400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мақсаты: білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін жастық өмірін қиған аға ұрпақтың ерлік істерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Отан Ааны құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тәуелсіздікке байланысты слайдтар, ұран сөздер, Желтоқсан қаһармандарының суреттері.



Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Сіздерді еліміздің басты мерекелері Президент күні және Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңе саулық, отбасыларыңыздың амандығын тілейміз!

Бүгін біз «Тәуелсіздік ел - Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін елімнің әр ұланы

Енді ағайын, көгінде қалықтасын

Қазағымның қастерлі әнұраны.

Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын! Біздің еліміздің белгісі әнұранымыз орындалсын.



Хор: Әнұран.



Мұғалім: 1986 жылғы 16 – желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. Сахнаға Тәуелсіздіктің таңғажайып жақтары туралы сыр шерту үшін бақытты, шат – шадыман ұрпақтарымызды шақырамыз.



Айназ: Тәуелсіздік бостандығың еліңде

Желбіреді көк тұлпарың көгіңде

Жарқын болсын тәуелсіз ел әлемге

Теңестің халқым терезесі тең елге

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін

Дәлелдеуден Қазақстан елдігін

Елдің алды егеменді теңдігін.



Ақжан: Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлдүлі

Қазақ деген елімнің



Мұғалім: Орны ағалардың бізбен толсын

Сәбилер ағалардың жолын қусын

Бір минут үнсіздікпен еске алайық

Әруағы ағалардың ырза болсын.

(Бір минут үнсіздік)





Қазақ би: Жігіттер.



Ән: «Қазақстаным»

Орындайтындар: Аягөз, Кәусар.



Мұғалім: Көк аспандай туларың

Елім деген ұлдарың

Елжірейтін күні бұл

Желбірейтін күні бұл.



Әділет: Сенің атын Нурсултан

Туған елің Қазақстан

Мен сізден үлгі алам

Қазақстанмен мақтанам

Егеменді елімнің

Президентті бастаған

Отанымда барлық ұлт

Татулықты қостаған.



Әсия О: Елбасымыз Нұраға

Салғызып Алтын орда

Көркейіп елін қазақтың

Көрсетпей өмір азабын

Қазақ елі – Қазақстан

Болашаққа үн қосқан

Жақсы күнге жетелеп

Елбасым менің - Нұрсултан.

Ән: «Нұраға»

Орындайтын: Қойлыбай Байқадам.






Мұғалім: Тұрсын биік өр басым

Қазаққа бақыт орнасын

Сексен алтыншы жылғыдай

Желтоқсан желі болмасын.



Көрніс: Рөлде ойнайтындар. Мирас, Байқадам, Данияр, Мансұр.



Ән: «Тәуелсіздік»

Орындайтын: Дауылбай Меруерт



:

Би: Солдат.

Орындайтындар: Данияр, Әсия М, Ақжан, Айназ, Әділет, Меруерт.

Хор: Көк тудың желбірегені.



Мұғалім: Біз өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Қазақстан

оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, ағайын!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
520
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі