400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат 5 сынып Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал сынып жетекшілерге таптырмайтын жұмыс.Себебі ашық сабақ өтетңн болса қосымша көмек.Және тәжірибе алмасу үшін таптырмайтын мүмкіндік.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Б.Майлин атындағы № 19 жалпы орта мектебі




Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы;

Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым



Бастауыш сынып мұғалімі: Қандыбаева А















Келес ауданы

Сабақтың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан Желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату; оқушылырдың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту; оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: әдемі безендірілген сахна, плакаттар, буклеттер, күйтаспа, кітап көрмесі. Мұғалім: Құрметті оқырман қауым! Қадірлі ұстаздар, оқушылар! Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 23 жыл толып отыр. Тәуелсідік ата бабаларымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты еді. Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз. Тәуелсіздік – киелі де қастерлі ұғым. Бұны өзге түсінбесе де кең сахараны ен жайлап, еркін көшкен қазақ халқының ұғынары анық. Осы жолда қыршынынан қиылған боздақтарды ұмытпай, олардың есімін дәріптеу – біздің азаматтық борышымыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, азаматтығымыз арайлы болу үшін Отанымызға кіршіксіз қызмет етейік дегім келеді. 1-жүргізуші: Оқушылар, міне араға жыл салып көптен күткен Тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті. Бұл мерекеге Зейнет биыл неше жыл толды?

2-жүргізуші: Әрине білемін. Тәуелсіздік мерекесіне 16-ыншы желтоқсан күні 23 жыл толады. Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздігіміздің бастауы.

Гүлден: Туған еліміздің азаттығы мен Тәуелсіздігі жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды.

Арсен:

Нашақор деп ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала өктем күн.

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Мирас:

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН-дар басып тепкен күн.

Қариялар итке таланып, Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

Илхамқожа:

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыранды қуып көгінен,

Қарғалар биік алған күн.

Адал мен арсыз аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Сары жез борлып шыққан күн.

Хор .Желтоқсан желі әні

Көрініс ,Ер Қайрат

Аружан:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр жасағанда – Желтоқсан.

Жазықсыз көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.

Намысымның шырығы да – Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынады да – Желтоқсан.

Жігіттіктің ұраны да – Желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

Зейнет:

Желтоқсанның ызғарына қатысқан,

Қарапайым қазақ халқы алысқан.

Алға ұмтылған ардақты да аяулы,

Саясатқа көз бұрған.

Талай қазақ қыздары мен ұлдары,

Келешектің қамын ойлап тартысқан.

Желтоқсанның құрбандарын әрқашан,

Еске аламыз алаулаған оттай қып.

Қаншама адам осы үшін күресіп,

Өмірге бір басын сүйреп алысқан.

Құрбандарға бас иеміз бәріміз!

Би .Қазақ елі осындай

Кеімбек Гүлденнің орындауында ,Қазақстан әні


1-жүргізуші: Ерлігі еліне үлгі, ұрпаққа ұлағат қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,

23 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті, киелі, қасиетті жерімнің,

Құтты болсын еркіндігі, ата-баба арманы.

Аружан: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.

Гүлден: Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін лаып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты.

Арсен:

Тәуелсіздік – сан жылғы ұлы арманың,

Шапағаты, айрықша сыйы Алланың.

Еркін жазып қанатты, еркін самғап,

Қасиетті қолыға ту алғаның.

Тәуелсіздік – жарқырап атқан таңың,

Қуанғаның, күлгенің, шаттанғаның.

Болашаққа үмітті ұялатып,

Әр жүрекке сәулелі жаққан шамың.

Іңкәр:

Тәуелсіздік – арқамды сүйегенім,

Бейбітшілік, тыныштық – тілегенім.

Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,

Жайнап өсіп, жаңарып түледі елім.

Түлеп жатыр қырым да, қиырым да,

Бақыт, байлық нұр болып құйылуда.

Асқақтады мәртебем көтеріліп,

Туым биік тұр бүгін тұғырында.

Айдын:

Тәуелсіздік – бақытың тұрған күліп,

Ойың еркін, бүгінгі тұлғаң биік.

Тәуелсіздік – көктегі шуақты күн,

Әр жүректі қуантып, нұрландырып.

Тәуелсіздік – бүгінгі туым менің,

Туым үшін ешкімге иілмедім.

Тәуелсіздік сан жылдар аттан түспей,

Айқас, шайқас, мың өліп, тірілгенім.

Арман:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Жәнібек:

Мен қазақпын, мың қөліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым, мың тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Медеу:

Тәуелсіздік – арманым ең аңсаған,

Бабаларым жетеміз деп шаршаған.

Бүгін міне бар әлемге танылдық,

Қазақ елі, үміт артам мен саған.

1-жүргізуші,Қазақстан Республикасының Президенті –мемлекеттің басшысы

Мемлекеттің ішкі ж/е сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын

ел ішінде ж/е халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін

ең жоғары лауазымды тұлға.

2-жүргізуші ; Нұрсұлтан- ел тірегі ,алтын діңгек,

Алыптың халқы ғана нарқын білмек .

Қазағым ,шаттанатын кезің келді ,

Алашқа ұл туды деп қорған болар.

Танытып терезесі теңдігіңді ,

Әлемге әйгіледі елдігіңді .

Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің ,

Сақтай біл ұлан байтақ кеңдігіңді.

Нұржан .

Ел болдық ,еркін болдық Астаналы ,

Енді кімнен қазағым жасқанады .

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі ,

Президенттің атымен басталады .

Айдын

Бірде шырқап бірде төмен құлады ,

Өмір жолы болған қиын бұралаң .

Қазағымды жарқын жолға бастады ,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам . Шынар

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар .

Ел бірлігін ,ел тірлігін тілеген , Ақ ниетті халық деген данам бар. Биболат

Астана –тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің рәмізі .

Даяна , Астана –шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы ,ақиқатқа айналған арманның қаласы .

Дәулеткелді , көк күмбезді сұлу шаһарымыз жас қала –Астана ,биіктей бер , өрлей бер/ қанаттың талмасын ешқашан.

Мағжан .

Астанам –бағы биік асқарымсың,

Астанам –мәәңгі жарық аспанымсың .

Астанам –пейіш қала ,ел арманы ,

Астанам –қайда жүрсем мақтанышым.

Астанам –шапағаттың шуағындай ,

Астанам –махабаттың тұраңындай .

Астанам –періштелер мекенісің ,

Астанам –Қазақстан тұмарындай .

Илхомқожа

Болашақмқа бастаған ,шарықтайды асқақ ән .

Елордасы Отанның –мақтанышы елімнің .

Бұл біздің – Астана

Тұрсынай

Менің елім –Қазақстан ,жүрегім ,

Тек өзіңсің ,Отан Ана ,тірегім .

Аман болсын елім жерім ,ұрпақтар ,

Тәңірден осы менің тілерім .

Менің елім –Қазақстан ,Отаным ,

Жырлар жазып ,өзіңді әнге қосамын .

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел ,

Арта берсін абырой ың , атағың .

Жәнібек

Жаса елім ,жаса достық ,бірлікпен ,

Көштен қалма ,қалма және тірліктен .

Елім менің –Қазақстан ,Отаным ,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен .

Ән .Көк тудың желбірегені

Тәуелсіз Қазақстанға ақ тілек төмендегі сөздерді пайдаланыпболашаққа тілек айту

Елбасы ,заман, заң, Қазақстан ,Астана ,тіл ,мектеп ,жастар .

-заманымыз тыныш болсын .

-елбасының көреген саясатының арқасында еліміз гүлдене берсін .

-Ата заңымыз айбынды болсын .

Қазақстан әлем таныған айбынды ел болсын .

Тіліміздің мәртебесі арта берсін .

Қорытынды .

1-жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жкткен екен тым ағыс .

Егемендік –ел бақыты ,ертеңгі .

О,халайық ,

Құтты болсын қуаныш!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 маусым
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі