«Қонақ
күту –салтымыз»
Булекбаева
Джепек Баранбаевна
№ 6
орта мектеп
Маңғыстау
облысы Жаңаөзен қаласы
Сабақтың
мақсаты:
Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді
үйреніп, халқымыздың рухани байлығын
бойымызға сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен
үлгі алуымыз қажет.
Танысқыңыз
келсе, қазақ жұртымын,
Салт-дәстүрі,
тарихы, әдет-ғұрпымен.
Нағыз
қазақ қалада емес, ауылда.
Танылатын
ұлттық мінез құлқымен.
Жақсы
дәстүр-сақтар елдің елдігін,
Екендігін
ұғынасың сен бүгін.
Танытады
қалпымен-ақ қонақ жай,
Нағыз
қазақ жүрегінің кеңдігін- демекші,
ата-бабамыздың көнеден жеткен игілікті
дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық.
Біздің халық өзінің ақкөңілдігімен,
қонақжайлылығымен, жастарға берген
тәлім –тәрбиесімен, өзінің дархандылығын,
даналығын танытып келген.Көнекөз
қариялардың айтуымен, «еншінің»төрттің
бір бөлігін, бір-біріне қонақ болып
барғанда, сыбаға болсын деп, өсиет
қалдырған. Қонақасы-қазақтың бөлінбеген
«еншісі». «Қонақасы -тәңір асы» деген
аталы сөздер сол бір заманнан бері күні
бүгінге дейін аталады. Міне, сол кезден
қанына сіңген әдет бойынша ата-бабамыз
«Қонақ келсе, құт келеді», «Қонақ келсе,
қой егіз табар», «Қырықтың бірі –Қызыр
мыңның бірі –Уәли» деп қатты қуанып,
ақысыз, пұлсыз қонақасын беріп, аттандырып
салады.
Жүргізуші:
Жарысымызды бастамас бұрын, әдәлқазы
алқасын дайындап алайық.
-Әділқазы
алқасы, әр тапсырмадан кейін бағасын
беріп отыруларығызды сұраймыз.
Асыл
тастан, өнер –жастан,
Халық
айтса, халық сөзі.
Әрқашанда
нанымды,
Сол
өнердің жолын қуған.
Шағын
топтың атынан,
Қабылдаңыз
шын жүректен.
Сәлем
сіздерге жалынды деп.
«Қонақ
күту –салтымыз» атты тәрбие сағатын
бастауға рұқсат етіңіздер.
Екі
топты ортаға шақырамыз.
І
топ.
«Дастарқан»; ІІ топ «Береке»;
І
тур.
Ал енді І турда екі топ өздерінің
топтарының атын, ұрандарын айтып, өлең
шумақтарымен жарыссын.
Әділқазылар
алқасы І турдың бағасын берулеріңізді
сұраймыз.
ІІ
тур.
« Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең менше сүй» -деп Абай атамыз
айтқандай, салт-дәстүріміздің қайсысы
болмасын, өлеңмен ұштасқан. Олай болса,
екі топтың өнерін тамашалайық.
ІІІ
тур.
Келесі тур «Ақыл парасат сайысы»
Конвертте екі топқа арналған сұрақ бар,
соған жауап беріледі.
Екі
топ дайындалғанша, ән шумағына кезек
беріледі.
ІV
тур.
«Ойын»
Ойын
шарты: а әрпінен басталатын сөзді
жариялаймын: тау, қала немесе өзен
аттарын. Екі топ іле-шала тауып қаланың
атын айтасыздар. Егер жаңылысып өзен
атын немесе тау атын атаса, онда ол топ
өз айыбын төлейді.
V
тур.
Мақал-мәтел жарысы.
VІ.
Жұмбақ сайысы.
1.Топтың
жұмбақтары;
1.
Бір дария қайнайды, екі көбік атып,
ішінде
жайын да жүр михнат тартып.
Өткелі
бар дарияның аралы жоқ,
Келеме,
білсе жайын оған қайтып. (Қазанда асқан
ет)
2.
Сылдыр суық, су емес,
Ішсең
сусын қанады.
Ақ
болса да, қар емес,
Шешуін
кім табады. (Сүт)
3.
Алға жайып тұз, дәмін,
Келтіреді
үй сәнін.
Ол
халқының ақ жаны,
Жақсы
дәстүрлер маржаны.
Кеңпейіл
де арайлы,
Осы
жерден тарайды. (Дастарқан)
2-топтың
жұмбақтары:
1.Қалың
киімді ұнатады,
Шешіндірсең
жылатады. (Пияз)
2.Жаңа
табақ түбі тесік, тақ-тақ етеді,
Астынан
ақ керуен өтеді. (Елеуіш)
3.Екі
жағы «Н» болса,
Қасиетті
тағаммын.
Екі
жағы «А» болса,
Ел
қадірлер адаммын. (Нан, Ана)
VІ
турдың бағасын беру.
VІІ
тур.
«Дастарқанға бата беру» сайысы.
VІІ
турдың бағасын беру. Бүгінгі «Қонақ
күту – салтымыз» атты ашық тәрбие
сағатымыз аяқталды.
Қонақжайлылық
салтымыз,
Оқып
біліп жатырмыз.
Ата
салтын сақтасаң,
Арта
берер даңқымыз.
Сау
болыңдар көргенше,
Қайта
оралып келгенше.
Жиі
келіп тұрың сайысқа,
Қоштасайық
ендеше.
Біз
еңбек сабағында бірнеше тағам түрлерін
жасап үйрендік. Үйге келген қонаққа
өзіміз ас әзірлеп бере аламыз. Қонақтарды
өзіміз дайындаған ас мәзіріне шақырамыз.
Екі
топтың қайсысы жеңімпаз болды, әділқазылар
алқасы бағасын береді.