«Ақ моншақты арулар!
»
сайысы
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.
Тақырыбы: «Ақ моншақты
арулар!».
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін,
эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке,
мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар.
Көктемнің алғашқы «8 - наурыз мерекесі құтты
болсын!»
2-жүргізуші:
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ,
ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі
3
сыныптар арасында өткелі отырған
« Ақ моншақты
арулар»
қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға
қошеметпен шақырайық. Қоржыннан реттік нөмірлерін
суыру.
1._3 «а»_Бекназар
Айсұлу______________
2._3 «ә»_Кенжебай
Ақниет_____________
3._3 «б»_Адилхан
Әдемі_______________
4._3 «в»_Қуандыққызы
Айкөркем______
5._3 «г»_Бегеш
Елік___________________
6._3 «д»_Қойшыбекқызы
Кәусар_______
2-жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды
таныстырып.
1-жүргізуші:
Әділқазылар:1._____________________________________________
2._____________________________________________
3._____________________________________________
4._____________________________________________
2-жүргізуші:
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1.
Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде
аруларымыз өзін - өзі таныстырады.
2. «Өнерлі өрге
жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз
өнерлерін көрсетеді.
(ән айту, би билеу өнерлерін көрсетуге
болады.)
3. «Қол
өнер» Ару қыздарымыз қолдарынан
келетін өз шеберліктерін көрсетеді.
4. «Қыздарға әсемдік
жарасады» Сән үлгісін
көрсету.
5. «Дәм -
думан». Бұл бөлімде тағамды қалай
жасағанын айтып береді.
1-жүргізуші:
1-бөлім Таныстыру
Сайысымыздың алғашқы бөлімі
«Таныстыруға»
кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Осы сайыстың бағасын бере
кетсеңіздер.
2-жүргізуші: 2-бөлім Өнер
көрсету.
Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады.
Ендігі кезекте « Өнерлі өрге
жүзер» бөлімінде ару қыздарымыздың
өнерін тамашалайық.
Өнерлі өрге жүзеді сайысының бағасын беріңіздер.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша балалардың арнауын
тыңдайық.
1 - бала: Мәди
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті ата - аналар!
2 – бала: Зайни
Әлпештеген әжем қымбат
Қамқор болған анам қымбат
Бірге ойнаған досым қымбат
Білім берген ұстаз қымбат.
3 – бала: Асланбек
Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.
4 – бала:
Ана өмір мәңгілік
Жүзі нұрлы таң күліп.
Ана өмір әркімнің
Көкірегінде жанды үміт.
5 – бала: Әсет
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша ұлдарымыздың әнін
тамашалайық.
3 – бөлім. «Қол өнер»
1-жүргізуші:
Құйылған ақ сезіммен дара шыңдай
Жүрегі арулардың ақылға бай.
«Ана көрген тон пішер» деген бабам
Шеберлігі бұл қыздардың таң қалғандай.
Қыздарымыздың өз қиялдарымен жасаған жұмыстарын тамашалау.
Осы бөлімнің бағасын беріңіздер.
Аруларымыз сән үлгісіне дайын
болғанша қыздарымыздың биін
тамашалайық.
4 – бөлім: «Сән үлгісі»
1-жүргізуші:
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз..
2-жүргізуші:
5-бөлім: «Дәм -
думан».
Бұл
бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып
береді
Әділқазылар әділ бағасын есептегенше
қыздарымыздың әнін тамашалайық.
Ән: «Анажаным»
Қорытындылау.
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі
сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді
әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға
ұсыну.