Мақсаты: Туған жерін ауылын сүюге, оның
тарихын біліп құрметтеуге тәрбиелеу.
Дәстүрлерін дәріптеп жүрүге үйрету. Ауыл әр
адамның ата тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені
екенін естеріне салу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, есте сақтау
қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін
кеңейту.
Тәрбиелік: Туған жерді құрметтеуге, ауылды бағалай білуге,
елжанды болуға тәрбиелеу.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар. Біздің
бүгінгі «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер! Ауыл ата - бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері
төгілген киелі мекені, халықтардың бойына нәр қуятын алтын бесігі,
қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!»
дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы
көтеріледі.
Шақырады ойнасақ гүл даламыз
Туған жерден нәр алып
нұрланамыз
Өтепбергенов мектепте оқып
жатқан
Кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы
аламыз.
Айару: Ауылда өстік, ауылдан шықтық
Төріңде ғой қазақилық
қонақжайлылық
Құшағын жая қарсы алды кең
жайылып
Таза ауа, тыныш әлем, жайлы
өмір.
Мансур: Береке – бірлік, байлықтың
Ауылғой, Ана – Отаны
Төрт түлік түгел жайылған
Сағынам сонау жотаны.
Мұғалім: Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры сөз
өнерін айшықтаған ақын, жазушыларымызда көкірегіне ән қонақтаған
әнші, сазгерлеріміз, даналарымыз сол қарапайым ауылдың қара
шаңырағынан шыққан.
Ән: «Туған жер»
Орындайтындар: Умирбай
Дидар.
Мерген Әсия.
Аягөз: Ауыл десем, мал елестер көзіме
Ауыл десем, дән елестер көзіме
Ауыл десем, ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән елестер құлаққа.
Мирас: Мен
жаныммен сүйемін осы ауылды
Мен
қаныммен сүйемін осы ауылды
Қалайғана сүймеймін осы ауылды
Бала кезден өсіп келем осы
ауылда
Би: «Джентелмен» Ұлдар
тобы.
Мұғалім: Үретеді білімге
Үйретеді әуенге
Таза болып жүруге
Бір
– бірімен сыйласып
Татумыз біз бәріміз
Бал
достықтың ұясы
Біздің мектебіміз демекші, келесі
орындалатын
Ән: «Мектебім»
Орындайтын: Дауылбай
Меруерт.
Мұғалім: «Алтын сақа» ойыны: Бүгінгі тәрбие сағатымыз
ауылымызға арналғандықтан ауыл баласының кішкентайдан асық ойнап
өскені бәрімізге аян. Осыған байланысты «Алтын асық» ойыны
балаларымыз ортаға өз өнерлерін, мергендігін көрсетеді. Бұл
ойындағы мақсатымыз қазақтың ұлттық ойыны асықты дәріптеу,
ұрпағымызға жалғастыру.
Ал
қане балалар ортаға шығып «Алтын сақа» ойынын бастаймыз. Қане
келеғой: Байқадам, Данияр, Ақжан, Әділет.
Осымен ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Қазақта
мақал бар «Асығың алшысынан түссін» деген асығы алшысынан түскен
балаға өз сыйлығымды ұсынамын. Әрқашан осылай қазақтың ұлттық
ойындарын дәріптеп қастерлеп жүрейік.
Би: «Хорошые настроение» Қыздар
тобы.
Әсия О: Осы
ауылда тербелген бесігімде
Осы
ауылда қойылған есімімде
Араздасып қалғанда ара ағайын
Ақсақалы жүреді кешірімге.
Хор: «Ұштағаным»
Мұғалім: Құрметті көрермендер тәрбиелік шарамызды аяқтай
отырып отанымызға тыныштық, әр отбасына бақыт, байлық, денсаулық
тілейміз. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен бізді осылай
қуанта берсін.