400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағат "Жігіт сұлтаны"

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс уақытымызда өткізген іс - шарамыз. Жігіттерімізді жан - жақты тәрбиелеу мақсатында өткіздік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жігіт сұлтаны» сайысы


1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.


2 – жүргізуші:Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

«Жалын» тобы және «Жас лҰан» тобы


1 – жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2 – жүргізуші:
Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен 2 топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң... » деп аталады. Сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсін.


1 – жүргізуші: Ал әділқазылар алқасы берген бағаларына назар аударсақ.


1 – жүргізуші: Салт – дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата – бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты,
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты, - дей келе келесі кезеңімізді бастаймыз.


2 – жүргізуші:

Сайысымыздың келесі кезеңі «Салт - дәстүр» деп аталады.Бұл кезеңнің шарты:салт – дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді. Екі топқа 4 сұрақтан беріледі. Топпен ақылдаса отырып 1 минуттың ішінде сұрақтарға жауап берулері тиіс.


Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:

1.«Байғазы» деген қандай дәстүр?

2.«Тұсаукесер» деген қандай дәстүр?

3.Жеті атаңызды атаңыз?

4.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз?


1.«Сыбаға» дегеніміз не?

2.«Тұсаукесер» деген қандай дәстүр?

3.Жеті қазынаны атаңыз?

4.Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз?


1 – жүргізуші:

Жігіттеріміз келесі кезеңге дайындалғанша сыныбымыздың қыздары дайындаған биді тамашалаңыздар.


2 – жүргізуші:

Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнер» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған
бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырып,түсіндірсін.


1 – жүргізуші:

Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтел» сайысы.
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.Әр топтан 1 оқушыдан шығып 1 минуттың ішінде Отан, ата – ана, отбасы және әке мен бала туралы мақал – мәтелдерді айтуы керек. Ортаға бірінші болып шығатын «Жасұлан» тобының жігітін шақырамыз.

Ал енді ортаға «Жалын» тобының жігітін шақырамыз.


2 – жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты, - дей келе «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталатын бөлімімізді бастаймыз. Жігіттеріміз өз өнерлерін көрсетеді.


1 – жүргізуші:

Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында аджимания жасайды. Ортаға бірінші болып шығатын «Жасұлан» тобының жігітін шақырамыз.

Ал енді ортаға «Жалын» тобының жігітін шақырамыз.


2 – жүргізуші:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, Мухтарова Аянат пен Бейсенбаева Бибігүлдің орындауындағы «Қазақ жастары» әнін тамашалаңыздар


1 – жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

2– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын!


1 – 2 жүргізуші:

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі