Материалдар / Тәрбие сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Менің Отаным Қазақстан атты тәрбие сағатында оқушыны елін сүйгіштікке, патриоттыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Олардың бейнесінен әр элементті көре білуге, есте сақтай білуге үйрету. Балаларды отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан картасымен таныстыру. Картамен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру. Өз ойын анық және нақты айта білугетәрбиелеу, сөздік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өздері тұратын қала атын есте сақтау, қайталанбас көрікті орындарымен таныстыру. Туған өлкеге деген мақтаныш сезімдерін ояту, қазба байлықтарымен таныстыру.
Патриоттық сезімдерін дамыту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінқұрметтей білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, мақал, түсіндіру, көрсету, тапсырмалар.
Билингвалды компоненттер: Елтаңба-Герб, Ту-Флаг, Әнұран-Гимн.
Көрнекілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті, рәміздер бейнесі, Қазақстан картасы, қалалардан шығатын өнімдер (астық, мақта, көмір, апорт алмасы, мұнай), ребус, кеспе әріптер, слайд, буклеттер, қанатты сөздер, тақия, 4 түрлі конверт, қоржын.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Сәлем - сөздің анасы
Сәлем берер әр қазақтың баласы.
(Балалар үш тілде сәлемдеседі)
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Шаттық шеңбері
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін,
Ұл қолында ту жүрсін!
Қыз қолында гүл жүрсін!
Балалар Отан туралы тілектер айтады.
Әңгімелесу:
Тәрбиеші: Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс-кейпін
Досым білгің келе ме?
- Балалар, біздің бүгінгі әңгімеміз Отан жайлы болмақ.
- «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары:
- Әр адамның өз Отаны болады.
- Отан – ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз.
- Отан – біздің атамекеніміз.
- Отан біздің табиғатымыз, айналамызды қоршаған орта.
- Біздің еліміз өте бай, өте әдемі.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан!
Әңгімелеу
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Ол Еуразия деп аталатын құрлықта орналасқан. Оның табиғаты алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау да, төбелер мен жазықтар орман, өзен-көл, теңіз және алуан түрлі пайдалы қазбаларға өте бай. Әлемде Қазақстан Республикасында дүниеге келген адам осы мемлекеттің азаматы болып саналады. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өз Отаны туралы білуі керек. Халықтың ортақ үйі – Отан. Біздің бас қаламыз – Астана. Астана – жас қала. Онда түрлі әсем ғимараттар бой көтерген. «Бәйтерек» - Астананың символы.
Қостанай өңірінде астық өседі, шымкент өңірінде мақта өседі, қарағанды өңірінде көмір шығады, Алматыда жеміс-жидек, апорт алма өседі, ал ақтау өңірінде мұнай шығады.
Әркімнің туып-өскен жері – Отан деп аталады. Отан отбасынан басталады. Біз Қазақстанда туып-өстік. Ол біздің – Отанымыз!
Дәйексөз.
Тәрбиеші «Отаншыл болу отбасынан басталады» деген Бауыржан Момышұлының қанатты сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Тосынсый
Музыка ойналып топқа Қазыбек би қонаққа келеді.

Тәрбиеші: Ерте кезде елімізді осы кісі сияқты билер, хандар, сұлтандар басқарған.
Сендерге бүгін Отанымыз туралы бірнеше тапсырмалар мен сұрақтар алып келіпті.
Біз сіздің келгеніңізге өте қуаныштымыз. Балалар, Қазыбек бидің тапсырмаларын орындап, сұрақтарына жауап беруге дайынсыңдар ма?
Балалар: Дайынбыз.
Тәрбиеші: Ендеше тыңдаңдар, мен сұрақтарды оқимын, жауап беруге асығыңдар.
1. Балалар, бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?
2. Біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?
3. Осындай кең байтақ еліміз бен жерімізді кім басқарып отыр?
4. Қазақстанның Елордасы қай қала?
5. Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?
6. Біздің балабақшамыз қалай аталады?
7. Еліміздің рәміздерін атаңдар.
8. Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
9. Аспанда неше күн бар?
10. Туылған күн жылына неше рет болады?
11. Бір жылда неше мезгіл бар?
12. Қазір жылдың қай мезгілі?
13. Бір мезгілде неше ай бар?
14. Бір жылда неше ай бар?
15. Бір айда неше күн бар?
16. Бір аптада неше күн бар?
17. Сендер неше жастасыңдар?
Тыныштық сәті.
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс ауылдарыңды бақылаңдар.Көз алдарыңа таудан аққан өзенді, жайқайлып тұрған алма ағашын елестетіңдер.Өзенге шомылып жүрген балалар бір-бірімен асыр салып ойнап жүр.Ауыл сыртында доп теуіп жүрген балалар да бар. Жылқылар мен сиырлар өрістен жайылып келе жатыр. Мен өз ауылымды жақсы көремін.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Сергіту сәті орындалады.
Ғажайып сөздер.
Балалар іс-әрекетте айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады:
Мен Отанымды сүйемін.
Менің Отаным бақытты.
Менің Отаным өте бай.
Мен Отанымды мақтан етемін.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін өзіміздің туған жер – Отанымыз туралы әңгімелестік. Өзіміздің еліміз Қазақстан Республикасы туралы, мемлекеттік рәміздерімен таныстық, қазба байлықтары туралы білдік. Біздің Отанымыз – отбасымыз, қаламыз, өз ауылымыз, өзіміздің тұратын көшеміз екенін түсіндік.
- Біз отбасымызды, елімізді, жерімізді, Отанымызды мақтан тұтып, қадірлеп, құрметтейміз. Ол үшін жақсы оқып, ақылды болуға тырысамыз. Айналамызға бір-бірімізге, туған жеріміздің табиғатына қамқорлық, сүйіспеншілікпен қарап, қорғаймыз. Біз осындай татулықты, бірлікті, бейбітшілікті сүйетін Қазақстан елінде тұратынымызды мақтан етеміз.

Жүректен- жүрекке
Балалар тәрбиешімен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды:
Балдай тәтті баламыз,
Ақылдымыз, данамыз.
Ойынменен өседі,
Ойымызбен санамыз.
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!