Материалдар / Тәрбие сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
02 Ақпан 2024
141
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі







Кеш

Тақырыбы:

« Ұстаз аты –биік әрі мәңгілік »







Дайындаған : А.Сарсенова









Авторы:Сарсенова Алтынгүл Тұрсынгалиқызы


Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі Мұғалім Сарсенова Алтынгүл


Мақсаты: Мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру. Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, гүлдер, слайдтар, ардагер ұстаздардың суреттері, нақыл сөздер.

Барысы:


1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік» атты мерекелік ардагер - ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар!
сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

1 Жүргізуші : Ұстаз -барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр-ағын, көптен дара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, - деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздарға  арналады.

2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді.
1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз!
1 оқушы :Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар!
2 оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
3 оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
4 оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей, 
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып, 
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

5 оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем, 
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне, 
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне орындауындағы  домбыра« Көреғұл күйі »шығармасын қабыл алыңыздар.

орындайтын Қамидолла Ернар


1-жүргізуші. Ардагер ұстаздарымыз мақал-мәтелдердің жалғасын табу.  мақалдың басы айтылады, ұстаздар жалғасын табу керек. 2-жүргізуші:  1.Тіл буынсыз...........(ой түпсіз)

2.Бас кеспек болса да,....................... (тіл кеспек жоқ)

1-Жүргізуші: 3.Піл көтермегенді................ (тіл көтереді)

4.Шебердің қолы ортақ,........................(шешеннің сөзі ортақ)

2-Жүргізуші: 5.Батыр туса ел ырысы................(жаңбыр жауса жер ырысы)

6.Отансыз адам-.....................................(ормансыз бұлбұл)

1-Жүргізуші: 7.Ұстаздан.......................................озар. (шәкірті)

8.Алтын, күміс тас екен,..........................(арпа , бидай ас екен)

2-Жүргізуші:Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған әндеріне кезек берелік.

Ән « Мұғалім ғазиз мұғалім » Орындайтындар.Ұстаз Тастаева Ләззат Самғат Айымгул

1- Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар,өздеріңізге әзірлеген сұрақтарға кезек берсек....

1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді?
7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.

2- Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар.

1- Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің биің қабыл алыңыздар.
Би« Ерке сылқым »

1- Жүргізуші:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
2-Жүргізуші: Ұстаздар кім болуды армандайды?
1-Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды..
2-Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
1-Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?
2-Жүргізуші: ммммммммм, әрине
1-Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
2-Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
1-Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші.
2-Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
1-Жүргізуші:--- Бір тыным жоқ. Сабақтан қалған кездерімізге қатты ұялып тұрғаным ай.
2-Жүргізуші: ----яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

2- Жүргізуші- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе ?
1 -Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ... бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз.

Ұстаздар сөзі

2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. 1 -Жүргізуші: Мектеп директоры Дана Шәкірқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

2 -Жүргізуші:Құрметті Райхан апай,Мария апай,Айнаш апай, Лира апай,Зиба апай Сіздердің ұзақ жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз-саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі-өнеге болды.

1- Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып,немере-шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!



 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!