жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
тәрбие сабақ
Тақырыбы:
«Тарих ол-бір ғаламат алтын
көпір,
Ұрпақты
ұрпақтарға жалғайтұғын.»
Мақсаты:
Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет
бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын
ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы
түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір
қалыптастыру қабілеттерін дамыту,
Өткен күннен өнеге ала отырып,
болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын
құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.
жүргізуші: Қойшы, Ерасыл, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, қабырға газеттерін шығару басталады. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.
жүргізуші:
Қателесесің Аружан, мектебімізде
оқылатын басқа пәндер сияқты тарих
сабағының да маңызы өте зор. Бүгінгі
кеш тақырыбының
«Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты
ұрпақтарға жалғайтұғын.»
деп аталуының өзінде көп мағына жатыр.
Қазақстан Республикасының ту - (кіргізіледі)
Гимн (айтылады)
Жүргізуші :
Ей,
жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім
бе,саған менің өткенім,
Білесің бе,
халқын азап шеккенін,
Арпалысып өтті
ме олар теп- тегін?
«Елім - айды»
құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге
көтерілді,білдің бе?
Мансұқ етіп
еліктірген ермекті
Тарихыңның
қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді
Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер
Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған
боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын
арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп
азат күн
Неткен аштық қырып салған
қазақты.
Ел басына кімдер әкеп
төңкерді.
Отызыншы жылдардағы
азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты
күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін
бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген
жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл
сен де!
Тарих апталығымыздың алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры К.Абдимуталиповке беріледі.
оқушы:
Арайлап таңым асқақтап тауым
Ән ойнап
көгім күй тартты елім
Қол жетті міне
аңсаған күнге
Жасай бер жаса Қазағым
менің
оқушы:
Қазақстаным
жасыл орманым
Қуанышымды жасыра
алмадым
Аңсаған бабам аңсаған
елім
Бостандық еді-ау асыл арманым
оқушы:
Бабамның
қаны анамның жасы
Сіңген бұл далам
қымбатсың маған
Береке бірлік -
қамалдың басы
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы
далам
оқушы:
Күйінсін
жауың сүйінсін досың
Жиылсын қауым
құйылсын көшің
Ертеңің үшін аянба
елім
Ояншы елім жиылсын есің
Тәуелсіздік
шежіресі (жылдар сөйлейді)
1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы жылы тамызда Ядролық полигонның ресми жабылуы болды.
1992 жылы наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы) мүшелігіне қабылданды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1993 жылы қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. қараша. Ұлттық теңгеге көшу жылы.
1994 жылғы ақпан. Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
1995 жылғы наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30 тамыз ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
1996 жыл. Мемлекеттің жаңа әнұраны,елтаңбасы,туы қабылданды. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы
1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы. Астана қаласы ЮНЕСКО –ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл.мәдениетті қолдау.
2001 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
2002 жыл. Денсаулық жылы. Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы. 2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
2005 жыл 4 желтоқсан.ҚР Президентінің сайлауы болды.
2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының » 20 жылдығы.
2007 – 2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық жоспары қабылданды.
2008 жыл Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды.
2009 жыл ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
2011 жыл. Ислам Конференциясына Төрағалық етті. Осы жылы Астана мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы «Желтоқсан оқиғасының» 25 жыл
2012 жыл Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993)
2013 жыл ЕХPО-2017 көрмесін ұйымдастыру құқығын алдық
2014 жыл «Нұрлы жол болашаққа бастар жол»бағдарламасы жүзеге асырылды
2015 жыл Қазақ хандығыны Қазақ хандығының 550 жылдығы
2016 жыл Ы.Алтынсаринге 175 жылдығы тойланды
2017 жыл Халқаралық көрме ЕХPО -2017 көрмесі өткізілді
2018 жыл БҰҰ төрағалық етуін бастады,біраз игі істер атқарылды.
2019 жыл «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы шығарылды
жүргізуші:
-Неткен
ғажап сөздер, дұрыс айтыпсын ата-бабамыз
аңсаған тәуелсіздікке де 28 жыл толғалы
жатыр.
жүргізуші:
Иә,
біздің тарихымызда елі мен жері үшін
жанын қиюға даяр ерлер мен батырлар көп
болған.
Өткенім бар-өкініш, жасыра
алман,
Тарихым бар жазылған
ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын
әйгіледім,
Жаңа ғасыр, сен енді бас
ұр маған!
Орындалсын аңсаған асыл
арман!
жүргізуші:
Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен
сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне
айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет
пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің
азапты толғаққа толы, сонымен бірге
ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден
аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір
артымызда қалды, сондықтан да мен
еліміздің еңсесі биіктей беретініне
сенемін.
жүргізуші:
Өзіңе
бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып
көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты
терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама
жылдар судырлатқанда парағын.
Тәуелсіз
жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы
артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы
әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи
бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!
жүргізуші:
Иә,
сен дұрыс айтыпсың, тарихты білудің
маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән
мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен
ғой. Бұрын қалай білмегем. Тарих деген
қызық екен. Шіркін, жыл бойы тарих
апталығы болып, осылай жырлардан тұратын
сабақ өтсек, қандай керемет болар еді.
жүргізуші:
Иә,
қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып
тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу
керек.
Халқым менің! Саған қарап
жұбанам,
Тарих беті қатпар-қатпар
бұралаң.
Талай зардап қайғы-мұңның
соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам!
жүргізуші:
Бейбіт
өмір тілеймін мен халқыма,
Туған
тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда
таланттылар көбейсін,
Бас иемін
ата-баба рухына!
«Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.» салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Бекітемін:
Мектеп директоры К.Абдимуталипов
«_____» _________________ 2019 жыл
«С.Керімбеков атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тарих апталығының ашылуы сценарийі
Тақырыбы:
«Тарих ол-бір ғаламат алтын
көпір,
Ұрпақты
ұрпақтарға жалғайтұғын.»
Жауапты мұғалімдер: «Алаш» ӘБ жетекшілері
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген