жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат
Сабақтың тақырыбы: "Тілім менің-тірегім!"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін үйрету;
Дамытушылық: Ана тіл туралы өлең, тақпақ, нақыл сөздерді айттыру арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; Тәрбиелік: Ана тілін сүюге ,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Тіл туралы нақыл сөздер. Буклет. Шарлар, гулдер т.б. Сабақтың барысы: Армысыңдар,құрметті ұстаздар мен оқушылар . Бүгін 4«З»сыныбының "Тілім менің-тірегім!" атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!Тіл-ұлттың болашағы –оның ана тілі .Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды ,әр ұлттың тілі –оның бақытымен тірегі Елбасы Н Ә Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес,сонымен қатар ана тіліміздің болашағы деген болатын.
Жүргізуші
Қайта туды қазағымның ай-күні,
Күннен-күнге асар ма екен айбыны ?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден ,
Қаттар коріп шаттық ,табыс қайғыны
Мұғалім Балалар, ана тілімізбен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның орасан зор байлығында. Тіл мәселесі қазір ең шешуші мәселе болып отыр. Қандай табыстарымыз бар? Оқушы : Біріншіден, Қазақстан 1991жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз ел атанды.
Оқушы: Екіншіден, ана тіліміз -қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріліп, "Тіл туралы" заң қабылданды. Оқушы: Үшіншіден, 1998 жылдың қаңтарында Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес "22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күні" деп жарияланды.
Мұғалім. Балалар, ана тілі үшін , елі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыздар? Қандай айтқан сөздерін білесіңдер?
Оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов
Оқушы: Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай.
Оқушы : Сакен Сейфуллин , Беймбет Майлин , Илияс Жансүгіров және
(Қайрат Рысқұлбеков )
Ислам Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де болашағынан да қол үзеді деген (Ғабит Мүсірепов)
Рүстем Ұлттың тілі –сол ұлттың жаны , жан-дүниесі . Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры жабылып қалса жүрек те соғуына тоқтатпай ма?
(Мұхтар Әуезов)
Жүргізуші Ендігі кезекті онда тіл туралы тақпақтар береміз
Ислам Қуан қалам
Қуанатын күн бүгін
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Қаламқас Қуан,бабам!
Қуанатын жөнің бар
Деген едің "Тіл бар жерде өмір бар
Халық жауы атандың-ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында ар.
Камила Қасиетің ана тіл, аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес, тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жасбас еді.
Жүргізуші Ендігі кезекті Менің тілім өлмиді атты көрініске береміз.
Түрме іші. Қайрат дауыстап өлең оқып отыр.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер ,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Тергеуші екі күзетшісімен кіреді
Тергеуші: Не туралы оқып отырсың? Бүгін сенің жазаланатын күнің , білесің бе?
Қайрат: Білемін. "Ана тілім" туралы өлең оқып отырмын
Тергеуші: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Қайрат: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
"Жаман үйді қонағы билейді" деп
Қала жаздап айырлып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайық,
Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.
Тергеуші: Әй, оңбаған , шыныңды айт (Қағазды беріп) Орыс тілде
жаз не болғанын!
Қайрат: Мойныма алдым жаланы
Туған жердің намысы.
Бөтен қолда кетпесін
Титыққа орыс жетпесін.
Тергеуші: Әкетіңдер! Атыңдар! (Қайратты алып кетеді)
Мұғалім. Иа теңдік бостандық , тәуелсіздік елімізге оңай келген жоқ. Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі
Қайрат Рысқұлбеков ағаларың .
Жүргізуші Ендігі кезекті тақпақтарға береміз
Назерке Асан қайғы Жиренше
Сөйлеп өткен –қазақ тілін
Жәнібекпен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тілін
Ата-анамыз әлдилеп
Уатқан бізді баба тіл.
Ділназ Сол туған тіл атауы -
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген,
Дүниеден қалар құр.
Бағаласақ шынымен,
Баба тілі асыл дүр.
Жадыра Тілім менің-тірегім!
Осы тілде шежірем, жырым менің.
Асанқайғы арманы Қорқыт күйі
Тағдырыммен тамырлас мұңым менің
Жәнібек Тілім –менің тірегім
Тіршілігім , тынысым , құным менің
Бас бергенмен Махамбет тілтіл берген жоқ
Тіл кесілсе не болмақ күнім менің
Жүргізуші Ендігі кезекті «Бала тілегі» әні
Қуаныш Камила орындауында
Шыңғыс Сенің әрбір тынысыңнан кун кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем ?
Жанатбек Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолым, салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.
Жанболат Үйде, түзде басқа тілде сөйлесек,
Қайтеміз біз тілімізге шөлдесек?
Өзімізді-өзіміз қорлағандай,боламыз,
Қошеметтеп басқаны біз "Жөн" десек.
Жүргізуші Ендігі кезекті Мәнерлеп өлең оқу
Тіркешов Жандос
Жұмабай Жасұлан
Жиенбай Ислам
Ендігі кезекті қазақтың мың бұралган қыздары биімен
Мұғалім. Бүгінгі тәрбие сағатынан не білдік?
Оқушылар.
-Тіл-адам мен адамды жақындастырады.
-Тіл арқылы оқып білеміз.
Мұғалім. Сонымен балалар тіл туралы біраз нәрсені білдік.
Барлық оқушылар: Қуан, анам , ұзағынын сүйініп.
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді.
Пір тұтамын, мен алдыңда иіліп
Осы әдемі әнді тыңдай отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Хош сау болыңдар!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген