400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "АНА - өмірдің шуағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналарымыздың мерекесіне арналғн тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана – өмірдің шуағы»
Мақсаты:
• 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
• Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
• Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: АКТ, нақыл сөздер,гүлдер,шарлар,плакаттар, т.б.

Мұғалім: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.

 

1-жүргізуші
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!

2жүргізуші
Ана дейміз біріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ. 


1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! 
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. 

2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер! 

1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді. 

2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың. 

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. 

2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне арналған «Ана - өмірдің шуағы» 
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін. 

1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. 

Аянат

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті,жан аналар.


Абу

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.


Толқынай

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О,адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.


Ерасыл

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар жанары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.


Маржан

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.


Равиль

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.


Айжан

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.



Бибарыс

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


Анел

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

2 - жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар, 
Әсем ән мен тәтті күй. 
Көңілге түрлі ой салар, 
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай оқушыларымыздың орындауындағы «Анашым» әнін, қабыл алыңыздар. 

1 – жүргізуші

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің  тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік.


2 – жүргізуші

Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз - әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.


Жансая

Менің әжем,бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді,

Қызығымды әлі әжем.


Мөлдір

Менің әжем, нар әжем

Көп жасаған кәрі әжем

Ауырғанда мен үшін

Әр сүйгені дәрі әжем.


Диас

Әжем менің асыл жан,

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді.


Толғанай

Әжем менің ақ әжем,

Ақыл беріп үйреткен,

Аппақ әжем пәк әжем

Мейіріммен тербеткен.


1-жүргізуші:

Нұрайым мен саған жұмбақ жасырайын сен соны тауып көр.

Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар қатар тепкішек.

Басып көрсең бір бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. (домбыра)

Ия дұрыс айтасың бұл жұмбақтың жауабы домбыра. Ендеше Нұрболат Жансаяның орындауындағы «Би» күйін қабыл алыңыздар.


Ақерке

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.

Мирас
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.


Дәулет
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!


2 – жүргізуші:

Ал, енді аналарымызбен ойын ойнасақ.Ойынға 4 – 5 анамызды ортаға шақырамыз. Ойынның аты «Ананың алақаны» деп аталады. Сіздердің көздеріңізді байлаймыз, сіздер 10 баланың ішінен өзіңіздің балаңызды табуыңыз керек. Ойын шарты түсінікті болса ойынымызды бастаймыз.



Шыңғыс
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.


Аяулым
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.


Санат

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

2 – жүргізуші

Мерекеге арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей көңіл күйлер.

Алдарыңызда қазіргі «Әсем ән» биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - демекші,ендігі кезекті биге береміз, қабыл алыңыздар.


Бибігул

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!


Шахаризада

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.


Ақниет

Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.


1 – жүргізуші

Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.- деп, келесі кезекте сыныбымыздың қайсар да батыл жігіттері жасаған бейнероликті тамашалаңыздар.

1 – жүргізуші

Қылықты мінез қыздар-ай,

Сендерді көріп тынар ма жүрек сыздамай?

Сендерге арнап жылы сөз, сірә, айта алмай,

Қалармыз үнсіз біз қалай?, — деп,сыныбымыздың сұлу да әсем қыздарына арнап «Қыздар – ай» әнін орындаймыз қабыл алыңыздар.


2 – жүргізуші

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер, - деп келесі кезекті флешмоб биіне береміз, қабыл алыңыздар.


2 - жүргізуші
Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған.


1 - жүргізуші
Сен мені түнім демей, күнім дейсің,

Шаршатсам, дірілдемей, күлімдейсің,

Балбырап мен ұйқыға кетпейінше,

Анашым, көзіңді сен бір ілмейсің.

Ән «Анашым қартаймашы» қабыл алыңыздыр. (Өздері еңбектеніп жасаған сыйлықтарын аналарға ұсынады)


2 – жүргізуші

Бүгінгі «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді осындай өлең шумақтарымен қорытындылағымыз келіп отыр:


1 - жүргізуші

Аналар, ақ пейілді жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар,

Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.


2 – жүргізуші

Артық қой әлемдегі бар жылудан,

Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.

Сіздерге деген шексіз алғысымның,

Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.

Жырыммен аналарды ырза ете алсам,

Сол менің бұл өнерден бәйге алғаным.

Наурыздың сегізінде келе жатқан,

АНАЛАР, ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕЙРАМДАРЫҢ!



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
718
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі