар,

Тамашадан қалмаңдар,
Құс қанатты көңілмен,
Жер әлемді шарлаңдар.

4 - оқушы:
Оятып шың мен асқарды,
Ерітіп мұз бен ақ қарды

Нұрландырған даланы,
Наурыз көктем басталды.


5 - оқушы:

Бұл әлемде мереке көп,
Қуанышты, әдемі!
Ал біз үшін ең жақсысы
Қымбатты Наурыз мейрамы!


6 - оқушы:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық
!


7 - оқушы:

Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде
.


8 - оқушы:

Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз
.



1.Жүргізуші:

Таң шапағын қарсы алып Наурызда

Құт-береке тілейміз баршаңызға

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алайық

Шат көңілмен бәріміз ән салайық

 

Ән  «Наурыз-көктем»


 2.Жүргізуші: Балалар бізге қонақа гүлдер келіпті. Бірақ олар өте көңілсіз.

(Балалар жылайды)

1.Жүргізуші: Сендерге не болды? Неге жылайсыңдар?


1 гүл: Анамыздан адасып қалдық?Анамызды қалай табамыз?

Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?

2.Жүргізуші:  Егер күн болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап

қалған шығар, күн болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.

2-ші гүл: Күнді тауып ояту керек.


1.Жүргізуші: Гүлдер, сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай

табасыңдар? Сендермен бірге көктем барсын.

Наурыз: Жақсы мен бірге барайын. Жолда кімді кездестірсек, содан сұраймыз. (жолға шығып кетеді, алдарынан мысық шығады).


Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.


Наурыз: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?


3-ші ГҮЛ: Біз анамыздан адасып қалдық

Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.

Мысық: Мен  үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін. Сендер оданда иттен сұраңдар?


Наурыз: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ояту керек екенін. Мына гүлдер аналарынан адасып қалыпты.  


Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана күн оянады.


2.Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз  гүлдерге көмектесейік, күнді оятайық. Ол үшін «Алақан соқ» өлеңін айтайықшы, содан кейін  күн шығады.


Ән: «Алақан соқ».


Күн: Кім мені оятқан?


Наурыз: Күн тезірек шықшы. Мына гүлдердің анасын тезірек тауып берейікші.


1.Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп жатыр.

(Күн шығады. Гүлдер шеңбер құрып тұрады. Күн ортада).

Көктем: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең таптым, қатты сағындым.


Гүлдер: Хормен: Алақай, анамыз келді!


2.Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек.

Ендеше бәріміз қосылып  «Әр қашан күн сөнбесін» әнін айтайық.


1.Жүргізуші:  Балалар, кәнеки, хан жарлығына құлақ салайық.

 

Хан:     Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Мұнда назар салайық

Жарлығымды тыңдаңдар

Ешқайсың құр қалмаңдар

Уа, халайық! Мына ұлыстың ұлы күні наурызда егер кімде-кім мені өз өнерімен таң қалдырса, мен сол адамға бір қап алтын беремін.

 

2.Жүргізуші:  Балалар, хан жарлығын сендер де естідіңдер ғой. Ендеше, ханды таң қалдыратын өнерлерің бар ма?


Бала: Әрине, өнеріміз бар. Біз батырлар биін билеп берсек қайтеді?

 

Би «Батырлар»

 

Хан:  Билерің өте тамаша екен, бірақ мен оған таң қалған жоқпын. Мені ерекше өнерімен таң қалдыратын тағы да кім бар?

 

(Осы кезде ортаға батыр жігіт пен Таусоғар келеді)

 

Батыр: Ассалаумағалейкум, хан ием!


1.Жүргізуші: Қош көрдік батыр жігіттер! Сендер кімсіңдер?  Қайдан келесіңдер?


Таусоғар:

Атағы шыққан жасынан

Бойында күші тасыған,

Алып күштің иесі

Мен — Таусоғармын.

Менің күшім тасыған соң мына зіл тастарды көтеріп жаттығып жүрмін. Әрі тағы да күшіме күш қосамын. Егер күшті болғыларың келсе, менен үлгі алыңдар


Батыр: Хан ием! Біз  сіздің жарлығыңызды  естіп, бағымызды сынап көрейік деп келіп тұрмыз.

 

Хан: Е-е, солай ма?  Сонда маған көрсетер қандай өнерлерің бар?


Таусоғар: Біз сізге өз күшімізді көрсеткіміз келеді. Қараңызшы, мысалы, мен ауыр-ауыр тастарды еш қиындықсыз көтере аламын. (Дәу тастарды көтеріп көрсетеді)


Батыр: Ал мен болсам,  дәу тастарды үгітіп  жіберемін.

(Тастарды үгітіп көрсетеді)


Хан: Екеуің де мықты екенсіңдер. Олай болса, кәне  мен сендердің күштеріңді сынап көрейін.

2.Жүргізуші: Олай болса Хан ием бұлардың күшін сынау үшін ұлттық ойынымыз күш сынасуды ойнайық.

Ойын  «Күш сынасу»


Хан:  Сендер өте мықты, күшті екенсіңдер. Бірақ та мен басқа да адамдардың өнерлерін тамашалағым келеді. Сондықтан да сендер еш ренжімеңдер


Батыр: Жарайды.


Таусоғар: Олай болса, біз қайтайық.      (Екеуі шығып кетеді )


1.Жүргізуші: Ханием! Рұқсат етсеңіз   дүбірлі мерекемізді одан ары жалғастырайық.

Ханием мың бұралған бүлдіршіндердің биін тамашалаңыз.

«Би»

   

2.Жүрг: Құрметті хан ием! Сізді таң қалдырам деп тағы да біреу келе жатқан сияқты.

(Музыкамен ортаға тазша бала кіреді)

Тазша: Есенсіз бе, хан ием!

Хан: Қош келдің тазша бала!

Тазша: Хан ием! Сіздің жарлығыңызды естіп, мен де өз өнерімді көрсетіп, бағымды сынауға келдім.

Хан: Е,е, солай де! Мені әлі ешкім де таң қалдыра алмады. Небір батырлар мен өнерпаздар мені таң қалдыра алмағанда сен қалай таң қалдырмақсың?

Тазша: Уа, хан ием! Алдымен сөзіме құлақ салыңыз. Мен сізді таң қалдыру үшін елде жоқ, ешкімнің қолынана келе бермейтін өнерімді алып келдім. Сол өнерімді көрсетуге рұқсат етіңіз.

Хан: Ешкімде жоқ ол қандай өнер? Көрсет кәне!

Тазша: Тақсыр! Мен сізді таң қалдыру үшін қиыннан қиыстырып, бірде-бір шын сөз араластырмай  өтірік өлең айтып берейін. Ендеше, тыңдаңыз!

Мініп алып торғайға

Ұшып бардым мен айға

Торғай мен айтып құртқа

Үй тұрғыздым бұлтқа

Сүтін сауып торғайдың,

Жетім тайды өсірдім

Бұлттан салған үйіме

Бүкіл елді көшірдім.

Аспандағы ағашқа

Қауын,қарбыз өсіпті

Түйе мен сиыр қызығып

Қыста жейміз десіпті

Хан: Болды, жетер. Тоқтат өтірік өлеңіңді. Тоба, о құдірет! Осындайда керемет өнер болады екен ғой. Кідірмей-мүдірмей, шын сөз қоспай өтірік айтқан адамды алғаш рет  көріп отырмын. Сен мені қатты таң қалдырдың. Мен саған өте риза болдым. Сондықтан да мен Наурызгүлді саған беремін. Кел, менің жаныма отыр.

Уа халайық! Менің сарайыма келіңдер. Наурыз тойын тойлап қайтыңыздар .


1.Жүр: Олай болса, біз де сіздің қуанышыңызға ортақпыз. Ендеше, дүбірлі мерекемізге би шашуларын ала келген аруларымыздың биін тамашалайық.

Қызғалдақтай қыздарды

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билесін ортада.


Би  «Қара жорға»

Тазша: Уа тақсыр, мына балалардың өнерін көріп мен өте риза болып отырмын.Енді сіз рұқсат етсеңіз,  маған бір қап алтынның орнына бір бөшке наурыз көже алайын.

Хан:   Онда ортаға Қыдыр атамызды шақырып, сол кісінің ақ батасын алайық.

(Музыка ойналып, Қыдыр ата кіріп, бата береді)

 

Қыдыр ата:

Армасың, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Аман сақтап төл басын,

Еккен егін солмасын,

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын

Періштелер қорғасын.

Бесіктегі бөпеңнің

Бақайшығы тоңбасын.

Ұлыс күні ұл мен қыз

Тайпалдырсын жорғасын.

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қансыған.

Атамекен тазарып

Асыға түссін алшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Әумин! 


Тазша: Сау болыңдар, балалар!

Хан: Жортқанда жолдарың босын!   (Екеуі шығып кетеді)


2.Жүр: Наурыз келсе, құт келгені халайық

Думандатып, шырқап әнге салайық.

 

 

1.Жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
3528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі