Материалдар / Тәрбие сағат Жаңа жыл балабақша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат Жаңа жыл балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Жаңа жыл-жаңа нұр!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Аяз ата және Ақшақар, қоян, қасқыр, қар ханашйымы, ұлу, мыстан кемпір.

Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары



Жүргізуші Армысыздар аяулы ұжымдастар мен ата-аналар. Сәлеметсіздер ме! Балалар сендер бүгін киініп әдемі болып кеткенсіңдер, балалар бүгін қандай мереке.

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді .

Бақыт шаттық молшылық әкелсін,

Бәрімізге мына жыл арайлы.


Жүргізуші:Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша басшысы Жарқын Андреевнаға сөз беріледі. Осындай жылы лебізден кейін ертеңгілігімізді бастаймыз.

Би: Клоун
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар дал осындай керемет көңіл күймен бүгінгі ертеңгілігімзде ертегі әлемін саяхат жасайық

Қар Ханшайым: Сәлеметсіздер ме балалар. Ертегі әлеміне қош келдіңдер. Жаңа жыл құтты болсын.

Қоян жүгіріп келеді

Қоян:Ой, неткен балалар! Мұнда не болып жатыр?

Қар Ханшайым: Мұнда жаңа жыл кеші өтіп жатыр.

Қоян:Ой, қандай әдемі сарай! Балалар мен қасқырдан қашып келе жатыр едім. Ой–ой–ой әне келіп қалды. Балалар, мен шыршаның артына жасырынып қалайын. Сендер қасқыр келіп сұраса, айтыңдар, жарайма!

(Қоян шыршаның артына жасырынып қалады)

Сол мезетте қасқыр шанамен сырғанап келеді.

Қасқыр:Мәссаған, мұнда не болып жатыр.

Қар Ханшайым: Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр.


Қасқыр:Мені, неге шақырмайсыңдар. Меніңде мереке тойлағым кеп тұр. Негізі, мұнда мен ақ қоянды іздеп келіп едім. Сендер көрген жоқсыңдарма?

(шыршаның түбінен сыбдыр естіледі. 


Қасқыр:А, қап бәлем, сен мұнда жасырынған екенсің ғой. (екеуі бір бірін куып, қар лақтырып қоянды ұстап алады.)


Қар Ханшайым: Балалар, қараңдаршы қасқыр мен қоян бір–бірімен ренжісіп қалыпты. Қане, бәріміз екеуін достастырып, мерекемізді бірге тойлауға шақырайық. Солайма, балалар!

Балалар: хормен: Ия, олай ренжісуге болмайды ғой! Қане, достасайық.

Қар Ханшайым:Ендеше балалар «Шырша безендіру » ойынын екі топқа болініп ойнайық. Мен сендерге ойын шартын түсіндірейін.

Шарты: Шырнаны безендіреді.


Жүргізуші:Балалар ендеше бүгінгі ертеңгілігімізді әсем әнімізбен , өнерлерімізден таңқалдырайық. Ендеше өнерімізді көрсетейік. Ортада

«Санта биі»


Би: «Санта»

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Балалар қараңдаршы біздің шыршамыздың көңіл–күйі жоқ сияқты. Біздер шыршаға арнап ән айтсақта шырша көңілсіз. Қане шыршамыздың шамын жағып көрейік.

Бір, екі, үш,

Шырша шамы жана түс.

(шырша жанбайды).

Ендеше шыршаның шамын жағу үшін Аяз атамызды шақырайық.

Ауу–у–у, Аяз ата.

Осы кезде әуенмен Жалмауыз кемпір келеді.

Мыстан: Айй–ййй, түрлерін қарашы. Неге тамақтарыңды ауыртып айқайлап жатсыңдар.

Мыстан: Пай- Пай! Мен қайда келдім өзі! Мына шыршаның әдемісін-ай! Үйге алып кетпесем бе екен? ( Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаны түбімен жұлып алғысы келеді.)

Жүргізуші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз «жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: «ТУ-У-У!»). Маңдайдағы терін сүртіп тұрып.

Мыстан кемпір: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғаны-ай жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалды да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, сусынын ішіп шөлімді қандырып алармын.



Жүргізуші: Балалар, Кәне ертеңгілігімзді жалғастырайық, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық!

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, залға әуенмен Аяз- Ата кіреді. Ата балалармен амандасады.

Аяз-ата:  Сәлеметсіңдер ме балалар!

Қандай жарқын жүздерің Қандай әсем жырларың Асаулармен алысқан Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан.
( Балалар амандасады)

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата. Қош келдіңіз кел төрлетіңіз. Ата сіз неге жалғыз келдіңіз қасыңыздағы қызыңыз қайда?

Аяз ата:

Аяз- ата ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кіргісі келмейді.

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.

Аяз- ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз-ата: Қызым-ау не айтып тұрсың?Қарашы қайда келдік! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. ( Ақшақар басын көтермейді)

Сол кезде ақшақар жылап тұрып

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

Осы кезде Аяз-ата оны жұбатып тұрып

Аяз ата: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын дейді.

Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Жүргізуші:Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырақ, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздерме?

Жүргізуші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып,қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емеспе екен?

Қане барлығымыз іздеп көрейікші?

( Сөйтіп жатқанда сиқырлы таяқты тауып алады.)

Аяз-ата: Жарайсың балапаным!

Жүргізуші: Қане шырша жағуға көмектесейік, балалар!

Аяз ата: Қуан шаттан таңырқат

Шамдарыңды жарқырат

1-2-3

Шырша жанады

Флешмоб: Аппақ аппақ қар жауады.

Ортада баладар бірге ән айтып билейді.






Ақшақар : Жарайсыңдар балалар! Менде сендерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге әдемі биімді ала келдім.

Би: «Ақшақар»

Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымздың сізге арнайы дайындаған тақпақтары бар. Бірге тамашалаңыз.

Тақпақтар:

 Даниал :

Ақ қырауға малынған.

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған.

Сәлем берді жұртына.



Төре :

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан.

Аяз ата оралып.



Ұлжан:

Жапалақтап ақша қар.

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар.

Шаңғыларын арқалап.



Еламан :

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.



Жүргізуші:Ал, енді ортаға орталығымыздың бүлдіршіні Зорбай Раузаны кішкентай шырша әнімен қарсы алайық.

Ән: «Кішкентай шырша »

Аяз ата: Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Қоян ” жылы көрінбейді ғой. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
(Өлең қоян дауысы)


Қоян жылы:Сәлеметсіздер ме , ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар! Достарым, сендерге айтар алғысым көп. Осы жылы сендер ақылды болдыңдар, алдағы келер жылда дендерің сау болсын, ақылды болыңдар, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Менің сіздермен қоштасқым келмейді.
бірақ менің кетуім керек, жаңа жылға орнымды сыйлағым келіп тұр.

Жүргізуші:Балалар, ендеше «Жаңа жыл жарылқасын» деп, жаңа жылымызды шақырайық. Ұлу келеді

Жаңа жыл Ұлу жылы лебізін білдіреді.

Ұлу: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сендер көрісу үшін қатты асықтым, Кешігем деп қорықтым. Мен өзіммен бірге мол байлық, береке алып келдім. Сендермен бірге 1 жыл болмақшымын.

Жүргізуші:Жаңа жыл біздің балаларлың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз. Ортаға кішкентай балапандарымыздың « Ұлу » биін тамашалаңыздар.

Би:«Ұлу » биі.

Ұлу :  Ой, қандай өнерлі балалар екенсіңдер! Өнерлерің өрге жүзсін.

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Балалар біздің шырша мерекесі аяқталуға таяп қалды. Келіңдер, барлығымыз бірге «Жаңа жыл келді еліме»әнін айтайық.

Жүргізуші:Осымен жаңа жыл ертеңгілігіміз аяқталды, жаңа жылдарың құтты болсын.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!