Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тәрбие сағат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Мен - өз Отанымның патриотымын»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,
қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық,
адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Оқушылар, бүінгі келіп жеткен жаңа оқу жылымен шын жүректен
құттықтаймын. Алдағы уақытта сіздермен білім саласында жақсы
жетістіктерге жетеміз деген
үміттеміз.
Отан дейміз -от жаққан жерімізді,
Отан дейміз -өсірген елімізді.
Отан дейміз -туған жер, атамекен,
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан,
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін Қазақстан?!
Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Отан дегенді қалай түсінесіздер? (оқушылар жауаптары)
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің потриотымын» деп аталады.
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтам аберіп кеткенім жөн болар.
Патриот – ұлтын сүйетін,
өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан
салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға
үлесқосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет
етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл
тұлға.
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын,
туған – туыстарын жақсыкөруден басталады емес пе?! Өз баласына
жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,
мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда
парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның
міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын
кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық
қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ.
Патриот дегеніміз- қысқаша айтқанда өз Отанын өте қатты құрметтейтін, өз Отанын шексіз сүйетін адам екен.
Мұғалім: Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?
Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.
Отан- оттан да ыстық.
Отан -от басынан басталады.
Отансыз -адам, ормансыз- бұлбұл.
Отан үшін отқа түс күймейсің,
Отан үшін суға түс батпайсың.
Отан –қуат,
Отбасы – шуақ.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан туралы қандай өлеңдер білеміз?
Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің
кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін
сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын
білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор
міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға
патриоттық тәрбие беру.
Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс
көмей әнші, жаужүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін
аянбағаны баршаға мәлім.
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» дегенеді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Бұлсөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
Біз тәуелсіз мемлекетпіз. Біздің өз рәміздеріміз бар. Біздің рәміздерімізге нелер жатады?
Рәміздер туоалы сұрақ-жауап алмасу. (рәміздер туралы сұрау, авторларын сұрау)
Міне, біздің өз рәміздеріміз бар екен. Біздің өз елбасымыз бар. Оның аты кім екен?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте дана, алаш жұртын алға сүйреген, тәуелсіз елімізді басқарып отырған бірден бір асыл тұлға. Сол басшымыздың арқасында біз осындай Отанда өмір сүріп жатырмыз.
Ел болдық
ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен
басталады.
Біз жас ұрпақ өз елімізді әрқашан құрметтеп, мемлекеттік рәміздерімізді аялап, президентімізді сыйлап, бейбіт елдің бейбітшілігін, тыныштығын сақтай білуіміз керек.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:___________
Тақырыбы: «Жақсы сөз-жарым
ырыс»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Оқытудың сұрақ-жауап тәсілі
арқылы балаларды қарым-қатынасқа түсіру, балаларды екі топқа бөліп,
сабақты жарыс түрінде өткізу, балалардың қызығушылығын арттыра
отырып, «Жақсы сөз-жарым ырыс»тақырыбы бойынша алған білімдерін
кеңейту.
Түзете-дамытушылық:
«Жақсы сөз-жарым ырыс» тақырыбына байланысты
көріністерді , сөздерді көру және есту арқылы қабылдау. Сабақ
барысында үлгі ретінде көрсетілген жақсы іс-әрекеттер мен сөздерді
естеріне сақтау. Мақал-мәтел жарысында, логикалық және рөлдік
ойындарында зейінді шоғырландыру, ойлау қабілетін дамыту және
диалогтік, монологтік с.т.
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балаларды сөз әдебіне, үлкенді
сыйлауға, қол ұшын беру, көмектесе білуге баулу. Жұмбақты шешу
арқылы тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: карточка,
плакаттар, буклеттер.
Сабақ түрі:
Топтық
Сабақ
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі
2.Сұрақ – жауап
жарысы
3. Бөлім « Ақыл әліппесі
»
4.Логикалық
ойын
6. « Мен қандай болам » ой
талқы
7. Қортындылау,
бағалау
1. Сабақ
барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс -
әрекеті
Сәлеметсіздерме балалар Тренинг Балалар,
бүгінгі сабағымыз сәтті өту үшін бір-бірімізге шын жүректен жақсы
тілектер айтып, сәттілік тілейік Балалар, айтыңдаршы қандай
сезімдесіңдер? Иә, жақсы сөз жан жылытады. Дұрыс айтасыздар,
адамдар өзара жымиып, амандасып, немесе жақсы тілектер айтып жатса,
әрқашан адам көңіліне жанына асқан жылулық ,мейірім
орнайды
Балалар бүгін бізде жарыс сабақ, тақырыбы
«Жақсы сөз-жарым
ырыс»
Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын,
топтар жетекшісі өздерін және команда мүшелерін
таныстырсын.
Ал, енді бөлімдермен
танысайық:
Сәлеметсізбе.«Тілек
шоғы»
Балалар қолдарындағы гүл шоқтарын бір -
біріне тілек айту арқылы
ұсынады.
Жақсы , бақытты
сезімдеміз.
Балалар өз ойларын
айтады
2. Бөлім « Сұрақ – жауап
»
- Ас атасы
?
- Үйге ұя салатын құстың аты
?
- Киіз үйдің тірегі
?
- Қазақтың ұлттық аспабы
?
- Ас үйде қолданылатын зат атауы
?
- Ыстық мезгілді ата
?
- «Кең» сөзінің антонимі
?
- Ұлы ақын
?
- Ең мамыражай мезгіл
?
- Үлкендерді силайтын бала ? -
Нан
-
Қарлығаш
-
Уық
-
Домбыра
-
Ыдыс
-
Жаз
-
Тар
-
Абай
-
Көктем
- Әдепті
бала
3. Бөлім « Ақыл әліппесі
»
- Қандай ақыл кеңесі мол тақпақтар білесіңдер
?
- Екі топ
жарысамыз
- « Тапқыр »
тобы
Т.Нұрсұлтан
- Ата – ананың,
тілегі,
Адам болып
өскенің.
Адамдықтың
тірегі,
Адал болып
өскенің.
Ернар
Әдептілік
дегенің,
Әрқашанда
керегің.
Әсемпаздық
дегенің,
Әуре сарсаң
әлегің.
Бағлан
- Кім үлкенді
силаса,
Кім үлкенді
тыңдаса,
Силы болмақ
өзіде.
- Бұл жолы алғыр тобы көп айтты, «тапқыр»
тобы қалыспаңдар
«Алғыр»
тобы
Алия
-Тәртіпті бала
сүйеніш,
Төбең бір көкке
жетеді
Тәртіпсіз бала
күйеніш,
Төмендеп басың
кетеді
Қарсы ал ерте күн
көзін
Төсегіңді жина
өзін
Асықпай іш
тамақты
Жалама
аяқ-табақты
Дәуіржан
Пышақты ұста оң қолмен
,
Шанышқыны сол
қолмен
Нанды үгітпе
қадірле,
Қабығымен бәрін
же
Саусағыңды
сормағын
Салдыр салақ
болмағын
4. бөлім «Логикалық
ойын»
Екі топ бір-бірлеріңе жұмбақ тақпақтар
жасырыңдар
«1»топ
Балалар жүр көшеде естіледі шу,
айғай.
Сен де шықтың
көшеге
Қойып кеттің
байқамай
Мұнда не деу
керек
Осы келген
бетіңде
допты қудың
жарыстың
Көшенің сол
шетінде
Кезікті бір
танысың
Ұмыттың сен не
деуді?
-Мен
істеймін
Рұқсат
па?
Кешіріңіз
-Сәлеметсізбе
«2»
топ
Үй артында
қоқыста,
Жатқан үйіліп
қоқысты
Тазалайды қарт
кісі
Белі зорға
иіліп
Не дегенің жөн
еді?
Әжең сенің түскі
асқа
Қасықтарды қойды
мол
Жұрттан бұрын
ыдысқа
Қолды бұрын салдың
сен
Жөн еді не
айтқаның?
5 .бөлім Ситуациялық
сұрақтар
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе
жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер
едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған
кезде сен не істеуің
керек.?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу
керек?
4. Сыныпқа мұғалім келгенде бала не істеу
керек?
Жол бере
едім
Тыныштық сақтауың
керек
Сыпайы сөйлесу
керек
Орнынан тұрып амандасу
керек
Қожаахмет:
Жақсылыққа жақсылық ет қолдан
келгенше
Қуандық:
1. Жақсы адам ай мен
күндей
Әлемге
бірдей.
Жансая:
1. Ұлық болсаң - кішік
бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен
құрмет
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды,
уақыт бөліп келгеніңізге, зейін қойып тыңдағаныңызға рақмет сау
болыңыздар
«2»
топ
Қалмау үшін
керісіп,
Кел алайық
келісіп,
Атқарайық үйдегі жұмысты тең
бөлісіп
Жұлдыз
Кел самаурын
қайнатып
Дастарханды
жайнатып
Отырайық
бөлмеде
Гүлдерді де
суарып
Ақерке
Еденді де
жуайық
Келген кезде
жұмыстан
Қалсын анам
қуанып
Біз сабақта сұрақтарға жауап
бердік
Ойландық
Ойнадық
Жұмбақ
шештік
Арғын:
Жақсылық жолға келе
жатып
Жаман әдет
көрсетпе
Н.Нұрсұлтан
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің
ісі
Жамандыққа жақсылық ер кісінің
ісі
Нұрайым
Жақсы адам өзінің жыртық тонымен де
сыйлы.
Сау
болыңыз
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:___________
Тақырыбы: «Менің сүйікті спортшым»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды өткен тақырып бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау ,пысықтау, жаңа білімді меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: спортқа,денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, прблемалық сұрақ қою, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның танымал спортшыларына арналған буклет-кітап, сандық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сөйлесім. сәлемдесу.
оқушыларды психологиялық дайындау.
қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін? - деп , қазақ тілі сабағымызды бастайық.
- Ал, өздерің, бір-бірлеріңе не тілейсіңдер?
- Қайырлы таң достарым - (1 оқушы)
- Қайырлы күн болсын! - (2 оқушы)
- Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын ! - (3 оқушы)
- Біздің алған бағамыз,
Кілең бестік болсын! - (бәрі).
«Спорт» сөзіне байланысты тірек –сызбаны толтыру.
- Балалар, «Спорт» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
- Спорт сендерге не береді?, қандай болуға тәрбиелейді?, неге баулиды?
Оқушылар тақтаға шығып, жауаптарын тез жазуға тырысады: әнұран,жеңіс,денсаулық,жылдамдық,мемлекеттік ту,жақсы көңіл-күй, т.б
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Сауалнама арқылы өткен сабақты еске түсіру
1. Қазақстанда спорттың қандай түрлері дамыған?
(Жеңіл атлетика, волейбол, шаңғы спорты, қазақша күрес, футбол, бокс, гимнастика).
2. Әлемге танылған Қазақстанның спортшыларын білесіңдер ме?
(Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов)
Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1. Ой шақыру.
- Балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы. Жаңағы өздерің атаған спортшылар мына суреттерде бр ма?
- Ал, бұл спортшылардың арасында өздерің жақсы көретін,сүйікті спортшыларың бар ма?
- Балалар, мен сендерге бұл сұрақты не үшін қойып отырмын?
- Олай болса ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
2. Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу. Тыңдалым.
- Бүгінгі сабақта « сүйікті спортшыларымыз, спорт» туралы білімімізді ортаға саламыз. Біздің бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да өткен сабақтармен тығыз байланысты.
3. Проблемалық сұрақ қою.
- Не себепті өздерің атаған спортшылар сендердің сүйікті спортшыларың?
4. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу.
жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
5. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
мәтін оқылып,аударылады.
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
2. Ойын. « кім тапқыр»
Ойын шарты: 3-4 оқушы шығып, спорт түрлерін қимыл арқылы көрсетеді. Отырған оқушылар оның қай спорт түрлерін көрсетіп тұрғанын табулары керек.
Жаттығулар орындау.
1 - жаттығу. Жазылым.
2 - жаттығу. Жазылым. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып жаз.
3. Жаттығу 5-6 часов өтеді.
Жаңа білімді бекіту кезеңі. Сөйлесім.
« Брейн-ринг» ойыны.
№1.Қазақтың қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?
(Бәйге,көкпар,қыз қуу,аударыспақ,теңге алу).
№2. Қазақстанның белгілі спортшыларын ата.
(С.Қонақбаев, Б.Сәрсекбаев, Ә.Юсупова,Б.Саттарханов)
№3. Ойлауға үйрететін спорттың түрлерін ата.
(Шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ)
Сабақты қорытындылау.Айтылым.
1. Спорт,денсаулық туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер айту.
(Сабақтың тәрбиелік мақсаты осы кезеңде жүзеге асырылады.)
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру: сөздерді жаттау, «спорт» тақырыбына сурет салу.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Асыл әжем-ақ әжем»
Мақсаты: Оқушыларды халық дәстүрі салтарымен
тереңірек таныстыру, көрсету.Әжелер тәрбиесі,әжелер өнерін немерелер мен әжелер
арасындағы сүйіспеншілік әжелердің ұлылығын, ұлағатын, даналығын,ақылын
отбасының тірегі,қазынасы екенін дәріптеу, көрсету. Оқушыларды әжесін сыйлауға,
аналарды құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына адами қасиеттерді сіңіру.
Мұғалім: Қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар қымбатты
әжелер келе жатқан мерекелеріңізбен! Әжелер қашанда мерейлеріңіз үстем болсын!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
«Ана» осы үш әріптен құралған сөздің ішінде қаншама мейірімділік ықылас жатыр десеңізші?Ана туралы тебіреніп толғанбаған жыр арнамаған ақын жоқ
шығар,сірә.Осы ардақты есімді естігенде кез-келген адам баласының жан дүниесі мүмкін емес.Анаға теңесер анаға тең келетін дүниеде жан жоқ.Түн
ұйқысын төрт бөліп жылағаныңда
жұбатып,қуанғанда қуанышыңды бірге бөлісетін ананың кең пейілі
ғой.Ананың аялы алақаны сәбиіне күш береді,ананың ақ сүтін емген
баланың бойында адамгершілік пен мейірім инабаттылық,ізгілік шуағы
мол болады,өмірдің бар қызығы да асылы да анада.Анасы бар адамдар
ешқашан қартаймайды.
«Ана» деген сөз – менің өміріммен тікелей байланысты. Сәбилердің ең
алғашқы тілі «ана» деген қымбатты сөзден басталады.Өміріңнің сәнін
де,әрін де келтіретін,жаманыңды жасырып,жақсылығыңды асыратында
анаң.Жабыққан,сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып
қолтығыңнан демеп,жұбатып үлкен армандарға жетелейтін де
анаң.Сондықтан бүгінгі
әжелер,аналар.
Әже - баланың әкесінің, сондай
- ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау.
Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады. Қазақ
отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі.
Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның
бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың
тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі
алған. Абайдың өзі кішкентай кезінен әжесі Зеренің ертегілерін
тыңдап өскен. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне
жазып қойғандығы естеріңде ме? Ол қандай өнеге сөз еді? «Байлық та,
бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер -
білім»
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Ұстаз – ұлы есім»
Тек жақсылық ұстаздарға тіледім.
Мақсаты: Ұстаз ұлы есім екенін ұғындыру, мәнін ашу, ұстаздарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, еңбегін бағалай білуге, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, суреттер, цитаталар
Барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
2) Ойлан тап.
Тәрбие сағатының аты шығады.
Ұ-ұлағатты
С-сыпайы
Т-талантты
А-ақылды
З-зейінді, зерек.
Адам өиіріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар бәрі бәрі бір адамға қарыздар.Ол -ұстаз.Ұстаз деген киелі, ардақты үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, сені білім кемесіне отырғызып, болашаққа жол көрсететін адам. Ол-ұстаз!
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға,- дегендей, шынында ұстаз еңбегі ұлы да ұлағатты еңбек.. Науан Еңлік: "Мұғаліммін"
Хор: "Ақылшым мұғалім" әні.
Бағлан:
Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Тек жақсылық ұстаздарға тіледім,
Құттықтаймын мерекеңмен бүгінгі
Ұстаздарға басымды мен иемін.
Қожаахмет:
Ғылым иесі ғалымда,ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, диқанда, шопанда бәрі бәрі ұстаздан білім-тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Нұрайым:
Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар,
Ізгілікпен мейірімге толы ол.
Шуақ болып жүректерге таралар.
Жұлдыз:
Ұстаздықтан асқан қиында, қызықты мамандық жоқ.Өйткені оның жауапкершілік өлшемі- адам тәрбиелеу.
Динара:
Мұғалім зор тұлға, мен ұстаздарды күннің құдіретті сәулесіне теңеймин.
Аяна:
Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты сипатты да, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық оймен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп нұр құйатын, тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Алия:
Сүйікті ұстаз - баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі.
Абатгул:
Мұғалім
Бұл адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш осы адамнан басталады.
Сыйлайды барлық қоғам, барлық адам мұғалімді.
Шынарай:
Үйретіп өмір ұстағын,
Үлгілі іске нұсқадығң.
Ақкөңіл іскер қашанда.
Ақылшым менің-ұстазым.
Ж.Нұрсұлтан:
Анашымдай Сыр шерткен.
Ақыл білім үйреткен.
Ана тілін оқимын.
Ерекше зор құрметпен.
Арайлым:
Білім беріп көзді ашқан
Ақылшым досым ұстазым.
Мейірімнен сен ашқан.
Адалдық жолын нұсқадың.
Арғын:
Тәрбиелеп мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына
Жөн сілтеп өзің жетелеп.
Ғылымның жаңа тыңына.
Жансая:
Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен.
Мектеп сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қылып.
Мектеп сенсің мені жұртқа сыйлы еткен,
Мектеп деген білім кені, жыр кені.
Мектеп деген ғылымның ең үлкені,
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Дәуіржан:
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді.
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Абзал:
Қамқор болған жасымнан.
Сипалаған басымнан.
Қуанышта қайғыда
Табылады қасымнан,
Кім еді, ол балалар?
Мұғалім туралы шығарма оқу.
Т.Нұрсұлтан:
Ұстаз біздің анамыз.
Оянады санамыз.
Жігерлі бол жастан деп,
Үйретер ұстаз данамыз.
Айтқаныңды ұғамыз,
ияға қанат қағамыз.
Мерекеңмен құттықтап.
Жүректен жырлар жазамыз.
Жүректен-жүрекке
Аяжан:
Ұстазымның әсерлі үні, сөйлеген сөзінен, қамқорлықтың иісін сеземіз. Ұстаздар сіздерді мейірімді жүрекке теңеймін. Ұстазым мейірімді де, мерейлі болсын.
Мирамбек:
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуге балаға,-деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр сыры мол, қиында жауапкершілікті жұмыс екенін мойындаймыз. Ұстазыма сабырлылық, шыдамдылық тілеймін.
Ақерке:
Ұстазыма шырақ болып жанып, көшбасшы болып жүруін тілеймін.
Гүлбану:
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой , адамгершілік, әдептілік, сана сезімді сіңіруші адам мұғалім. Ұстаздарыма зор денсаулық тілеймін.
Науан: Бұл күн мен үшін ерекше, себебі білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлы ұстаздар мерекесі. Ұстаздар сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.
Нұрайым:
Бұл күн мен үшін ерекше күн. Себебі білімнің асқар шыңына жетелейтін ұлы ұстаздар мерекесі. Ұстаздар сіздерге ұзақ өмір тілеймін.
Хор: "Жарқын жүзді ұстазым! әні.
Жеке нөмерлер.
"Қырманға кел қалқатай" әні, Науан, Нұрғазы, Елдар.
"Ақжайнақ" биі, Динара, Әлия, Жансая.
"Қошақаным " әні, Ернар,Арғын,Н.Нұрсұлтан.
"Жаяу" әні, Ж.Нұрсұлтан.Абзал.
"Ақылшым мұғалім" әні, Нұрай, Аяжан, Арайлым, Гүлбану,Шынарай.
"Көңілді күн" әні, Жансая, Нұрайым.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Шынықсан шымыр боларсың»
Сабақтың
мақсаты: Балаларға денені
шынықтырудың пайдасын,адамның дені сау сергек болуына
көмектесетінін түсіндіру. Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты
өмір сүруге қызығушылығын арттыру.Спортпен айналасудағы әртүрлі
дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену және оларды
қолдану.
Дамытушылық:Балалардың
спорттық қабілеттерін,бұлшық еттерін,дене мүшелерін
дамыту.
Тәрбиелік:Ептілікке,жылдамдылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:Доп,кегли,себет,доға.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,
сайыс.
Сабақтың
барысы:
Шаттық
шеңбері
Біз бақытты
баламыз,
Шыныға да
аламыз.
Сәулетті елдің
көгінде,
Шамшырақ боп жанамыз. (Иіліп сәлем
беру).
Тәрбиеші : Балалар бүгін біздің топта
«Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарыс
болады.
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Балаларды саппен жүргізу, жаттығу жұмыстарын
жасау.
1.Жан-жақты жаттықтырылатын
жаттығулар.
-Бір қатармен жүру,жүгіру,екі қолды белге
қойып,аяқтың ұшымен жүру,жүрелеп
жүру,жүгіру
Басқа арналған
жаттығулар.
-қолымызды белімізге қойып,басымызды оң жаққа
төрт рет сол жаққа төрт рет
айналдырамыз.
-қолымызды иығымызға қойып,екі рет алға,екі
рет артқа айналдырамыз.
-қолымызды алға созып,қайшы
жасаймыз.
-екі қолымызды көтеріп,алға қарай
айналдырамыз.
Белге арналған
жаттығулар:
-қолымызды белге қойып,оң жаққа екі рет, сол
жаққа екі рет созыламыз.
-қолымызды белімізге қойып,белімізді
айналдырамыз.
Тізеге арналған
жаттығулар:
-қолымызды тіземізге қойып,тіземізді
айналдырамыз.
-бір дегенде қолымызды көтереміз,екі дегенде
түсіреміз,үш дегенде отырамыз,төрт дегенде
тұрамыз.
2.Негізгі
бөлім
Шынықсаң шымыр
боласың,
Сауығып айдай
толасың.
Спортты серік ете
біл,
Чемпион болу оңай
ма.
Арман болған
талайға.
Болмасаң да ұқсап
бақ,
Жарысқа түсіп
қалайда.
Балалар енді біз сайысымызды бастаймыз.
(балаларды екі топқа бөлу)
Сайыстың мақсаты: Екі топ тәрбиешінің берген
тапсырмалары бойынша сайысқа түседі.
Кезеңдері:
1.Жыланша ирелеңдеп құрсаудың араларынан
жүгіріп өту.
Шарты
:Балалар екі қатарға тұрып,белгі берілгенде
құрсауды құлатпай арасынан өту
керек.
2.Допты себетке
салу.
Шарты:Балалар
допты қолдарына алып,бос тұрған жәшікке допты лақтырып дәл ішіне
түсіру керек.
3.Құрсаудан еңбектеп
өту.
Шарты
:Балалар мына тұрған құрсауды құлатпай
арасынан өтіп шығуларың
керек.
4.Екі қатармен еңбектеп,доғаның астынан
өтіп,жалаушаға жет.
Шарты:Екі
топтың балалары екі қатарға тұрып,белгі берілгенде доғаның арасынан
өтіп,мәредегі жалаушаға кім бірінші жетуі
керек.
Эстафетаның
қортындысы.
Балалармен жаттығу жұмыстарын
өткізу.
Балаларды бір тізбекпен сапқа
тұрғызу.
Кеудеге арналған
жаттығулар.
-бір-біріне басының үстінен допты беру.(артқа
және алға).
-қолды алға көтеріп,оңға және солға
көтерілу.
Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып
ішпен жату және керісінше
айналу.
Ішпен жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы
иілу және иықтарын көтеру.
Аяққа арналған
жаттығулар
-аяқтың ұшымен
көтерілеміз
-аяқтың ұшын алға,жанына,артқа
қою.
-аяқтың ұшымен 10 рет
секіреміз.
Терең дем алып,ауаны мұрнымыздан
шығарамыз.
Сабақты
қорытындылау
Балалар бүгінгі сабақ ұнады
ма?
Күтілетін
нәтиже:
Негізгі тапсырмаларды дұрыс орындап,
салауатты өмір салтын және дене мәдениетін
қалыптастыру.
Түсінеді: жүру, жүгіру, лақтыру, жорғалау
техникаларын меңгереді.
Қолданады: әртүрлі жаттығуларды істей
алады.
Мақтау:
Балалар сендер барлықтарың бүгінгі сайысқа
жақсы қатыстыңдар, келесі жолы да осылай қатыса
беріңдер!.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Мәңгілік ел»
Мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің
мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын
қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін
кеңейту.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының
рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл
сөздер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
бөлімі
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық
дайындық.
«Менің мақсатым». Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына орналастырады.
Әр адамның өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай бөлшегіміз. Біз - біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею.
-Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі
Білім күні сабағымызда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты
ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел
идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол
жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры -ұрпақтың Мәңгілік
Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың
Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол
арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне
сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа
айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Елбасымыз Мәңгілік
Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының
түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны
ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен
талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы
өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.
Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол
үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді
көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Сөзжұмбақ.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2. Сөйлеу құралы. (Тіл)
3. Мейірімді адам. (Ана)
4. Қасиетті тағам. (Нан)
Отан деген немене? (топтастыру)
Ой
қозғау:
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала?
- Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?
- 30 тамыз.
- Бүгін қандай күн?
- 1қыркүйек - Білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
- 25 Жыл.
-
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
-
Тудың авторын атаңыз.
-
Елтаңбаның авторы кім?
-
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
-
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
-
Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
-
Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж.30тамызда, 21жыл)
-
Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп
тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір
тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір
халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық
мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз
үшін ортақ Отан.
«Бір
тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар
мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын
табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да
ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең
алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал.
Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің
тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Бүгінде біздің азаматтар
үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне
пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты
саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз
бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз
Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді
мұрат қылдық.
«Мәңгілік
Ел» тақырыбына арналған слайд
көрсету.
Ал,
балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең, мақал-мәтелдер
білесіңдер?
«Ойын»
«Мен
президент болсам , халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын
айтқызу.
Ән: Елім
менің
Бекіту.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та
айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде
үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді.
Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір
қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу
жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар
– ау.
Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді «Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады.
-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Менің арманым – ертенгі болашағым»
Тренингтің мақсаты: студенттерді өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.
Көрнекіліктер: А3, фломастерлер, газет-журналдар, қанатты сөздер жазылған карточкалар.
Тренинг жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Амандасу рәсімі.
б)Сөйлемді жалғастыр...
в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау.
г) Карточкамен жұмыс.
д) «Мюнстенберг»
ІІІ. Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Амандасу рәсімі
Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.
Әр амандасу рәсімінің ерекшеліктері бар. Бүгін біз амандасу барысында фильмдегі кейіпкерлерді біріктірейік. Мысалы, Сәлем Надира, сен маған «қызыл телпекті» елестетесің.
б)Сөйлемді жалғастыр...
Егер мен депутат болсам...
Егер де мен сәби болсам...
Егер де мен дәрігер болсам...
Егер мен мұғалім болсам...
Егер де мен заңгер болсам...
Егер де мен ұшқыш болсам...
Егер мен сиқыршы болсам...
Егер де мен директор болсам...
Егер де мен кәсіпкер болсам...
Егер мен әнші болсам...
в) «Менің арманым – менім болашағым» тақырыбында коллаж жасау.
Керекті құралдар: картон, газеттер, журналдар, түрлі түсті фломастерлер, жарнамалық қағаздар.
Студенттер осы тақырыпта 2 топқа бөлініп коллаж жасауларыңыз керек.
г) Карточкамен жұмыс.
-
Сіздерге суретті карточкалар беремін. Суреттегі ұлы адамдарды көмекші сөздер арқылы табыңыздар.
Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. Істеген амалдардың барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады.
А. Энштейн
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлікте жоқ. Л. Толстой
Қиял! Мұнсыз ақын да, философ та, тіпті адам болуы да, мүкін емес!
Д.Дидро
...арман деген көп белес, біріне шықсаң бірі бар.
Ғ. Мұстафин
Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы. Ш. Айтматов
д) «Мюнстенберг»
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында өлеңнің аты бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Және сол өлеңді музыкаға салып айтып берулеріңіз қажет. Жұмыс уақыты - 3 минут.
ЫОШЫОШЩРОАРМАННННОВШГНГАДАСТЫРМАЙЙЙШКГМЕНІІЛВТОПҚҚОЯЯЯТДВЛАООРДОЛДЖЩӨӘІЦҚӨҰӨПТТТҰРРШОЫТЧЛПОЗЩДЛОЛОЛ
ӘІҢҮҚӨҚАРМАНЫМАПШОВОЛЩЗЩАСЫҒЫПЛЛОЛООПБАРАМҚҺӨӨҚ
АОРПДЬДЖЖАРМАНГПРГРИАЙДРОТЖДЬОҮҰҰҚФЫВПДЖЖПЖЭЖОХ
ЧӘІҒҢӨҺҚӨПАҚҚУЛОРДЛОДЖЖДЛЖДАРМАНДЛЖЭДБЖДЖЬЖДДЖД
ЫВПАРЛДПАОРАСЫЛАПОЕНЕНШАРМАНРЛДЖЭЯЧСМИТЬЮХКЙЙЦУ
Қорытынды:
«Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау: Мына сиқырлы қобдишада сыйлықтар бар. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Әрқайсыңыз мына сыйлықтарды бір-бірден таңдап алып, лайықты деген адамға сыйлаңыздар. Сыйлықтарды үлестіріп болсақ, өздеріңіздің қандай қасиеттеріңіз бар екенін айтып беріңіздер. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Тренингті қорытындылау: Ал, енді тренингті қорытындыласақ. Қандай әсер алдыңыздар? Жаңадан не білдіңдер? Не ұнамады?
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:____________
Тақырыбы: «Таза болса денеміз, сұлу болып өсеміз!»
Мақсаты:
«Табиғат», «денсаулық» құндылықтары және
«табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы білімдерін
кеңейту.
Міндеттері: -Табиғат пен адам үйлесімділігі
туралы түсініктерін,экологиялық тәрбие негізін
қалыптастыру;
-Денсаулығын күту іскерлігін
дамыту,денсаулығын нығайтуға деген іскерлігін
арттыру,
-Табиғатты қорғау,сақтау қажеттігі туралы
ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін
арттыру.
- Елін,жерін Жер ананы құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:ағаш макеті,оқушылар
шығармашылығы,нақыл сөздер, арнайы дайындалған слайдтар мен
өзеннің,балықтың
макеттері.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі
Психалогиялық ахуал: Шуақ
шаша
Алтын
таңда
Мөлдір таза
ауада
Табиғатта бәрі
оянды
Оян сен де, бар
бала!
ІІ Кіріспе: «Бақытты
бол,бөбегім!»
Таза ауасы
даланың,
Салтанаты
баланың
Әлдилейді
тербетіп,
Жас жүрегін
баланың.
Естіп жүрсем
күлкісін
Мәз-мейрам боп қаламын. (Хусман
Айымгүл)
- Балалар,бұл өлең жолы не туралы? (оқушы ойы
тыңдалады)
ІІІ Әңгімелесу: - Жасыл ел туралы
естігендерің бар мА?
-Жасыл ел тобын құрған адамдар немен
айналысады?
-Олардың атқарып жатқан жұмыстары қандай
мақсатпен жалғасуда деп
ойлайсыңдар?
Оқушылар жауаптарын түйіндеу: (Слайдтан
эмблемасы мен қашан, қандай мақсатта құрылғанын
көрсету.)
-Ия,балалар,жас табиғат қамқоршылары жиналған
топ «Жасыл ел» деп аталады.Олар «Таза болса табиғат,аман болар
адамзат » деген ұранмен,адамдардың таза ауамен демалуы
үшін,жаны,тәні таза болу үшін осындай іс-шаралар жүргізуде.
(Суреттен көріп
танысамыз)
-Ендеше,бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын
«Таза болса табиғат,аман болар адамзат » деп алып отырмын.(Дәптерге
жазу)
Адам денсаулығын жақсарту үшін табиғат
аясында тағы да қандай жұмыстар атқарғанымыз абзал деп
ойлайсыздар?(Сұраққа жауап
іздестіру)
Толықтыру: Дұрыс айтасыңдар,балалар,адамдарға
саулық пен қуаныш сыйлау үшін алдымен жұмысты тазалықтан
бастағанымыз жөн.Тазалық болған жерде өсімдік те,адам да жайнай
түседі.Олай болса біздің атқарар жұмыс табиғатқа күтім,қамқорлық
жасау.
Оқушылар мен мұғалімдердің мектеп ауласы мен
саябақты тазалау сәтінен көрініс
көрсетіледі.
Табиғат-адамға баға жетпес байлық.Сондықтан
да дана халқымыз «Табиғатқа тазалықты тарту ет» деп
дәріптеген.Табиғаттың әсем көрінісіне ақындарымыз өлең
жазған,күйшілеріміз күй
шығарған.
Әдеби монтаж: «Табиғатпен
тілдессем»
Проблемалық сұрақ
қою: «Табиғаттан ешқашан қаша
алмайсың,
Әуелбастан егіз боп жаралғансың» деген өлең
жолдарынан нені
түсіндіңдер?
-Адам туылған күннен бастап табиғатпен
бірге.Өйткені, оның жерінде дүниеге келіп,суын ішіп,ашық аспан
астында күніне малынып өсіп келеміз.Сондықтан табиғатта адамнан оны
күтуін,сақтауын
қалайды.
Көрініс: «Алтын балық» ертегісінен өзгертіліп
алынған.
Орындаушы:Демегенов
Бағлан
Мінекей,балалар,адам кейде өз қолындағы байлығын қадірлемейді.Әдемілікке толы табиғатын,тап-таза суын,тұнық ауасын қымбат дүниелерге айырбастап жібереді. Табиғат тазалығы бұзылғанан соң адамдардың денсаулығы,көңіл-күйі бұзылары анық.Сондықтан табиғатты таза ұстауға ұмтылайық.
Шығармашылық
тапсырма: Оқушылар екі топқа
бөлінеді.
1 топ:Ертегінің басындағы «Алтын балық»
кездеспеген кезіндегі табиғатты
суреттейді.
2 топ: «Алтын балық» тілегін орындаған
сәттегі табиғаттың суретін
салады.
Жұмбақтар
шешу:
1.Әдемі
түнде
Мен жүрсем,жүреді бірге.
(ай)
2.Ақ сандығым
ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (күннің
көзі)
3.Бір түкті
кілем,
Бір түксіз кілем. (жер мен
аспан)
4.Бар ма,жоқ па -оны анық
білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүргейсің.
(ауа)
5.Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын.
Биіктен қайта
түскенде,
Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)
- Бұл жұмбақтың шешулерін қайталап
өтейікші!
Күн,ауа,жер,сусыз біздің өмір сүруіміз мүмкін
бе,балалар?
Қазір табиғат адам өміріне қажеттілігі туралы
шағын көріністі тамашалауды
ұсынамын.
Көрініс.
Қатысушылар:Алтын күн,Таза ауа,жер-ана,Мөлдір
су,оқушы.
Ауамызды таза ұстау үшін не істеуіміз
керек? (өсімдіктер өсіруіміз
қажет) «Мың шыбық шаншып,өсірсең,халқыңа орман салғаның,өзіңе
қорған салғаның» деген халық даналығына сүйене отыра
оқушылар
топқа бөлініп, сыныпқа арнап гүл
отырғызады.
Сонымен «Басты байлық- денсаулық» деніміз сау
болу үшін табиғатымызға өз тілектерімізді
тілейік.
-Ағаштың макетіне ақ матаны байлай отыра
табиғат анаға деген ізгі тілектерін
айтады.
Мысалы:Саялы ағаштар жайқалып өссе
деймін.т.б.с
-Олай болса,балалар,мен де сендердің күндей
күлімдеп,гүлдей жайнап,ағаштай биік,судай таза болып өсулеріңді
тілеймін.
Қорыту:Оқушылар
хормен
Тазалықты
сақтайық,
Табиғатты
баптайық.
Бізге деген
пайдасын,
Жақсылықпен
ақтайық.
Табиғатты қорғау
ережесі:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар
тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына
ырысын
Ей,адамдар,қалайғана қатыгездік
жасайсың
Табиғат –Анаң,ал сен-оның ұлысың,- дей келе
бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:_____________
Тақырыбы: «Салт дәстүр асыл қазына!»
Бағдарламаның мақсаты:
Ұлтымыздың асыл мұраларын,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріноқыту мен тәрбиелеу үдерісінде кеңінен пайдалана отырып өмірге көзкарасы қалыптасқан, тілі дамыған,иманды, ұлтжанды тұлға етіп тәрбиелеу
Міндеттері:
-Қазақ халқының асыл мұраларын, ,озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жүйелі түрде баланың бойына сіңіру.
-Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту.
-Әр нәрсені салыстыра отырып,олардың арасындағыайырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажырата білу жәнеоларды жинақтап,өз беттерімен қорытынды жасау.
-Оқушылар қазақ әдеби тіл нормасына сай сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жеткізу.
Түсінік хат
Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған,жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деген сөз.
Өскелең ұрпақты халқымыздың өткені мен бүгінгісін, оның тарыхын,ұлттық мәдениетін,жақсы дәстүрін танытып,өз өнерін қастерлей білуге баулуда тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе білуіміздің маңыздылығы ерекше.Қазіргі кезде оқу үдерісінде оқушылардың тілін дамыту басты мәселенің бірі екенін бәрімізге белгілі. Әрине, бұл өте күрделі мәселе.Өйткені егемен реуспубликамыздың бүгінгі күннің талабына сай тіл жағдайы қоғамымыздың маңызды мәселерінің бірі болып табылады.Тіл адам қарым-қатынасының, мәдениетінің аса маңызды құралы.
Қарым-қатынас майданына түскен құралдың икемділігі артын шыңдала береді. Адам тіл арқылы ойын дәл жеткізе алады.Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөзі де,жазғаны да жатық, орынды шығып жатады. Қазіргі таңда мектеп өз түлектерін, шәкірттеріннің осы талапқа сай болуын мақсат етед.
Оқушылардың ой-өрісін, сана сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады.. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда.Бұл ретте үйірме, таңдау пәндерінде жүргізілетін жұмыстардың да маңызы зор.
Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс таңдау пәндері мен үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет –ғұрып, салт- дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздер, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді жиірек,кеңінен қолдансақ:
-
Біріншіден оқушылардың ой өрісі кеңейіп, сөздік қорын байытады:
-
Екіншіден тіл орамдылығын арттырап өмірге көзкарасын қалыптастырады.
-
Үшіншіден балаларды жақсыға жиренуге тәрбиелейді.
-
Төртіншіден ұлттық намысын қалыптастырып,отаншылыққа тәрбиелейді.
Ендеше ұсынылып отырған үйірме жұмысы бағдарламасының үлгі жоспарының жас ұрпақты тәрбиелеу барысында мұғалімдерге тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
1 . Кіріспе. Мақсаты мен міндеттері
Үйірме жұмысының негізгі мақсаты, міндеттері, сабақты өту тәсілдері және оқушының өзіндік жұмыстар мен шығармашылық жұмыс жасау міндері туралы түсінік
2. Балаға ат қою дәстүрі.
Туған балаға азан шақырып, ат қою дәстүрі.Ат қоюға жауапкершілікпен қарау.
3. Бесік жыры
Нәрестеге анраналған қазақтың бесік жырының тәрбиелік мәнін айту.Бесік жырын жаттау.
4 Жеті атаны білу.
Жеті атаны білу міндетті. Жеті және он атаның атаулары: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек немене, туажат, жүрежат, жекжат, жұрағат.
5.Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрлері:
Қыз баланыың абыройы, ұл баланың намысы. Осы туралы мақал-мәтелдер. Өлең жинақтар, жырлар. Олардың болашақтағы міндеттері.
6. Тыйым сөздер
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі ырымдар мен тыйым сөздер екенін түсіндіру.
7. Туыстық атаулары
Қазақтар жігіттің үш жұрты бар деп есептеген. Өз жұрты бойынша баба, ата, әже, әке, шеше, апа,көке, тәте, әпке, қарындас, жеңге, келін, абысын, жезде күйеу, сіңлі, бөле, балдырған, немере, шөбере, шөпшек және қайын жұрты бойынша атаулар туралы түсінік.
8 Шығарма.
Өтілген тақырыптарға байланысты алынған тақырып бойынша оқушыларға шығарма жазғызу.
9-10. Киіз үй- қазақтың негізгі баспанасы.
Киіз үйдің түрлері:
-
Тұрғын киіз үйлер, отау немесе ақ отау
-
Мереке жиынға, қонақ күтуге арналған киіз үйлер
-
Жорық кезінде тігілетін киіз үйлер
-
Салтанатты киіз үйлер: ақ үй, ақ орда, боз үй
-
Асхана- қойма, сарай ретінде тігілетін үйлер
Қабырғаларына қарай киіз үйлер 4,6,8,12 қанатты болатыны, кейде ол 32 –ге дейін жететіні жайлы мағлумат беру және қазақ үйдің құрылысымен таныстыру
11. Қазақтың үй жиһаздары.
Абажа, абдыра, ағаш төсек, адалбақан, алаша, асадал, аяққап, бөгіре, бөстек,дастархан, дорба, жастық, жазы,жағылан, жұқяақ, жастығаш, кебеже,киіз, көрпе, құс төсек, сандық, сырмақ, текемет, түскиіз, кілем, қоржын туралы түсінік беру.
12.Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақтың еттен,сүттен жасалатын тағам түрлері, қымыздың түрлері, ұн және дақылдардан жасалатын тағамдар, дәм түрлері жайлы білім қалыптастыру.
13. Қазақтың ыдыс-аяқ түрлері
Күнделікті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқ , қымыз ішетін ыдыстүрлері туралы түсінік беру және жасалу жолдарымен таныстыру.
14. Қазақтың ұлттық киімдері
Ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, ерлердің сырт киімдері, әйелдердің сырт киімдері, көйлектер және аяқ киімдер түрлері.
15-16. Ұлттық ойын түрлері.
Қазақтың ұлттық ойындары және дәстүрлі дене шынықтыру түрлері. Асықтың түрлері және түсуіне байланысты атаулар.
17. Қазақтың аңшылық өнері
Аң аулау тәсілдері. Құсбегілік өнер немесе саяткерлік. Бүркіт бүркітпен аң аулау тәсілдері.Бүркіттің жасына қарай атаулары,Бүркітті баптауға қолданылатын құрал-жабдықтары..
18.Шешендік сөздер
Үш жүздің атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билері және олардың шешендік сөздері. Шешендік сөздер тақырыбына қойылымдар. Қою.
19. Бата оның түрлері
Бата дастархан басында, түрлі жиын тойларда,адам өмірінде кездесетін ірілі-ұсақты қуаныштарда, жорыққа аттанарда, сапарға шығарда көшіп қону кезінде, қонақ болғанда, шешендік пен ақындыққа сәт сапар тілеуде бата беру қазақ халқының салт- дәстүрінде ежелден келе жатқан рухани қазына, көне дәстүр.
Бөзіндік қисыны болады және айтылатын орны бар. Қазақтың ақ батасы қашан да адамды адамгершілікке, имандылыққа, сабыр мен парасатқа, ақыл мен білімдарлыққа, шешендікке баулыған.
20-21. Мақал –мәтелдер
Отан, туған жер, атамекен, еңбек туралы ,ерлік, батырлық жайында,бірлік, достық,жолдастық туралы, ағайын-туыстық, егіншілік жайында, өнер,білі,оқу, ғылым туралы, адамгершілік жайындағы тақырыптарға байланысты және т. б мақал-мәтелдерді оқу, талдау жасау, жаттау және жинақтау.
22. Жаңылтпаштар
Бұл бір жағы ойын туралы, екіншіден жас баланың тілін жетілдіру үшін айтылады. Жаңылтпаштың шарты бір адам оны айтады да оны тез арада аудыртпай қайталайды.
Айта алмаған адам жеңілген болып есептеліп оған айып тағылады.
23. Саз аспаптары
Қазақтар саз өнеріне шебер, саз аспаптарына бай халықтардың бірі. Сондықтан да ертеректе домбыра алып, ән сала білмеген адамдар қазақтар арасында өте сирек кездесетін.
Қазақтың саз өнері ән, күй, жыр, терме ,би болған. Саз аспаптары ойналу түрлеріне қарай мынадай түрге бөлінген:
-
Үрлеп ойналатында.
-
Шертіп ойналатындар
-
Қияқпен ойналатындар
-
Ұрып ойналатындар
-
Сілкіп ойналатындар
24. Қазақтың сал-серілік дәстүрлері
Қазақтың атақты сал-серілер: Біржан сал, Акан сері, Сегіз сері, Жетісулық Дәурен сал және басқа серілер туралы мағлұмат беру.. Олардың мініп жүрген аттары және бойындағы өнерлері жайлы айту.
25. Қолөнер түрлері
Қазақтың қолөнер кәсібі.Ағаштан жасалатын бұйым түрлері, бесіктің түрлері, жүннен жасалатын бұйымдар, металдан жасалатын бұйымдар, ою-өрнек түрлері және олардың атаулары.
26. Төрт түлік.
Малдардың түрлері мен пірлері, олардың өнімдері, жасына қарай атаулары, төрт түлік малды шақыру және қайыру тәсілдері.Төрт түлікке байланысты шығарылған өлең, жырларды оқу,жаттау.
27-28Қазақтың байырғы өлшемдері
Сайсақпен, қолмен, аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері.Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері. Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері. Қашықтық,тереңдік,ауырлық,аудан,көлем өлшемдері.Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері және азық-түлік мөлшеріне байланысты өлшемдер.
29. Ауа райын болжау әдістері.
Қазақтар ауа райын келешекте қандай болатынын Айдың туысына қарап болжаған.Күн мен айдың құлақтануы,жұлдыздардың жымыңдауы да ауа райының өзгеретінін білдіреді. Сондай-ақ ауа райын үй жануарлары мен түз хайуанаттарының,құстардың қылығына қарап та анықтаған.
30. Батырлар жыры. Алпамыс батыр.
Батырлық жырлардың халық ауыз әбебиетінің ертеден келе жатқан көне түрі екені, оларда халықтың Отанын сүйетін,басқыншы жаудан елін, жерін қорғайтын батырларды аңсаған арманы айтылатыны, олардың тарихы-әлеуметтік оқиғамен байланысты туып дамығаны жөнінде мағлумат беру
«Алпамыс» жырының мазмұнына қысқаша түсінік беру.Үзінді оқу,негізгі ойды анықтау
31. Ертегілер елінде.
Қазақ халқының ертегілерін оқу, мазмұндау, кейіпкерлеріне мінездеме беру және оқыған ертегілерін сахналап көрсету.
32 Қорытынды сабақ.
Жыл бойы істелінген жұмыстарға талдау жасау, қорытындысын шығару
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:___________
Тақырыбы: «Отбасы ошақ қасы!»
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтүрі: сыныптан тыс шара.
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз.
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ үлкен шеңберге,
Алақанға ұрайық.
(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)
ІІ. Негізгі бөлім.
Жұмбақ жасыру.
Маған да, саған да,
Жақын, туыс адамдар.
Бәрі де өз жұртың,
Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)
- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы
екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп
тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы
қандай?
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.
Ендеше үш топқа бөлінейік.
«Ана» тобы.
Ана туралы жыр.
Әлемнің жарығын сыйладың сен
маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен
танимын.
«Әке» тобы.
Әке туралы жыр.
Жас едім өмірге еркін
бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда
маған.
«Бала» тобы.
Бесік жыры.
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Қуанышың арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып
Біз боп саған қараймыз
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау.
1.Тыңдай білу.
2.Өзара сыйластық.
3. Белсенділік.
4. Қол көтеріп сөйлеу.
5.Уақыт үнемдеу.
Сұрақ – жауап:
1 топ.
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі.
(мұра)
5. Үйде кім
қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын
қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)
2 топ.
1. Бес
асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым)
2. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі,
іні.)
4. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
5. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан
ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.
6. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)
7. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)
3 топ.
1. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,
айтқандарын істеу керек.)
2. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
3. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
4 Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)
5. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)
6. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)
7. Ат – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?
«Бақытты отбасы модулін» аяқтау.
Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.
Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік,
бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау
болсын!
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Бақытында, байлығында - денсаулық!»
Сабақтың
мақсаты
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының
қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін
түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін
жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді,
тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға
етіп қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық,
ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, сипаттау , талдау,
жинақтау.
Пән аралық байланыс: биология, экология,
валеология, музыка, дене
шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,
суреттер, буклет.
Сабақтың барысы: Ой
шақыру.
Тәрбие сағатының тақырыбына байланысты
оқушылардың назары
« денсаулық » сөзіне аударылып мағынасы
талқыланады. Сонан кейін денсаулық жайында мына өлең жолдары
оқылады.
Денің сау ғұмыр жасың болады
ұзақ,
Ауруға төрт нәрсемен құрсаң
тұзақ
Жылы сөз, жеңіл тамақ , жақсы
әуен
Күлкідей бола алмайды бәрі
бірақ.
Өлеңде адам дені сау болу үшін нелер қажет
екенін әңгімеленгенін оқушылар
талқылайды.
- Жылы сөз жан семіртеді. Адамның бірауыз
жылы сөзі ауруға ем.
- Жеңіл тамақ. Денің сау болсын десең,
ауызыңды тый.
- Жақсы әуен. Жақсы әуен жанды жадыратады.
Күлкі. Күлкі адамды
емдейді.
Олай болса, деніміз сау, білекті, алып
жүректі қайсар да қайратты ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін
адамға ең басты байлық – денсаулық
қажет.
Олай болса балалар, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы «Денсаулық- зор байлық» деп аталады. Сабақ басталар
алдында оқушыларға спорт, құнарлы тағам түрлері, су, ауа суреттерін
үлестіру арқылы 4 топқа
бөлеміз.
1 топ. « Табиғат байлықтары »
тобы
Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер
пайдасы қандай? Табиғат аясында шынығудың түрлерін атап, әңгіме
құрастырыңдар.
2 топ. «Ептілер мен күштілер»
тобы
Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтыру
түрлері ата.
Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен
жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық
жаттығуларын
көрсетеді).
Денсаулыққа зиян келтіретін факторларды
атаңыз.
3 топ. «Шипалы тағамдар»
тобы
Дұрыс тамақтану жолдары
қандай?
Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп
ойлайсың?
Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы
мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет.
(Сүт пен
сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті
сусындар).
4 топ.
«Сымбат» тобы.
Жеке бас
тазалығы деген не? Өз ойың.
Таза
жүретін баланы қалай атайды? Оның достары
нелер?
Тазалықты сүймейтін бала қалай атайды? Оған
оқыған шығармаларыңнан қандай мысал
келтіресің?
Мұғалім
сөзі: Сонда балалар, темекі мен ішімдіктің адам ғазасына тигізетін
зиянды әсері көп екен. Мсалы: Темекі тартып, ішімдік ішкен
адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан
стенокардия ауруы пайда болады. Темекі түтінін никотин, иіс газы,
көгергіш қышқыл және тағы басқа зиянды заттар
болады.
Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп,
жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі –
маскүнемдік, араққұмарлық. Демек, балалар біз бос уақытымызды
тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ
болайық.
Мұғалімнің сөзі: «Болашақ өз
қолыңда»
1.
Өзіңді-өзің тәрбиеле: Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл. Ол
ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді. Ал мақсат қоя
білмеген адам тез қартаяды.
2.
Жігерді қалыптастыру: Жігер – ағзаға берілетін бұйрық. Оны өзің
жасауға үйрен.
3.
Денсаулығыңды шынықтыр: Шымырлық ағзаны төзімділікке
үйретеді.
4.
Тамақтана біл: Көп тамақ жеу зиян. «Тамақты өмір сүру үшін жеймін,
тамақ жеу үшін өмір сүремін» деген қағиданы естен
шығармаңдар.
5.
Демала да біл. Ол мәдениетті
көрсетеді.
6.
Мейірімді болуға үйрен. Адамдарға қуаныш сыйла, өзіңнің көңіл-күйің
жақсарады. Ал жағымсыз әсерлер ауру
туғызады.
7.
Өзіңе-өзің сен. Әрбір адам табиғаттан талантты болып
туады.
Тек оны одан әрі дамыту өз қолыңда.
Кез-келген жұмысты бастағанда, мен мұны қалайда жеңемін деп баста,
сен жеңесің.
8.
Өзіңді танып біл. Өзіңе «Мен мақсатты, жігерлі, қайратты, көпшіл
мейірімдімін бе?» деген сұрақ қой. Оған шын жауабын бер. Өзіңе-өзің
ұнамасың, онда өзгеруге
тырыс.
Ұжымдық
жұмыс.
- Ауру жанға арашашы кім және қандай
орын?
(Емхана, дәрігерлер, мейірбикелер, халық
емшілері.)
Оқушы
жауабы мына өлең жолдарымен
қорытыла.
Адамға
денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру
төнсе кең дүниені тар
қылмақ.
Денсаулықтың қорғаушысы болам
деп,
Дәрігерлер берген отан алдында
ант.
Ой
толғаныс.
- Біз
бүгін қандай тақырыпта сөз
қозғадық?
Нені
ойға тоқып, жадымызға сақтауға
тиіспіз?
- Сендер
қандай азамат болып өсулерің
керек?
(Оқушылар жауаптары таңдалып және сарапшылар
қай топтың көбірекжауап бергенін ескеріп
қорытындылайды).
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат
ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз
бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі,
салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып
өсіңдер.
Үйге
тапсырма: « Денсаулық- зор байлық » тақырыбына эссе
жазу.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолына талай боздақтарымыздың жалған айыппен құрбан болғандарын көрермендерге жеке ұғындыру оқушылардың дүние танымын кеңейту. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жерін қадір- қасиеттін ұғынуға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.
Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана
елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23
жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын
өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге
жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен
еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше
мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді
ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті.
Абатгул:Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ернар:Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан – жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
Абзал:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Т.Нұрсұлтан:Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!……
Нұрайым:Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді….
Гулбану:Ту
тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі
тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,
егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше
сау саламатта болыңыздар!
Биылғы жыл –
қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі жыл.
Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толып отыр. Ғасырға
бергісіз 26 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан,
бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған 26 жыл, ұлы
мерекеміз құтты болсын! ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға
қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін,
ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз
Тәуелсіздіктің 26 жылдық шежіресіне ой жіберейік.
Міне, балалар талымыз бастапқыдай емес жайқалып шыға келді. Бұл тал
секілді біздің елімізде көркейіп, сұлуланып, дамып келе жатыр.
Тәуелсіздігімізді алғалы осыншама жетістікке жеткеніміздің бірден –
бір айғағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен жолдамалары.
Елбасының биылғы жылғы тағы бір ерен жеңісі, Қазақстанның кезекті
биік белесі: Астананың ЕХРО - 17 халықаралық көрмесін өткізуге
дайындығы. Бұл дүниежүзілік көрме өткізу арқылы еліміздің беделін
тағы бір рет барша әлемге танытатын боламыз. Астана тағы да әлемнің
160 мемлекетінің бір ауызды ықыласты қолдауына ие болды. Батыс пен
шығыс өркениетін жалғастыратын алтын көпір атанған ару Астана
өзінің тарих сахнасында салтанат құрған осы бір 26жыл ғұмырының
ішінде талай - талай аламан бәйгелерге ат қосып, талай жаһандық
биіктерді бағындырды. Әлем жұрты дәл қазір Қазақстан десе –
Астана, Астана десе – Назарбаев дейтін болды. Астана – бүкіл
Қазақстан халқының мерейі мен мәртебесі. Алғашқы күннен мемлекеттік
құрылымның керуен көшін түзу жолға салған президенттің көрегендігі
елдік тұғырымызды шайқамай, өркендеудің озық үлгісі негізінде
бүгінгі күнге жеткізді. Дүниежүзі Қазақстанды білді.
Мемлекетімізді көркейту үшін “біз кімбіз” және қандай үлес
қосамыз?
- Тәртібіміз бен, сапалы біліміміз бен үлес қосамыз;
- Озық технологиялармен жабдықталған мектепке қол жеткізген
ұрпақтармыз;
- Интернет жүйесіне қосылуға мүмкіндік алған, білімге құштар
оқушылармыз;
- Ертеңгі күні ел үшін әр салада еңбек ететін еңбекқор
оқушымыз;
- Үш тілді жетік меңгеруге ұмтылған ұрпақтармыз;
- Біз спортты сүйетін, салауатты өмір салтын сақтайтын дені сау
оқушылармыз;
- Біз Тәуелсіздік тірегіміз.
«Тәуелсіздікке 26
жыл» тақырыбына постер жасап,
қорғау І топ. ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ 1991 - 2017жылдараралығы жеткен жетістіктеріміз
туралы.(Әр оқушы қолдарына жылдарды ұстап тұрып сол жылы қандай
оқиға болғанын айтып береді)
Ән: «Көк тудың желбірегені» Сәрсенбай Ернар.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» атты дайындағын тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетті.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Төрлет құтты жаңа жыл»
Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз.Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.
1.Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын
маңайың.
Көргендер де көрмегенде
арманда.
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
2
Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар,
қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет құтты жаңа жыл» атты
кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер
Конец формы2
Жүргізуші:
Әнші де құс үні бар,
Кірсең кештің сәні бар.
Салайықшы шарықтап.
Жаңа жылдың әніне
Ал ағайын тұрмайық
Жаңа жылды жырлайық.
1
Жүргізуші:
Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен
көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз
атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа
жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез
келер.
Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел,
кел!
(Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл
келеді)
2 Жүругізуші
Дөңгеленіп
тұрайық,
Ойын сауық
құрайық.
Ән шашуы
шашылсын,
Жаңа жылға
ылайық!
1 Жүргізуші
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
2 Жүргізуші
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 Жүргізуші
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
2 Жүргізуші
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
1 Жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып,
арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат
әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын.
2 Жүргізуші
Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.
1 Жүргізуші
Жаңа жыл - қайсарлық
пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек
түріп.
Мың бұралған бишілерге қол
соғамыз,
Шаттанып көңілденіп күліп тұрып.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар, жаңа жыл құтты болсын! Осындай тамашаны бізбен бірге бөліскендеріңізге көп-көп рахмет. Осымен «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі жылға дейін аман, сау болыңыздар
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Әдепті бала арлы бала»
Мақсаты:
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге
үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену
сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды
айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным
белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек
сызбалар.
Мұғалім:Бүгінгі сынып сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4-оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
6- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
Үлкендердің алдын-
Кішкене баланы-
Құстарды-
Қыз баланы-
Сабақтан-
Үйге жүгіріп-
Үлкен кісіні-
Оқу –құралдарын-
Сыныпта айғайлауға-
Ысқыруға-
Құстың ұясын-
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата- аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
Ұлық болсаң- кішік бол.
Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Жағдаяттық сұрақтар:
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Асханада тамақтанғанда қалай отыру керек?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Жас- кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап.
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Қорытынды:
«Әдепті бала қандай болу кере?» ой шақыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Еңбекпен тапқан нан тәтті»
Бейнетің қатты болса,
татқаның тәтті болар.
Халық мақалы
Мақсаты : Балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері:
• еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
• еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну,
іскерліктерін дамыту;
• еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, түрлі түсті қағаздар,
қайшы.
Шаттық шеңбері ( оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.
Төмендегі өлең жолдарын хормен дауыстап айтады)
Біз бақытты балдырған. М. Дауылбаев
Жайнатар кең өлкені, Біз бақытты балдырған -
Болашықтың ертеңі, Ата -ананың өркені.
- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу
үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық.
Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы
туралы әңгімелесеміз.
* Әңгімелесу
- Адамға еңбекқорлық не үшін қажет?
- Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кезде қандай сезімде
болдыңдар?деген сауалнама жүргізіледі.
«Бейнетің қатты болса,
татқаның тәтті болар» деген халық мақалының мағынасы
түсіндіріледі.
- Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде
болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді.әркімге өзінің
еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. «Бейнетің қатты болса,
татқаның тәтті болар» деген халық даналығы осыдан шыққан.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
• Тапсырма
Сабақта оқушылардың білім -біліктерін дамыту мақсатында тапсырмалар
беріледі. Сурет бойынша өз ойларын әңгімелеп айтады.
* Жаңа ақпарат.
Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып
түсіндіру.
«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына
ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.»
• Ойын.
Балалардың денесін сергіту мен жұмыс істеуге дағдыландыру
мақсатында «Аралар» атты ойын жүргізіледі.Бір топ бала қол
ұстасып,шеңбер жасап тұрады да, үш -төрт бала ортаға шығады.
- Баудағы кім?
- Олар -аралар.
- Ара болсаң, ызыңда
- З-з-з, ж-ж-ж, з-з-з, ж-ж-ж!
- Жұмыс істе, тығылма!
Аралар бір -бірімен сөйлесе бастайды, қандай жұмыс түрлерін
көрсеткілерін келеді. «Жұмыс істе , тығылма !» - деген сөзді
естіген кезде де тоқыма тоқығандай, ағаш жарғандай, оны
аралағандай, еден сыпырғандай қимыл -қозғалыстар жасайды:
Топ -топ ара ұшады,
Үстімен де бұтаның,
Астымен де бұтаның.
Үстімен де бұтаның
Аралардың қимылын қайталайды да: «Тап болсаң бір жалқауға, алып кел
оны ортаға!» - деп хормен әндетеді.
Аралар осы сөздерді айта жүріп, өздерінің қимылын қайталай алмаған
«жалқауларды» ортаға шығарады да, өздері солардың орнына барып
тұрады. Шеңбер жасап тұрғандардың бәрі хормен дауыстап айтады.
Әй -әй, жалқау бұл қулар,
Жалқауды тез қуыңдар!
Сөйтіп, олар жалқауларды қуып шығады.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі тапсырма оқушылардың еңбек туралы ойларын тереңдету
мақсатында беріледі.
Тапсырма: Дәптерге берілген Ертай Ашықбаевтың «Маңдай тердің
жемісі» өлеңін оқып, мазмұнына сәйкес сурет салыңдар.
Қорытындылау
- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке
жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына
да сыйлы, беделді болады. әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің
тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
Тапсырма
«Өз еңбегіңнің жемісі неліктен тәтті ?» деген сұраққа жауап
алу.
- Өйткені өз қолымен жасайсың.
- Өйткені өз күшіңді жұмсайсың.
- Өйткені қиналып. Шыдап көресің.
Жүректен жүрекке
Шеңбер құрып, кезектесіп тілек айтады.
Біз бүгінгі сабағымызда «Еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбында
әңгімеледік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз
жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға,
айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы
ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан
алған қасиеттерімізді жүректеріңізге жеткізіп ,көкейлеріңізге түйіп
алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін
рахмет!
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Білім – теңіз, мектеп кеме»
Мақсаты:
Білімді меңгеру және
ақпараттық , ауызша, жазбаша коммуникативтік құзыреттіліктерін
дамытуға жағдай жасау.
Міндеттері:
-
Модуль бойынша білімдерін пысықтап, жүйелеу, есімдіктің мағыналық
түрлерін ажыратып, білу, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру.
2. Тақырып бойынша сөздік қорын молайту, теориялық білімдерін жаңа
жағдаятта сауатты қолдана білу, сұрақтарға түсініп жауап беру дағдыларын
дамыту, ойларын ортаға салып, пікірлерін жеткізе білу, жауаптарына әділ
талдау жасап, өз-өздерін бағалау.
3. Оқуға, білімге деген танымдық қызыгушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: флипчарт, 3 ұяшық, үлестірмелі материал,
жасыл пасталы қаламдар, жасыл түсті жауап үлгілері, ватман, фломастерлер.
мақал-мәтелдер.
Әдісі: ақпаратпен, көрнекілікпен жұмыс, талдау, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз-өздерін
бағалау, жобалау әдісі.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Сабақтың мақсаты оқушылармен бірге анықталады.
Мақсат:
1. Оқушыларды оқу әрекетіне ынталандыру;
2. Сабақтың мазмұн шеңберін анықтау.
Проблемалық мәселені қою.
Балалар, бүгінгі тақырыптың аты «Мектеп –кеме,
Білім – теңіз».
- Қалай ойлайсыңдар, негізгі сөз қандай? (білім)
-Неге? (Өйткені мектептер балалар білім алу үшін салынған.)
-Адамдар мектепте ғана білім ала ма?
-Колледжде, институт, университетте білімдерін жалғастырады.
-Білім адамға не үшін керек?
-Жарайсыңдар, жақсы.
Оқушылардың мақсаты: -Бүгінгі сабақта қандай мақсат қоясыңдар? (Қандай баға
алғыларың келеді?)
Мұғалімнің мақсаты: Бүгін сабақта «Мектеп» модулі бойынша білімдеріңді жүйелеп,
Жаңа жағдаятта сауатты қолдануға үйреніп, ой-пікірлеріңді ортаға салып,
Білімдеріңді өздерін бағалайсыңдар.
2 мин. Бүгін білім теңізіне саяхат жасаймыз.
- Балалар, саяхатымызда адаспай дұрыс жол табу үшін не керек?
- карта.
- Ол карта жағада тұрған сандықтың ішінде.
Мақал-мәтелдер.
Мақсат: 1. Білім алудың өзектілігін жеткізе білу.
2. Мұғалім қойған проблемалық сұрақты талдап, жауап беру.
Сиқырлы сандықты ашу үшін, мына парақтардағы
5 минут 1)мақал-мәтелдердің ішінен «қызыл» тобы кітап туралы мақалдарды тауып,
оқып береді, «көк» тобы білім туралы, ал «жасыл» топ – еңбек туралы
мақалдарды тауып, айтып беру керек.
2)Балалар, сендер білім туралы тағы қандай мақалдар білесіңдер? Айтып беріңдер.
- Саяхатымызға кітапты аламыз ба?
- Ал, білім саяхатында еңбектену керек пе?
Бәрекелді,
Флипчарттан көрсету Білім теңізіндегі айлақтардан сүрінбей өтсек, болашақ мектебімізге
жетеміз.
Ал осы саяхатта көрсеткен білімдеріңді бағалау кестесіне өздерін енгізіп отырасыңдар, ал сарапшылар сабақ соңында қорытынды жасайды.
Аты-жөні Мақал-мәтел
1- айлақ. Тестілеу
әрекет түрткісі: грамматикалық білімдерін көрсету.
2. Ақпараттық құзыреттілігі.
Флипчартта берілген тапсырмамен жұмыс істей білу әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Қолдану. Ережелерді, теорияны жаңа жағдайда сауатты қолдана білу.
2. Өнімдік коммуникациясы
жауап үлгісі арқылы білімдерін өздері бағалап, анықтауға бағытталған.
1. Оқу жылы қай айда басталады?
А) маусым В) қыркүйек С) қазан Д) ақпан
2. «Мұғалім» сөзінің синоним қатарын табыңыз.
А) ұстаз, оқытушы В) шәкірт, бала
С) сұлу, әдемі Д) ашық, жабық аудио
3. Сапалық сын есімді табыңыз.
А) ақылды В) таулы С) ұзын Д) білімді 5 минут
4. Реттік сан есімді көрсетіңіз.
А) жетеу В) оннан бір С) жүз Д) он екінші
5. Жіктеу есімдігін белгілеңіз.
А) сол, міне В) сен, біз С) өз, өздері
Д) бәрі, барлық
6. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
А) анау В) сендер С) түгел Д) өз
7. буын түрлерін анықтаңыз.
А) ашық, бітеу, тұйық В) жуан, жіңішке
С) қысаң, ашық, бітеу Д) еріндік, езулік
8. Қатыстық сын есімді көрсетіңіз.
А) суық В) ақ С) дәмді Д) қызық
9. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) ә, ө, і В) в, з, д С) п, с, қ Д) о, а, ы
10. Ілік септікте тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) өнерді В) өнердің С) өнер Д) өнерге
Жауап кілті
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В А С Д В А А С С В
IV. Сөздік жұмысы Әрекет түрткісі.
Оқудың әлеуметтік маңызын түсіну.
1. Коммуникативтік. Лингвистикалық құзыреттіліктерінің қалыптасуына, ойлау қабілеттерін дамытуына бағыттау.
2. Ақпараттық құзыреттілігі. Флипчарт арқылы қазіргі ақпараттық қоғамда тұлғалық белсенділіктерін қалыптастыру.
3. Әлеуметтік. Оқудың әлеуметтік маңызын түсіну.
Мақсат
1. Коммуникативтік құзыреттілік.
Өз ойларын ауызша ресімдеу. Жазбаша,ауызша коммуникативтік құзыреттіліктерін , ойлау қабілеттерін дамыту, өздігімен жоба жасау. Өнімдік топтық коммуникация.
2. Жалпымәдениеттік құзыреттілік.
3.. Топта өзара қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқаларды тыңдай білу, жауапкершілікке бағыттау.
4.Ақпараттық құзыреттілік. Оқушының ақпарат құралдарымен әрекет дағдыларын қамтамасыз ету.
5. Әдіснамалық құзыреттілік.
Өз әрекетін жоспарлау, жүйелеу.
6.Интеллектуалдық құзыреттілік.
Ақпараттық материалдарды тиімді жұмыс істей білу.
Деңгейлік тапсырмалар (А,В,С,Д) 3 минут
А – «Мектеп асханасы»; В – «Мектеп спортзалы», С – «Мектеп кітапханасы» тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындайды.
Бекітемін_______________________
Сыныбы: 7 «А» Күні:______________
Тақырыбы: «Сен және сенің құқығың»
Мақсаты: Оқушылардың қоғамдық
және азаматтық мәртебесін қорғау үшін құқықтары мен міндеттерін
заңның талабына сай, өзін - өзі тәрбиелеуге, құқықтық тұрғыдан
хабардар ету.
Көрнекілігі: карточкалар, рәміздер, конституция, ҚР балалар
Құқығы туралы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Балалар бүгінгі біздің шарамыздың ерекшелігі сол, біз өзімізді жай сыныпта отырмыз деп емес, көк теңізді жүзіп келе жатқан кемеде отырмыз деп сезініп, қиялға берілелік.
- Қане көзімізді жұмып көз алдымызға көк теңізді келтірелік. Құлақтарыңызға көк теңізді келтірелік. Құлақтарыңызға ненің дыбысы келді, көз алдына не елестейді (оқушы қиялын айтқызу).
- Кенет сигнал түседі.
Мұғалім: Балалар біздің радиоқабылдағышқа сигнал түсті, тыңдап көрелік.
Сигнал оқылады: Біз “сәтсіздік” аралының тұрғындары ақпейілді, мейірімді, жанымызды ұғатын жанашыр адамдардан көмек күтеміз. Арал тұрғындарына жағдайлары өте нашар, алға басқан істері кейін кетіп, сәтсіздікке ұшырауда. Балалар бір – бірімен тіл табыса алмай, олардың арасында айқай – шу, айтыс – тартыс жиі болады, бірін – бірі түсінуден қалды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет дегенді ұмытқалы қашан. Жалпы адамдардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін білмей, дал болып отырмыз. Бізді естіп отырғандар болса көмек берулеріңізді сұраймыз.
Мұғалім: Ал балалар “сәтсіздік” аралына адамдардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екенін айтып, көмек көрсетіп, ақыл – кеңес бере аламыз ба?
-Ал енді арал тұрғындарына ең бірінші нені білу керек?
-Заңдарды, құқықтарды.
-Онда құқық дегенді қалай түсінесіңдер, оларды қайдан оқып, білуге болады?
-Конституция, Ата заң.
-Онда мына сызбаға назар аудара отырып, ең бірінші құқық сақтау нормалары туралы танысып, түсініп, арал тұрғындарына көмек көрсетеміз.
Құқық нормалары
-Құқық беру әдісі
-Рұхсат ету әдісі
- Міндеттеу әдісі
- Тыйым салу әдісі
Қазір әр каютадағы адамдарға алдына ҚР баланың құқықтары туралы заңдарының кейбір баптары берілген. Сендер таңдап өздеріңе қатысты баптарды таңдап алып, талдаңдар.
8 – бап
1. Баланың денсаулық сақтауға құқығы.
9 – бап
1. Баланың даралық ерекшеліктеріне және оны сақтауға құқығы.
10 – бап
1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір – қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
15 – бап
1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарына сәйке соған тегін орта білім, бастапқы кәсіби білім және конкурстық негізде тегін орта кәсіби және жоғары кәсіби білім алуға кепілдік беріледі.
17 – бап
1. Мемлекеттік органдар ата – анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бірдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етеді.
24 – бап
1. Ата – анасы немесе басқа да заңды өкілдері өздерінің қабілеті мен қаржы мүмкіндіктері шегінде баланың жан – жақты дамуы үшін қажетті жағдай жасауға міндетті.
24 – бап
2. Ата – анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтіп бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл – ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті.
37 – бап
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттік органдар, сондай – ақ баланы тәрбиелеу мен білім беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмір салтын және алкогольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды екенін насихаттауға міндетті.
37 – бап
2. Балаға алкогольді өнімдер мен темекіні және темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
35 – бап
1. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты діни жоралар ата – анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келісімімен жасалады. Балаларды дінге тарту жөніндегі мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді.
39 – бап
1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті өршітуге бағытталған тектік – топтық ерекшеліктің соғысты насихаттайтын конститутциялық құрылысты күштеп өзгертуге және ҚР ның аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулері парнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтіретін ойыншықтарды, кинофильмдерді, дыбыс және бейне жазбаларды көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді және прокатқа беруді жүзеге асыруға, әдебиеттерді, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
Қорытынды: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында өз құқықтарың жайында білдіңдер. Иманды, инабатты болып өсіңдер.