Авторы :Шаметова Ақмарал
Мұхтаровна
Білім орны: Шымкент қаласы .
А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы. Бастауыш сынып
мұғалімі
Тақырып: «Бейбіт күн
жасасын әлемде»
Мақсаты: Білім
алушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере
отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп
тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
1.
Кіріспе
2.
«Жеңіс күні» Баяндама
3.
Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер
оқу)
4.
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! Бейне жазба.
5.
Өлең «День Победы»
1-оқушыАйша : Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша
үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың
бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың
қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше
мейрам.
2-
оқушы Мейірхан: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік
Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов .және де өз жерлестеріміз де бар. Ол
кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған,
ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп,
еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан
боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске
алайық. (1
мин үнсіздік)

1-
оқушы Айша: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып
келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын
– қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге
опасыздықпен басып кірді.

2-
оқушы Мейірхан: Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр
күндер туды. Қазақстанда соғыстың алдында 6 миллион халық тұратын
еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару
асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың
адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери
комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа
тұрды.
1-оқушы Айша : Иә, кім де болса өз Отанын
қорғауға қашанда дайын. Ұлы Отан соғысы туралы толығырақ мәлімет
алу үшін бейне жазба көрейік.
1-
оқушы Айша : Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша
күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер
туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз
берейік!
1-
оқушы Гаухар: Жеңіс деген
жақсылықтың сыңары,
Жігер менен
құштарлықтың құралы.
Күрескердің
арманы мен ұраны,
Қуаныш пен
мерекенің бұлағы.
2-
оқушы Әдемі: Жауынгер біздің
саңлақтар,
Жауды жеңген
солдаттар.
Ардақты Отан –
ел үшін,
Бақытты туған
жер үшін.
3-
оқушы Сұлтан: Кек қайтарып
фашистен,
Соғыс бітті
жеңіспен.
Жеңдік жауды
күресте,
Жасалсын той
мереке!
4-
оқушыӘмірхан: Жеңістің туы
жалтылдап,
Жығылмай мәңгі
тұрады.
Сол тумен өскен
аршындап,
Ерлердің бізбіз
ұланы!
5-оқушы Зейнеп : Даламыздың
даңқысың,
Балауса гүл
балғын қыз.
Жанын қиып
халқы үшін,
Жанып түскен ақ
жұлдыз.
6-
оқушы Каусар. Қасарысты
жиырма сегіз,
Тынбай атты
гранатты.
«Отан» деген
отты лебіз -
Жандарынан
жалын атты.
7-
оқушы Шапағат : Орыс, қазақ,
қырғыздан,
Құрылған бұл
шағын топ.
Жауға үрей
туғызған
Жайпап түсер
жалын боп.
8-оқушы Айым Ұлы
Жеңіс!
Сүйінші, халқым
сүйінші,
Сүйіншіге -
сүйінші!
Шаттан ата -
анамыз!
Шаттан ата -
бабамыз!
1-
оқушы Айша: Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір
жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата –
бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы
жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері
ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз,
әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.

2-
оқушы Мейірхан: Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 74 жылдық мерекесі кезекті
көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз
нені бастан кешірмеді дейсіз?
1-
оқушы Айша : Иә, әрине осындай қиын қыстау кезеңдерді бастан
кешіргендегі қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін
баса атап айтсақ артық болмас еді.
2-:
оқушы Мейирхан Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас
сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
1-
оқушы Айша : Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды,
біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы –
анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ .
1-оқушы Айша : Сарғая күткен ұлы күн Шұғыласы
бүгін жарқ етті, Бағына талай миллионның Баянды жеңіс күн жетті
Назарларыңызға «Бейбіт күн жасасын әлемде» деген тақырыпта бейне
суреттерді ұсынамыз!
2-Мейірхан :
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық, Енді соғыс
болмасын
!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-оқушы Айша : Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре
бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы
тілекпен барша халайық түрегел!
Өлең : День победы
2-оқушы Мейірхан: Осымен сіздерге арнаған «Бейбіт
күн жасасын әлемде» атты кешіміз аяқталды. Жеңістен жеңіске жетіп
жүре берейік! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!.
Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

А.С.Пушкин атындағы №1
мектеп-гимназиясы
Тәрбие сағаты
«Бейбіт күн жасасын
әлемде»

Орындаған:Шаметова А.М.
Шымкент қаласы.