15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат "Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік"
Тәрбие сағат тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Тәрбие сағат мақсаты:
а) оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 27 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. ә) отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенінұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, АКТ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау.
1-жүргізуші: - Құрметті қонақтар
Біздің сыныбымызға келген қадамдарыңыз
сәтті болсын. Сіздердің жақсы көңіл-күйде
болып, дем алып қайтуларыңызға біздің
сынып ұжымы зор сенімде. Сіздердің
алдарыңызда 3-сынып оқушылары өз өнерлерін
көрсетеді.
(Әжесі
тоқыма тоқып отырады Немересі далада
ойнап жүреді)
Әжесі: Е-е-е-е... — тәуба! Бергеніне шүкір...
Немересі: Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр, аспанға жаркылдаған салют атып, адамдар құанышқа бөлiніп жатыр. Жүрiңіз, көрейік!
Әжесі: Е-е-е-е, жарығым бұл қуаныш. Тәуелсіздіктің мейрамына арналған керемет, қой. Жақсылығымыз ұзағынан болсын!
Немересі: Әжетай, Тәуелсіз деген не?
Әжесі: Тәуелсіздік деген еркіндігің, бостандығың, бақытың, балам. Біздің кезімізде мундай еркіндік болған жоқ.
Немересі: Сол өміріңіз туралы айтып беріңізші?
Әжесі: Әй, балам-ай, өткен өмірді көз алдыма елестетсем шуылдап, басым айналады. Аздап тынықпасам болмас. (Әжесі немересімен қисайып кетеді).
Немересі: (көзін ұқалап тұрады) — Әже, жап-жарық күнді көрдім. Көп түс көрдім.
Әжесі: Е-е-е-е..., ол сенің бақытың, балам. Тәуелсіздігінің мәңгі жарық күні.
Немересі: Ендеше мен ұстаздарымнан, жолдастарымнан сүйінші сұраймын. Алақай, сүйінші! Тәуесіздіктің ақ таңы атып келді!
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны
Гимн
Жүргізуші:
Өз тарихыңды білесің бе?
Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?
Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
16-желтоқсан қандай күн?
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
Тудың авторын атаңыз.
Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған?
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
Жансая
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Мирас
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Диана
Тәуелсіздік елдеміз,
Қуанамыз күнде біз.
Ата-бабам қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз сенсеңіз!
Жандәулет
Тәуелсіздік еліміз
Мәңгі жасар жеріміз
Тәуелсіздік жасаған
Аға, Әпкелеріміз.
Ән Тәуелсіз елдің ұланы
Бекболат
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Назерке
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Кәусәр
Тәуелсіздік ел мұраты,
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.
Ислам
Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.
Нұрзат
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.
Рамазан
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандап.
Намысты бермей қолынан,
Күрескен соның жолында.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.
Ән Қазақстан бақытты
Мен қазақпын патриоттық әніне флешмоб
І жүргізүші: Еліміздің тутастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың бейбітшілігін аман сақтау — әрбір азаматтың борышы.
І І жүргізүші: Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар. Сіздерді тағы да мерекелерімізбен құттықтаймыз.
Барлығы:
«Мерекеміз құтты болсын!»
«Қазақстан — туған күніңмен!»
Ән
« Қазақстан бақытты»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген