Тақырыбы: «Отбасы – алтын
діңгек»
Отбасы - ол үлкен
қуаныш,
шаттық, мейірімділік,
қамқорлық,
сүйіспеншіліктің ортасы
.
Мақсаты:
«Отбасы» туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
-
Отбасының адам үшін
маңыздылығын жан – жақты ашу;
-
Отбасындағы жарастықты,
сыйластықты қарым – қатынасының дамуына ықпал
ету;
-
Отбасындағы сыйластыққа,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ұлағатты
сөздер, суреттер, үлестірмелі парақшалар, отбасы ағашы,
презентация.
Сабақтың
барысы:
Оқушылармен амандасу, құрал –
жабдықтарын түгендеу, сабаққа зейіндерін
аудару.
-
Тренинг.
Оқушылар орындарын тұрады.
Қойылған сұраққа қимыл - қозғалыс арқылы жауап
беру.
-
Газет бетіндегі мақалалардан,
теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды
тыңдап жүресіз бе?
Жауап.
«Иә» десеңіздер қолдарыңызды
шапалақтаңыздар.
«Жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды
тарсылдатыңыздар.
-
Балаға тәрбие беруде ата-ана
тарапынан бірдей ықпал бола ма?
Жауап.
«Жанұя» десеңіздер
жымиыңыздар.
«Қоршаған орта, қоғам»
десеңіздер қолды алға созыңыздар.
-
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі
кімде деп ойлайсыздар?
Жауап.
«Әке» десеңіздер қолдарыңызды
жоғары көтеріңіздер.
«Ана» десеңіздер иіліп сәлем
беріңіздер.
«Екеуі» десеңіздер
билеңіздер.
Жарайсыздар! Орнымызға
жайғасайық.
-
Топқа бөлу (гүлдер
арқылы)
Жұмбақ.
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз
бақыт жоқ маған. Ол әр баланың панасы, ол не екен
балалар?
(отбасы)
-
Сұрақтар.
-
Отбасы деген
не?
-
Отбасы құрамы
кімдер?
-
Отбасы бақыты, Отбасы қуанышы
деген ойларды қалай түсінесіздер?
-
Ата-анаңызды қуанышқа бөлеген
кездеріңізді айтып беріңіздер.
-
Мұғалім
сыйы.
Оқушыларға тақтада жазылған
мәтінді оқып, талдайды.
Отбасы татулығы (аңыз
әңгіме)
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір
сүріпті. Отбасындағы адамдар саны көп екен, бір қауім ел болып,
бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,
татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс – керіс, дау –
жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның
құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ -қарасын білгісі келіп,
ауылға келеді. Ауыл тап – таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен
береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді.
Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым
– қайғысыз, балалары бақытты, мәз – мейрам екен. Бұған патша таң –
тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату – тәтті өмір
сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп,
отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын
өтінеді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет
«сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға
мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң
қалып:
-
Осы – ақ
па?
-
Иә, - деді ақсақал. – барлық
жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл
ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып
қойды.
-
Видео ролик (байлық, табыс,
сүйіспеншілік)
-
Сергіту сәті. (Қара
жорға)
-
Ойын. Неге
тенеймін?
Ата, Апа, Әке, Ана неге
теңейтіндерін айту. (жұлдыз, күн, ай, гүл, бұлт, алма,
тау)
Жағдаятты
талдау.
Әкесі 50000 сыйақы алды. Неге
жұмсар еді?
1.Атасына курорттық
жолдама.
2.Баласына
компьютер.
3.Қызына сыртқы
киім.
-
Топтық
жұмыс
1-топ. Егер мен керемет
ата-ана болсам, онда мен........
2-топ. Егер мен керемет бала
болсам, онда мен. ........
3-топ. Егер мен керемет
ата-апа болсам, онда мен.......
-
Отбасы
ағашы
Отбасы жайлы жақсы сөздерді
айтып, жемістерді ағашқа іледі.
Қорытынды
-
Соңғы тыныштық
сәті:
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін. Терең демалып, демімізді шығарайық. (3
рет)
Елестетіп көріңіздер, бүгінгі сабақ туралы
ойланыңыздар. Сабақта сіздерге не ұнады? Қандай ой қалды? Сабақтан
алған білімдеріңізді, түйген ойларыңызды ата-аналарыңызға ойша
айтып беріңіздер. Көзімізді ашайық.
-
Ұлағатты
сөздер.
1.Ата-ананы ұмытқан жас –
опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.
2.Ата-ананың қадірін білмеген
халық қадірін білмес.
Ғабиден
Мұстафин
3.Ата-бабасын сыйламау -
азғындықтың белгісі.
А.С.Пушкин
4.Баланың жақсысы – әке мен
шешенің ары, ата-ананың абыройы,жаманы – қайғысы, азап –
соры.
В.А.Сухомлинский
Өз ойымызды одан әрі өрбіту
үшін «Сүйіспеншілік, табыс және
байлық» атты видеоны
тамашалайық.
Бір әйел үйінен сыртқа шыға
бергені сол екен, есігінің алдында нұрлы жүзді үш қарияны көреді.
ариялардың жүзінен шаршап-шалдыққандары белгілі еді. Қарындары да
ашқан шығар деген оймен әйел:
−
Сіздерді жыға танымадым,
дегенмен шаршаған сияқтысыздар. Үйге кіріп тынығып алыңыздар.
Сіздерге ыстық тамақ әзірлейін, – дейді.
Қариялар:
− Отағасы үйде ме? – деп сұрады.
−
Жоқ, әлі жұмыстан келген
жоқ.
−
Е, олай болса, отағасы келсін,
сосын кірерміз, – дейді қариялар. Күйеуі жұмыстан оралған соң,
әйелі болған жайды баяндап береді. Күйеуі:
−
Қонақ − үйдің құты емес пе?
Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, − деді ашық-жарқын
көңілмен. Күйеуінің құптағанын көріп, әйел жүгіріп сыртқа шықты.
Қариялар әлі отыр екен.
−
Отағасы келді, сіздерді үйге
шақырып жатыр, – дейді әйел қуана. Сонда қариялардың бірі орнынан
тұрып:
−
Біз үшеуміз үйге бірге
кірмейміз. Мына жанымдағы қарияның аты – Байлық. Ал мына кісі –
Табыс. Менің атым
–
Сүйіспеншілік. Барып
күйеуіңмен ақылдас, қайсымызды шақыратындарыңды сосын айтарсыңдар,
– дейді. Әйел қарияның айтқанын күйеуіне жеткізеді. Сонда
күйеуі:
−
Қандай тамаша! Байлықты
шақырайық, үйіміз байлыққа толсын, – дейді. Ал әйелі
болса:
−
Неге Табысты шақырмасқа?
Ісіміз оңға бассын, – дейді қарсылық білдіріп. Сол кезде бір шетте
ата-анасының әңгімесін тыңдап тұрған бүлдіршін
қыз:
−
Сүйіспеншілікті шақырсақ
болмай ма? Сонда үйіміз сүйіспеншілікке, сыйластыққа бөленер, –
дейді. Қызының сөзіне бір сәт ойланып қалған
әкесі:
−
Қызымыз дұрыс айтады. Әуелі,
Сүйіспеншілікті шақыр. Ол біздің қонағымыз болсын, – дейді. Мұндай
шешімге сүйсінген әйел, асығыс басып сыртқа шығады. Шығуын
шыққанымен, шешімдерін айтуға қысылыңқырап, бәсеңдеу
үнмен:
−
Кешіріңіздер, біз
Сүйіспеншілікті шақыруды дұрыс көрдік, – дейді. Сол сәтте үш қария
да орындарынан тұрып, үйге кіруге қамданады.
Әйел:
−
Мен тек Сүйіспеншілікті шақырдым. Сіздер үшеуіңіз
үйге бірге кірмейміз деп едіңіздер ғой, – дейді түсінбеген
кейіппен. Сонда Сүйіспеншілік атты қария күлімсіреген жүзбен былай
дейді:
−
Егер сендер Табысты немесе Байлықты
шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер
бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық
менімен бірге еріп жүреді.
Иә, сүйіспеншілік шаңыраққа енсе, байлық та, табыс та қоса енеді.
Әрі табыс пен байлық тек қана материалдық
нәрселермен өлшенбейді ғой! Олай болса, таңдау
сізде.