Материалдар / Тәрбие сағат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз сыныбымның ұлдарын жігіттер сайысына қатыстырғанмын
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жігіт сұлтаны.

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1 «ә» сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы бес жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

------------------

--------------------------

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді Әділет
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

 

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің 
Нұртас

Көрінген күштің басынан
 

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Бисұлтан атты жігіт болған сарбазды

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Темур

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей 
Лес Елнұр

Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады.

Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер де аз» өнер сайысы.
ІІІ бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (күш, білек сайысы гир көтеру)
ІV бөлім «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.
V бөлім «Мерген болсаң» асық ату
І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

2 бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

3 - бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (күш, білек сайысы гир көтеру)

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.

 

4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)

 «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
 
1. Төрт түлік малды ата.
2. Түйенің сүтін ата.
3. Сәби баланың төсегін ата.
4. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

5. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам


4-бөлім. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.

5 –бөлім: Сайысымыздың келесі түрі «Мерген болсаң»

Асық ату


     Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

























































Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебі









Тәрбие сағат

Тақырыбы:

Жігіт сұлтаны-2023



1 «Ә» сыныбы

Сынып жетекшісі: Ж. Сагимова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!