Тәрбие сағат "Ата заңым- айбыным"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат "Ата заңым- айбыным"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәрбие сағатын өткізуге көмек бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата заңым-айбыным!

Мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының

негізгі бөлімдері мен мазмұнын баяндау;

Дамытушылық: Өз құқықтары мен міндеттерін айта отырып,

оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Қазақстан Республикасы Конституциясын құрметтеуге,

оны мүлтіксіз орындауға, заңға қайшы іс-әректтер

жасамауға тәрбиелеу;

Барысы:

Қастерлемес даңқын кім
Қадірлемес салтын кім
Әнұраны елімнің
Үні, тілі халқымның
(ҚР әнұраны орындалады)

Мұғалімнің кіріспе сөзі, құттықтаулары.

1 –тапсырма.

«Менің ойларым, армандарым,күтулерім» оқушылар өз ойларын,алға қойған мақсаттарын, алдағы жоспарларын айтады.Бір-бірін құттықтайды, тілек тілейді.

2-тапсырма.

Конституция күніне орай сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

-Балалар, бүгін қандай мереке ?

- Президентіміз кім, ел басқарып отырған?
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?
- Сендер, балалар Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?

- Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?


ІІ. Ой қозғау

Балалар, мына өлеңді мұқият тыңдап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.


Ата Заң

Ата Заңым,

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын.

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың.

Алтын Заңда –

Парасатым, пайымым.

Алтын Заңда -

Күш – қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн.

3-тапсырма: «стоп кадр»


ҚР конституциясы туралы видеоролик көрсетіп өту.

Кластерге «Менің білгенім» тақырыбы бойынша топ болып ой тізбектеу

«Санаға сапар»

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның Ата (негізгі) заңы.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі – өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз – мемлекеттік мереке – ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата заңы. (1937, 1978, 1993, 1995)

Оның құрылымы кіріспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Конституцияның бірнеше баптарын таныстыру.

1 – бап

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7 – бап

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – Қазақ тілі.

27 – бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

30-бап

Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

36 – бап

Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.





Балалар, өздерің Ата заңымыз туралы не білесіңдер?

Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?

а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту

Шұғылалы күн қайда орналысқан?

а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында

Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?

а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран

Қазақстан Республикасының конституциясы қандай күні тойланады ? /30 тамыз/

а/29 тамыз ә/30 тамыз б/15 тамыз



Қорытынды:


1 - Бала: Мен баламын...

Өмір сүруге құқым бар!

2 - Бала: Ерікті, тәуелсіз болуға құқылымын!

3 - Бала: Отбасында тәрбиеленуге құқым бар!

4 - Бала: Демалуға құқылымын!

5 - Бала: Азаматтық алуға құқылымын!

6 - Бала: Емделіп, ем қабылдауға құқылымын!

7 - Бала: Өз - өзімді қорғауға құқылымын!

8 - Бала: Білім алуға, оқуға құқылымын!































Ембі қалалық №1 ЖББОМ

«Бекітемін»

Тәрбие ісінің орынбасары:









АТА ЗАҢЫМ-АЙБЫНЫМ!

Тәрбие сағаты

3 «а» -класс





Сынып жетекшісі:Г.Т.Әлімжан



















2020-2021 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
2312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі