400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сабағы: бастауыш сынып оқушыларын "Жас қыран" ұйымына салтанатты қабылдау сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектептегі тәрбие жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырушыларға арналған "Жас қыран" ұйымына қабылдау рәсімі бойынша сценарий үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы


«ЖАС ҚЫРАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ СЦЕНАРИЙІ


Өтетін уақыты: 2018 жыл 30 желтоқсан


Өткізілу түрі: Жас қыран ұйымының салтанатты жиыны.

Қатысушылар: 2 «Б», 4 «Ә» сынып оқушылары


Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, қарт ата-аналар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.


Жүргізуші :

  • Қайырлы күн, құрметті атаөаналар, ұстаздар, оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар ұйымы қатарына бүлдіршіндерімізді қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!


  • Бірыңғай « Жас қыран» балалар ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!


  • Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар  ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

    Түсініп терең, өмірдің мәнін,
    Жалынды жастар, сендерсің сәнім
    Беретін бойға күш-қуат,жігер
    Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
    Әнұран ойналады

Жүргізуші :

  • Ендеше, оқушыларды  «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Жас Қыран» ұйымының әрбір мүшесі: /слайд арқылы/


  • Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

  • Қазақстан Республикасының туындағы күннің түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

  • Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.

  • Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.

  • Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

  • Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.

  • Жас Қыран ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші

  • Жас ұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

  • Жас Қыран ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар

  • Жас ұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.


Жүргізуші: «Жас қыран» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. 


Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

Оқушы :
«Біз ...»
Оқушылар:  «Жас Қыран»
Оқушы :
- ұранымыз

Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан –– Жас Қыран» - 3 рет
.
(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).
Жүргізуші :
Қабылдауға Жас қырандар дайын.

(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).
Жүргізуші :

  • Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
    (галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

Жүргізуші: «Жас қыранға» қабылданатын оқушылар: 


2 «Б» сыныбы

1 Абсаметов Ернар

2 Алимгазиева Медина

3 Ахмет Айбек

4 Бегендык Инсар

5 Есимова Аида

6 Имангазиева Махаббат

7 Кенес Медет

8 Коймен Ибрагим

9 Қалдыбек Айсұлу

10 Қуанышқызы Асылай

11 Мақсұт Ақбота

12 Медет Әлижан

13 Мүсәлі Мұхаммед

14 Рустем Кәусәр

15 Салибекова Нурзия

16 Серікұлы Сабыржан

17 Таурбай Нұрай

18 Темиртай Аяулым

19 Темірғали Амина


4 «Ә» сыныбы

1 Ағзам Елнұр

3 Амангелдина Айзере

2 Аяз Өркен

4 Берденгорова Айжан

5 Дүйсенбай Сакен

6 Жакыпов Алихан

7 Кенес Айдын

8 Кыдырниязов Асылжан

9 Қанат Диас

10 Мақсатұлы Мұрат

11 Махамбет Асқар

12 Мирзахметова Айдана

13 Нуридин Дінислам

14 Оразалы Бақытгүл

15 Сагалова Аруна

16 Сагинбаев Батыр

17 Сандыбай Дәулет

18 Таңатқан Ұлан

19 Турганбаев Ескендир

20 Усан Ұлжан


Жүргізуші :
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін « Жас қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Қыранның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Жүргізуші :

Құттықтау сөз _____________________________________________________ беріледі.

Жүргізуші :

  • Құрметті, оқушылар «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

Жүргізуші :
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас
 Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз
егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар  ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.




































Жас ұлан ұйымына қабылдау рәсімі – 2015-2016


«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімінің салтанатты жиыны.

Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

І жүргізуші:
Қайырлы күн оқушылар және ұстаздар, мектеп әкімшілігі ! 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Республикалық бірыңғай
«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұл-қыздарымызды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан  жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай 
«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! Бүгін Сағашилі орта мектебінің /Тізім/ оқушылары мектептің үздік, озат және ел мақтаныштары елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданғалы отыр.

І жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай 
«Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отырсыздар.

І жүргізуші:
Мектеп түзел, тік тұрыңдар! ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!

ІІ жүргізуші:

Түсініп терең, өмірдің мәнін,

Жалынды жастар, сендерсің сәнім

Беретін бойға күш-қуат,жігер

Шырқалсын шаттық әнұран әнім!

ҚР Әнұраны орындалсын!

І-жүргізуші:
Ендеше, Тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

І-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:

2 жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.

І жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта , сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.

2 жүргізуші:
Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!

І жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

І жүргізуші:
«Біз ...»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

ІІ жүргізуші:
Ұранымыз

Оқушылар«Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
№ 4. «Жас Ұлан» әні

І жүргізуші:
Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.

ІІ жүргізуші:
Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
Оқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.

І жүргізуші:
Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді 
«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

ІІ жүргізуші:
Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін 
«Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларымыздан ант алу үшін ортаға 7а-класс оқушысы Қисапов Нұржігітті ортаға шақырамыз.
Анттың мәтіні:

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

І жүргізуші:

1.Бүгінгі ұйымға өтіп жатқан оқушыларымызды құттықтау үшін ортаға Мектеп директоры Медеова Ақмарал Сұлтанкерейқызына сөз беріледі.

2. Еңбек ауылдық округінің әкімі Қабақбаев Баубек Аманғалиұлына сөз беріледі.

3. Құттықтау сөз мектебіміздің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байланова Заида Зариванқызына беріледі.

ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.

ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!

ІІ бөлім –концертімізді жалғастырамыз.

І жүргізуші:
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Видео : Қазақстанның Тәуелсіздік күні.

Ақпатша: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 24 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.


Диана:

Тысячи и тысячи раз

История испытывала Великую степь,

Но наши предки кровью защищали свою Родину

И не теряли веру в будущее.

И этот день наступил-

16 декабря – Великий исторический день

для народов Казахстана-«День Независимости!»


Летят года, 24 год уже на исходе.

По традиции своей, мы, как всегда,

Приглашаем всех на праздник, посвященный

«Дню Независимости Республики Казахстан!»

Пусть Вам будет хорошо, уютно

С нами в этом зале.

2-жүргізуші:

Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!

Видео - желтоксан.avi ( 2 - ге бөлемін)

1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 28 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық (1 минут үнсіздік).

5а- сынып тақпақтар.

Мой Казахстан –Республика моя,

На Приишимье солнце полыхает

Пусть краше расцветает вся земля,

Мой Казахстан – Республика родная!

Слово для поздравления предоставляется 1б-класс и мини центр.

Ерке қыз тобының орындауында «Бейбітшілік» биін тамашалаңыздар.

Алпыспай Айназ орындауында мәнерлеп оқу «Мен қазақпын»

«Песня о Казахстане» 5 б класс




Диана:

Свободен, величав и первоздан

Звезде подобный средь земель и стран

Кюй счастья ты наигрываешь звонко,

Родной мой лучезарный Казахстан.

Гулдер тобынің орындауында « Я солай »

«Көк тудың желберегені» әнін орындайтын 7а-класс оқушысы Жеңісқалиев Ерасыл.

МАД және Шот тобының бүлдіршіндерін өз өнерлерін көрсету үшін ортаға шақырамыз.

Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

«Мой Казахстан» би 7а- сынып

Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

7а-класс оқушысы Балмаханова Диананың орындауында «Астана» әнін қабыл алыңыздар.

Ақпатша: Міне содан бері 24жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.


Диана:

Народы - как одна семья,

Хотя язык и разный,

Все дочери и сыновья

Своей страны прекрасной!

Ән. «Қазақ елі осындай» Алпыспай Айназдың орындауында

Ән: «Қазақстан» Байтөлекова Нұргүл

Осымен бүгінгі желтоқсан оқиғасының және Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» атты кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Байтөлекова Гүлнафиз Жеткергенқызына беріледі.

Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.03.2019
1567
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12