жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбие сағат. Жаңа жыл қызықтары
Жаңа жыл қызықтары.
Балалар залға әсем музыкамен кіріп келеді де шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны
Шашылар шашу жыр әні.
Мына әсем шыршаға,
Қош келдіңдер балалар, қонақтар.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын,
денсаулықтарың мықты болсын, әр күндеріңіз мерекелі, берекелі, өмірлеріңіз мәнді де, сәнді болсын!
Барлығы бірге: Жаңа жыл құтты болсын!
Ән: «»Жаңа жыл! Әннің соңында шыршаның шамдары жанады.
Жүргізуші: Қандай керемет, шыршамыз жарқырай түсті ғой.
Балалар орындарына отырады.
Балалар, бүгінгі жаңа жылдық кешімізде қызықты кездесулер күтілуде. Сендер дайынсындар ма?
Балалар: Иә!
Жүргізуші: Ендеше бірінші қонағымыз бізге асыға келе жатқандай кім екенің бірге көрейікші.
Залға әуенмен Аққала кіріп келеді.
Аққала: Сәлеметсіздер ме балалар. Сұмдық жағдай болды, ой-ой-ой, енді жаңа жыл мерекесі болмайтын болды.
Орманда қатты боран соғып, барлық жолдарды қар борап тастаған, осы жерге әрең жеттім, сендерге бір хабарымды жеткізуге асық болдым. Мен болмасам Аяз атаға кім көмектеседі?
Жүргізуші: Аққала, сен асықпай, сабыр етіп, ентігінді басып бізге түсіндірші. Не болып қалды?
Аққала: Сабыр ете алмаймын, Аяз атамыз бір қиын жағдайға тап болды көмектесуіміз керек.
Жүргізуші: Бізден қандай көмек қажет?
Аққала: Зұлым Кощей, біздің Аяз атаны өзінің сиқырлы патшалығында ұстап отыр.
Фонограмма қосылып Аққала кетіп қалады. Кетіп бара жатып Аққала сұмдық, сұмдық болды деп, айқайлайды.
Жүргізуші: Аққала асығып келіп, қорқытып кетті ғой. Балалар, сендер не болғаның түсіндіндер ме? Балалардың жауабы.
Егер, Аяз ата келмесе, демек Жаңа жыл да келмейді деген сөз. Аяз атаға қалай көмектессек болады, кімнен көмек сұрасақ болады екен? Таптым, біз Қыстан көмек сұрайық, бәлкім ол бізге Аяз атаны қалай құтқаруға болатының айтып берер.
Залға музыка әуенімен Қыс өзінің ақ ұлпа қарларын шашып, билеп кіреді.
Барлығы бірге: Армысың, аманбысың Қыс?!
Қыс: Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай достарым!
Сендерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Қыс, біз сенің ақ ұлпа қарларынды жақсы көреміз. Жаңа жыл мерекесінде сен барлық балаларға көп қуаныш сыйлайсын! Сондықтан да біз сені жақсы көреміз. Саған арнаған біздің қыздарымыздың тамаша биі бар екен тамашалайсың ба?
Қыс: Әрине, қуана- қуана тамашалаймын.
Би: Ақ ұлпалар биі!
Қыс: Билерің қандай тамаша, сендер менің көңіл күйімді жадыратып жібердіңдер сол үшін сендерге рахмет айтамын. Ал, балалар, бүгін жаңа жыл мерекесі болғандықтан сендер, жаңа жыл туралы тақпақ дайындап келген боларсыңдар. Маған айтып бересіңдер ме?
Балалар: Иә!
Балалардың Жаңа жыл туралы тақпақтары.
Жүргізуші: Қыс Ханшайымы, бізге сенің көмегін керек болып тұр. Бізге тек сен ғана көмектесе аласың. Бізде бір сұмдық жағдай болды, мерекемізге Аяз атамыз келмейін деп тұр. Оны Зұлым Кощей өзінің патшалығында ұстап отыр. Ал, егер, Аяз ата келмесе, Жаңа жыл да болмайды.
Қыс: Аяз атасыз жаңа жыл, ох өте қиын жағдай екен.
Жүргізуші: Қыс, өзің айтшы, Зұлым Кощейді қалай жеңсек болады?
Қыс: Онда, сендер мені мұқият тындандар, сендер Мыстан Кемпірдің орманына барып, содан көмек сұрау керексіңдер. Онда Зұлым Кощейді қалай женуге болатыны жайлы жазылған Сиқырлы кітап бар.
Жүргізуші: Мыстан Кемпірді қалай іздеп тапсақ болады?
Қыс: Ал, сендер, Мыстан Кемпірмен кездесуден қорықпайсындар ма?
Балалар: Жоқ!
Қыс: Онда, мына сиқырлы сөздерді ұмытпандар, осы сиқырлы сөздерді айтсаңдар керек жерлеріне тап боласындар.
Сиқыр, сиқыр, сиқырла,
Бізге қарай бойла.
Сиқырлы әуен ойналады. Залдың шамдары өшіп, Қыс шығып кетеді. Залдың шамдары қайта қосылады.
Жүргізуші: Орман іші тып – тыныш, ешкім көрінбейді ғой. Естисіңдер ме, балалар, сықырлаған қардың дыбысы естіледі, біреу келе жатқан сияқты.
Фонограмма қосылып, залға Мыстан Кемпір кіріп келеді.
Мыстан Кемпір: Бұл не жиын?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Мыстан Әже!
Мыстан Кемпір: Бұл жерге қалай тап болдыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын!
Жүргізуші: Бізге сенің көмегің керек болып тұр, Аяз ата қиын жағдайға тап болды.
Мыстан Кемпір: Ондай болу мүмкін емес. Таңертең ғана маған келіп, бірге шай ішіп, мені жаңа жылдық мерекеге шақырып кеткен. Мен болсам бірден жаңа жылдық дайындыққа кірісіп кеттім, шашыма прическа жасатып, аяғыма туфлиімді киіп, сыпырғышымды сүртіп қойдым.
Жүргізуші: Аяз атаны Зұлым Кощей өзінің патшалығына ұстап алып кетті. Аяз ата келмесе Жаңа жылымызда болмайын деп тұр.
Мыстан Кемпір: Қап, әттеген – ай, дұрыс болмапты. Себебін білесіңдер ма? Зұлым Кощей мерекеге шақырылмаған. Оған арнайы шақырту жіберілмеген ғой. (Шошып) Бұл сонда қалай? Мен де мерекесіз қалып қоямын ба?
Жүргізуші: Сондықтан да, бізге сенің көмегің керек, Зұлым Кощейге апарар жолды көрсет.
Мыстан Кемпір: О не дегеніңіз?! Жоқ, маған олай жасауға болмайды. Мен зияны көп Мыстанмын ғой. Оның үстіне Кощей маған туыс болып келеді ғой. Сондықтан менен ондайды сұрамандар.
Жүргізуші: Ал, егер біздің балалар, саған би билеп берсе ше?
Мыстан Кемпір: Білмеймін, енді кепілдік бере алмаймын.
Би: Кантри!
Жүргізуші: Қалай, сізге біздің биіміз ұнады ма?
Мыстан Кемпір: Ой, ұнағанда қандай! Өте қатты ұнады.
Жүргізуші: Енді бізге көмектесесің ба? Сенде Зұлым Кощейді қалай женуге болатыны жайлы жазылған сиқырлы кітап бар дейді.
Мыстан Кемпір: Иә, рас, ол кітап менде. Міне, қараңдар. Бірақ, ол кітапты мен сендерге бермеймін, менен ондайды сұрамандар.
Жүргізуші: Мыстан Әжей біздің балаларымыз саған тақпақтарын айтып берер! Тындап көрші.
Балалардың тақпақтары.
Жүргізуші: Ал, Мыстан әжей тақпағымыз ұнады ма?
Мыстан Кемпір: Ұнады.
Жүргізуші: Ал, енді бізге сиқырлы кітапты бересіз бе?
Мыстан Кемпір: Жо- жоқ, бере алмайды екем!
(Кітапты құшақтап отыра кетеді.)
Жүргізуші: Енді не істесек болады? (Ойланып тұрады.) ақырын дауыспен – Мыстан әжені ұйықтатып тастауымыз керек, сонда, ол сиқырлы кітаптың ішінде не жазылғаның біле аламыз.Кәне, бәріміз Мыстан Әжеге бесік жырын айтып берейік. Ол ұйықтап қалған кезде біз кітаптың ішіндегін біле аламыз.
Фонограмма Бесік жыры. Мыстан Кемпір ұйқыға кетеді.
Жүргізуші: Мұнда не жазылған екен, көрейік.
Үш жағымсыз нәрселерді жақтырмайды екен Зұлым Кощей.
1.Қорқынышты көзқарастан – Кощейге батылдылар ұнамайды екен.
2.Күлкіні жақтырмайды.
3.Мейірімді әрі жылы сөздерді ұнатпайды екен, ондай сөздерді естісе көңілі босап жылап қояды екен.
Балалар, біз, осы үш тапсырманы орындай аламыз ба? Біз батылмыз ба? Кощейді күлдіре аламыз ба? Ал, оған мейірімді, жылы сөздерді айта аламыз ба? Ендеше, Кощейдің патшалығына барсақ та болады. Менімен бірге қайталаймыз сиқырлы сөздерімізді.
Сиқыр, сиқыр, сиқырла,
Бізге қарай бойла.
Сиқырлы әуен қосылып, залдың шамдары өшеді. Мыстан Кемпір залдан шығып кетеді. Залдың шамдары қайта қосылады.
Фонограмма қосылып залға Кощей кіріп келеді.
Кощей: Мен Зұлым Кощеймін, ұлы сиқыршы мен болам. Мұнда не шу, не жиын? Тез арада бұл жерден кетіңдер деймін. Балалар осында қала берсе болады, ұйқыдан жана тұрып, қарным аш, қазір сендерден түскі ас жасайтын боламын.
Жүргізуші: Қалай ұялмайсың, Кощей! Сен әлі білмейді екенсің Аяз атасыз Жаңа жыл мерекесінің сәні де мәні де жоқ.
Кощей: Жаңа жылды ұнатпаймын. Маған тыныш ұйқы бермейді. Мына шыршаның шамдарын тез арада өшіріп тастау керек. 1-2-3 шамдарынды өшір. (Шыршаның шамдары өшіп қалады.) Міне, енді дұрыс болды. Аяз атаны да сендерге бермеймін, армандамай – ақ қойындар.
Жүргізуші: Жаңа жылсыз мерекеміздің сәні жоқ, сыйлықсыз қалатын болдық қой.
Кощей: Маған сендердің шыршаларыннан қандай пайда бар? Мен көңіл көтергенді ұнатпаймын.
Жүргізуші: Сен қалай көңіл көтеру керек екенің де білмейтін сияқтысың ғой.
Кощей: Білемін, тек көңіл көтеретін ешкім жоқ, бәрі менен қорқады.
Жүргізуші: Біз сенен қорықпаймыз, керісінше сенің көңіліңді көтергіміз келеді.
Би: Разбойники!
Кощей: Ой, балалар, керемет, сендер менің көңілімді көтеріп тастадыңдар ғой, сендерге рахмет. Мен енді зұлым істерімді жасамайын. Ешбір зиянымды тигізбеймін. Сондықтан да сендерге Аяз атаны беремін. Ал, енді балақайлар, қош сау болыңдар. Мен кеттім, ал, сендер Аяз атаны қарсы алыңдар. Сау болыңдар! (Залдан шығып кетеді.)
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен оның немересі Ақшақарды осында шақырайықшы.
Балалар: Аяз ата- Ақшақар! Аяз ата- Ақшақар!
Музыкамен залға Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Амансыңдар ма, ұлдарым
Қырмызы сұлу қыздарым.
Өздеріңді сағындым.
Сонау алыс орманнан оралдым
Сендерге сондай асығып, омбы қарға малынып,
Мерекеге үлгірмей қаламын ба деп қорықтым.
Бірақ үлгерген екенмін.
Жаңа жыл бақыт, денсаулық әкелсін!
Бүгінгі мереке ерекше болмақ.
Ақшақар: Менің атым Ақшақар.
Аяз атаның немере қызымын.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен құттықтаймын баршаңды!
Жаңа жыл молшылық акелсін. Ата біз осылай тұра береміз бе?
Шыршаны жағайық та!
Аяз ата: Бәріміз бірге, балалар!
«Қуант, шаттан, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат» (шырша шамы жанбайды)
Шыршамыз жанбады ғой. Арамызда айтпағанымыз бар шығар. Ата – аналар, қанекей бәріміз бірге:
«Қуант, шаттан, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.(шырша жанады)
Ақшақар: Шыршамыз қандай көрікті!
Балалар мәз болыпты,
Жаңа жылдық шыршаға
Би билеп, ән салыпты.
Ән: «Шырша жыры»
Ақшақар: Аяз ата, біз сізді енді шеңберден шығармаймыз!
Ойын: Шеңберден шығармаймыз! (Не выпустим.)
Аяз ата: ой, жарайсыңдар, кішкентай достарым, мені күлкіге қарық қылдындар, ал, ендң мен сендерді сиқырлы таяғыммен қатырып тастаймын.
Ойын: Қатырып тастаймын! (Заморожу.)
Аяз ата: Ой, балалар, қандай шапшаң едіңдер. Сендермен ойнаған қатты ұнады. Ал, енді мына аталарың қартайды, аздап шаршады, отырып сендердің тақпақтарынды тындағысы келеді.
Балалардың тақпағы.
Жүргізуші: Аяз ата біздің баларымыз сізге арнап ән айтқылары келіп тұр.
Ән: Аяз ата!
Ақшақар: Аяз ата, балаларымыз сенімен ойнағысы келіп, сенің көңіл күйінді көтергісі келіп тұр. Ойнаймыз ба?
Аяз ата: Әрине!
Ойын: Аяз атамен Ақшақар!
Ойынның шарты: Балалар музыка әуеніне қосылып қимылдарды жасап көрсетеді, ал Аяз ата балалардың іс- қимылдарын тауып алуы керек.
Аяз ата, тауып көрші біз қазір не істеп жатырмыз?
Балалар сыбызғы аспабында ойнап көрсетеді.
Аяз ата: Менінше сендер сүт ішіп жатқан боларсыңдар?
Балалар: Жоқ, біз сыбызғы да ойнадық.
Аяз ата: Мен қалайша, таба алмадым?! Енді келесісің бірден тауып алам!
Аяз ата, тауып көрші біз қазір не істеп жатырмыз? (Домбырада ойнаған секілді қимылдарды көрсетеді.)
Аяз ата: Сендер, іштеріңді сипап тұрсыңдар.
Балалар: Жоқ, біз домбырада ойнадық.
Аяз ата: Сендер қандай күшті музыкантсындар?!
Аяз ата, тауып көрші біз қазір не істеп жатырмыз? (скрипкада ойнаған секілді)
Аяз ата: Бұны, енді тез тауып алам, сендер менің сақалыммен ойнап жатсыңдар ғой.
Балалар: Жоқ, біз скрипкада ойнадық.
Аяз ата: Ой, рахмет сендерге балалар, Аяз атаны біраз нәрсеге үйреттіңдер.
Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларымыз өздерінің сүйікті әндерін орындағысы келіп тұр. Ал, Аяз ата сіз біздің нағыз музыканттарымыздың өнерің тамашалап көріңіз.
Оркестр: Вальс шутка!
Ойын: Күлше қыз!
Аяз ата: Ой, жарайсыңдар, балалар. Рахмет сендерге. Ал, енді қызым немерем мен кететін уақыт та болыпты. Сау болыңдар.
Ақшақар: Аяз ата, сен сыйлықтар жайлы ұмытып кеткен жоқсың ба?
Аяз ата: Мен сыйлықтарды берген жоқпын ба? Қалай ұмытып кеткем? Кәне немерем Ақшақар, біз қазір бұны да дұрыстаймыз! Маған сиқырлы қазандығымды алып келіңдер.
Ақшақармен Жүргізуші ортаға қазандықты алып шығады.
Аяз ата: Сыйлықтарды алу үшін, біз оларды осы қазандықта қайнатып аламыз. Ол үшін алдымен апельсин саламын, содан кейін мандарин, алтын жаңғақтан қосамын, сықырлаған мұздарды, жаңа жылдық жұлдыздарды, ақұлпа қарлардан қосамын. Және де тәтті шоколадты да қосамын. Міне, бәрін салған сияқтымын, ал сыйлықтар қайда? Ой, ұмытып кетіппім ғой, мен бұларға су құйюым керек қой, жәй су емес сиқырлы су.
Эники , беники,
Унди, фунди, чунди-хей.
Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын балаларға үлестіріп, қоштасып залдан шығып кетеді.
үргізуші. Аяз – ата, Ақшақар, Жын, Алдар көсе,Жезтырнақ, Түйе, Барыс.
(Жаңа жылдық әуен ойналып тұрады сахна сыртында мыстан кемпірдің даусы естіледі.)
Мыстан кемпір: Ха-ха. Хи-хи. Қараймын, мына кішкентай ақымақ адамдарда мереке екен ғой. Шыршаны безендендіріп мәз мейрам боп жатыр ғой. Ха- ха. Ал мен жалғыз мерекесіз, шыршасыз. Қап бәлем, қоя тұрыңдар, көрсетемін сендерге. Болдыртпаймын мерекені. Аяз атаны күтіп отырған болар.Келтіртпеймін. Аяз аталарын ертегілер елінде атасып кетеді. Ха ха –ха
Жақсылыққа келтіртпеймін
Жаңа жылға жеткізбеймін
Мен тұрғанда адамға
Мереке жоқ жалғанда
Ха-ха –ха. Хи-хи-хи
(Фан
– фар ойналады, жүргізуші
шығады.)
Жүргізуші:
Саламатсыңдарма
балалар.
Келе
жатқан
жаңа
жылдарың
құтты
болсын!
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық
Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық
Құттықтаймыз келер жылды алдағы
Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық
Жылға шашу шашамыз
Тойлап көңіл ашамыз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билеп ән саламыз
Қазақ биі
Жүр: Ақша қарға малынып
Аппақ тоңын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып
Ал балалар Аяз атаны шықырайық қонақтарымызды ертегілер еліне алып барсын. Кәнекей бірге шақырайық: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
(Жәй баяу, мұңлы әуен ойналып Ақшақар шығады)
Жүргізуші: Ақшақар не болып қалды, неге жылайсың-? Бүгін мерекеғой.
Ақшақар: Сәлем достар. Қиын жағдай болды. Біз Аяз та екеуміз жаңа жыл қарсаңында сендерді қуантайын деп сыйлық әзірлеген едік. Кенет қатты, зілді боран соғып, бізді жан жақтағы ертегілер әлеміне алып кетті.Ал енді мен Аяз атаның қай жерде, қай ертегіде жүргенін білмеймін
Жүргізуші: Ақшақар қайғырма, мұңайма. Көз жасыңмен қайғыңды жеңе алмайсың. Қарашы міне біз көппіз. Аяз атаны құтқарамыз. Солай емеспе балалар. Ал балалар Аяз атаны құтқару үшін қиын белестерден, ормандардан, жаман күштерден өтуден қорықпаймыз ба-? Ендеше қол ұстасып, Аяз атаны табу үшін ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Кәнекей кеттік.
( әуен ойналады, балалар кете бастағанда шыршаны айналып жезтырнақ жүгереді.)
Жезтырнақ:Тоқта, тоқта, қайда асығасыңдар! Қайда барасыңдар, Сендер менен рұқсат сұрамадыңдар ма-? Мен жүз мыңдап ертегілер елінде өмір сүрем, сендерді ол жерге кіргізбеймін. Естідіңдерме …………
(
Жарық
өшеді,
жезтырнақ
ғайып
болады)
Жүргізуші:
Бұл
не
сұмдық!
Сен
бізді
қорқыта
алмайсың.
Жезтырнақ
. Біз
бәрібір
Аяз
атаны
табамыз..
Солай
емеспе
балалар!
Бірақ
шыршамыз
жанбай
қалды
ғой,
қараңғыда
адасып
кетуіміз
мүмкін
ғой.
Енді
қайттік.
(Әуен
ойналады,
Айсұлу
шығады.)
Жүргізуші:
Сәлеметсізбе
сұлу
қыз.
Атыңыз
кім
болады.
Айсұлу: Сәлеметсіздерме балалар! мен ертегілер әлеміндегі ханшайым Айсұлумын. Неткен бәрің әдемісіңдер, сәнді киініпсіңдер . Бірақ неге мұнсызсыңдар.
Жүргізуші: Айсұлу ханшайым бізде қиын жағдай болып тұр. Жезтырнақ меркемізді бұзып, шыршамыздың жарығын сөндіріп, бізді ертегілер еліне кіргізбеймін деп қорқытты. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Аяз атаны табуымыз керек, әйтпесе жаңа жылымыз басталмайды.
Айсұлу: Достар мен сендерге ертегілер еліне тез жетуге көмектесемін.
(шапалақпен жарықты жандырады.)
Міне достарым біз енді ертегілер еліндеміз.
Жүргізуші: Айсұлу орманның іші қараңғы, көңілсіз адасып кетуіміз мүмкін ғой.
Айсұлу: Олай болса шыршадағы жарықты жандырып, жұлдызшалар сендерге жол көрсетсін. Ол үшін сиқырлы сөзді айтып үрлеуіміз керек.
Кәне шырша 1-2-3 жарығыңды жандыр(Бәрі бірге қайталайды. Айсұлу сиқырлы таяқпен үрлейді.)
Жүргізуші: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Би
Жүргізуші: Балалар бәрі жақсы болды. бірақ уақыт тығыз. жаңа жылда келіп қалды. Әлі алда қаншама ертегілер елі бар. Қалай өтсек болды екен.
Айсұлу: Мен сендерге көмектесемін. Бұл қиын емес. Менде сиқырлы шам бар. Сіздерге қажет болып қалар. Бірақ есте болсын, шам тек жақсы адамның қолында болуы тиіс, әйтпесе қиын болуы мүмкін.. Ал енді менің уақытым болды. Кетуім керек. Сау болыңдар балалар.
(Әуен
ойналады,
Айсұлу
кетеді)
Жүргізуші
және
балалар
: Сау
бол
Айсұлу.
Жүргізуші: Ой балалар, біз сиқырлы шамды қалай қолданатымызды сұрамадық қой. Енді не істейміз. Сендер білесіңдер ме-?. Қалай қолданамыз. Мына жерге бір нәрсе деп жазалып тұр ғой. Бірақ түсініксіз екен. (шамды сүртеді.)
(Сахнаға
әуенмен
сиқырлы
шамның
ішіндегі
Жын
келеді.)
Жүргізуші:
Сен
кімсің
?
Жын: Мен Жынмын. Сиқырлы шамның құлымын.
Жүргізуші:Мүмкін сиқыршы шығарсың ?
Жын: Мен сиқыршыданда мықтымын. Әрі күштімін. Қалаған тілектеріңді орындаймын.
Жүргізуші: Құрметті Жын бізде жаңа жыл мерекесі келе жатыр, ал біз Аяз атамыздың қай ертегіде жүргенін білмейміз. Аяз- атасыз мерекеде басталмайды. Аяз- атаны табуға көмектесе аласыңба ?
Жын: Көмектесейін. Бірақ, бір өтінішім бар. Мен мың жылдап мына шамның ішінде отырып әбден ішім пысты. Бір көңілімді көтерсем деймін. Сендер менімен ойнайсыңдарма ?
(Ойын
басталады.)
Жын: Ой, көңілімді
бір
көтеріп
тастадыңдар
ғой.
Рахмет
сендерге.
Енді
алғысымды
білдіретін
уақыт
келді.
Кәнекей
менімен
бірге
қайталаңдар.
Бірлесіп біз шапалақ қағамыз
Бірлесіп біз аяқпен ойнаймыз
Айналамыз, отырамыз.
Бір- бірімізге қараймыз
Кәнекей бірге қайталаймыз 1-2-3
Кәне тірілші ертегіміз.
(Әуен
ойналады
жезтырнақ
кіреді.)
Жезтырнақ:
Болдыртпаспын.
Ертегіге
келтіртпеспін.(шамды
ұрлайды).
Мен енді сиқырлы шамның егесімін. Не қаласам сол болады. Ха-ха-ха. (кетеді.)
Жүргізуші: Міне қайғы. Енді не істейміз. Сиқырлы шамда, Жын да
көмектесетін ешкім жоқ.
(әуен ойналады, Алдар көсе есекпен ән айтып кіреді)
Жүргізуші: Балалар келе жатқан кім. Сендер танисыңдар ма ?
Алдар көсе:Охо-о-о, Мына жерде қонақтар көп екен ғой. Барлықтрың қандай әйбатсыңдар. Ой мен өзі қайда келдім. Қандай мереке болып жатыр.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Алдар көсе. Бізде жаңа жыл мерекесі. Бірақ ымыз Аяз атамыз жоқ. Жағдайымыз қиын болып тұр. Жезтырнақ Аяз атамызды қай ертегіге апарып тастағанын білмейміз. Жын көмектесем деп үлгере алмады. Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап кетті. Алдар көсе сен өз ертегіңде Аяз атаны көрмедің бе?
Алдар көсе: Жұмбақтап ізденгенше Жезтырнақтың өзінен сұрайықта Аяз атаны қай ертегіге тығып қойғанын білейік. Бірақ мен сендердің Жезтырнаққа қарсы тұрып, қорықпай мықты болатындықтрыңа сенімді болуым керек.
Ойын
Алдар көсе: Ал балалар сендерге көмектесетін уақыт келді. Менің домбырам сиқырлы. Жақсы адамға көмектеседі. жамандарды жазалайды. Кәзір мұны өздерің көресіңдер.
(Домбырада ойнайды бәрі билейді, жүгіріп, билеп Жезтырнақ кіреді.)
Жезтырнақ: Бұл не сұмдық. Тоқтт жаныңның барында. менің билегім келмейді. Тоқтат деймін әйтпесе сиқырлы шамдағы Жынға айтамын, көздеріңді жояды.
(Алдар көсе ойнағанын бірден тоқтатады, Жезтырнақ орындыққа құлайды.)
Алдар көсе: Құрметтім сен не дедің. Мен шалыс естідім бе? Бұл кімге жаман болады. Кәне балаларға Аяз атаны қайтар.
Жезтырнақ:Ойламаймын да! Болдыртпаймын мерекені! кәне бәрің үйлеріңе қайтыңдар. Кәзір қара күштерімді жіберсем.
Алдар көсе: Не дедің-? Қап бәлем қоя тұр!
(домбырасын ойнайды. Жезтырнақ билейді, Алдар көсеге жақындар домбыраны тартып алуға тырысды.)
Жезтырнақ: Жарайды, мен келістім.Аяз атаны қайтарам. әуенді тоқтадыңдар.
Түф, сүф,сүф, дарадай.
Күйген бақа қапшық ай
Қырғи, тырғи,
Ащысыз, тұссыз
Сыбырлап, сиқырлаймын
Тұздаймын бұрыштаймын.
Айтқанымды орында
Айға апарып тастаймын
Алдар көсе: Не дейсің?
Жезтырнақ: Жәй әзілдедім. Аяз атаны залға шақырып жатқаным ғой.
(әуенмен жезтырнақ ғайып болады, Аяз ата келеді.)
Аяз ата: Саламатсыңдар ма балалар!
Армысыңдар қадірлі қонақтар!
Жезтырнақты жеңіп, мені құтқарғандарыңа үлкен рахмет!
Ал балалар Жаңа жылды қарсы алып,
Қуанышпен шаттыққа кенелейік
Жадырап ән шырқап тербелейік.
Кел жаңа жыл, шық жоғары төрлет төрімізге
Береке бірлік әкел елімізге
Қар: Төрле, төрле құтты жыл
Қуаныштан айтылады әсем жыр
Балалардың бақытында шек болмай
Жүректері қуаныштан толқып тұр.
Ән «Аяз ата»
Аяз ата: Ал енді балалардың көңілін көтеру үшін ойынымызды бастайық!(Ақшақар мен би орындалады.)
Қар: Балалар біз сиқырлы шам туралы ұмытып кетіппіз. Аяз ата Жезтырнақ сиқырлы шамды ұрлап әкеткен. Егер шам жаман адамның қолына түссе өте қиын болады.
Аяз ата:Бұны болдыртпай, сиқырлы шамды қайтару керек.
Жүргізуші: Қайтаруымыз керек. Бірақ қайда барып, қайдан іздейміз Жезтырнақты. Қап әттеген- ай, Менің қалауым мен Жезтырнақ көрін көзіме десең , Көрінсе ғой -ә.
Аяз ата: Бұны болдыртуға болады. Ұмытпаңдар! Менде сиқыршымын ғой. Кәнекей немерем берші маған сиқырлы таяқшамды.
Желдетіп, борандатып ойнаңдар
Иіліңдер ақ қайынмен шыршалар
Менің барлық орманымның ішінен
Тауып Жезтырнақты көрсетіңдер
(Сахна
ашылады Жезтырнақ
шамды
сүртіп
отырады)
Жезтырнақ:Шық
Жын:Шықпаймын
Жезтырнақ:Шық деймін!
Жын:Шықпаймын.
Жезтырнақ:Мен шамның егесімін, айтқанымды орындауың керек.
Жын: Әміріңізге құлдықпын.
Аяз ата: Мұнда екенсің ғой Кәне тез қайтар шамды.
Жезтырнақ:Ойламаймында! сендер бәрің қорқатын боласыңдар! мен шамның егесімін. Не қаласам Жын орындайды. Шыршадағы жарық сөнсін. Ха-ха-ха.
(Жарық өшеді, Жезтырнақ)
Аяз ата: Ал біз бәріміз бірге үрлеп шыршаны жағамыз!
Жезтырнақ:Олай болса, Аяз саған ауру жіберем, беліңнен ұстасын.
(Аяз белін ұстап қалады.)
Аяз ата: Ой оңбаған. Ойбай белім- ай. Кәне таяқшам 1,2,3 Аязыңнан ауруыңды аластат.
Жезтырнақ: Бәрібір жеңе алмайсың! Менен мықты, күшті жоқ.
Аяз ата: Сен күшті емессің. Сенен қорықпаймын. Сенен мықты Жын.
Жезтырнақ:Онда мен күшті Жын болғым келеді.
(әуен ойналады, Жезтырнақ ғайып болып Жын қалады.)
Аяз ата: Жезтырнақты алдап жеңдік. Жын сен енді сиқырлы шамнан босадың. Енді шамның құлы басқа. Зияны басқаға тимес үшін шамды Солтүстікке алып кетем.
Жүргізуші:Аяз ата жаман күшті біз жеңдік. Жынды босаттық. Ал жаңа-жылымыз әлі басталған жоқ. Қалай болады енді.
Жын: Жаңа жылымыз міндетті түрде болады. Сендер сиқырға өздеріңнің кішкентай сиқыршы екендеріңізге сенесіңдер ме-? Кәнекей бәріміз саусақтарымызды сықырлатып алқанымызды үрлесек сол кезде жаңа жылымыз басталады.
(саусақтарымен сықырлатып, алақандарымен үрлейді.)
(Әуен ойналады, шыршаны айналып Барыс кіреді,)
Аяз ата: Міне Жаңа жылымызда келді. Балалар қарсы алыңдар. Жаңа жылда бақытты күндерің көп болсын. Ал енді менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Қош сау болыңдар балалар.
Күлкісімен жеткізіп бабаға сыр
Қуаныштан салады балада асыр
Жұмбақтанып, жаныма жырды ақтарып
Елімізге қош келдің жаңа ғасыр.
Аяз ата және қар:Сау болыңдар балалар!
Жаңа жылға тақпақтар жаттаймыз!
Келді
тағы жаңа жыл
Қуантумен
біздерді
Құтты болсын жаңа
жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Өлең
де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі
әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел
Жаңа жыл, жаңа жыл!
Аспан жерге
төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа
Жылда келеді,
Бізге қарай
жылыстап.
Ақ қырауға
малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз
ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Аппақ
тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді
алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз
Тауда туып Тауда өсіп
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық.
Қуантып елді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Жаңа жылда, жаңа жылда
Ән саламыз бәріміз
Аяз ата келеді деп,
Қуанамыз бәріміз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген