Тақырыбы:
Мен
қазақша сөйлеймін
Түрі:
интеллектуалды ойын
Мақсаты:
1. Оқушылардың өткен тақырып бойынша
алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін,
білім деңгейін көтеру
2.
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы лқушылардың
тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ
тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін
жетілдіру.
3.
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген
қызығушылығын арттыру. Отанын, туған
жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін
сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
суреттер, интерактивті тақта, кеспе
қағаздар.
І
Ұйымдастыру кезең.
Оқушылардың
назарын интеллектуалды ойынға аудару
ІІ.
Негізгі кезең.
Құрметті
әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі
«Мен қазақша сөйлеймін» атты тәрбие
сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз –
басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге
құрметпен қарауын, сонымен қатар,
теледидарда жүргізілетін қазақша
хабарға қызығушылықтарын арттыру.
Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің
4 «Д» сыныптар арасындағы «Мен қазақша
сөйлеймін» атты тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
Бүгінгі
сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
«Ойнайық»
«Кел,
сөйлейік»
«Жұмбақтар
шешу»
«Сұрақ-жауап»
«Жаттығайық»
«Жоғалған
әріптер»
Әрбір
тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана
тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер
балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ
тілі жасау керек мәңгілік! – деп
сайысымыздың І кезеңінен бастайық.
І
кезең.
«Ойнайық» айдарында оқушылармен
интеллектуалды ойын ойнаймыз. Тақтада
3 ұяшық ілініп тұрады. Әр топтан бір
оқушы шығып қалаған ұяшықтағы санды
ашып, артындағы суретті алады. Әр топ
өзі таңдаған суреттің артында сұрақты
болады. Әр оқушы суреттегі сұрақты
тобына әкеліп, сұрақты оқиды:
1
Барыс қандай аң?
2
Қыран қандай құс?
3
Тұлпар қандай құс?
(Оқушылар
осылар туралы не біледі, соны топтастырып
айтады) Оқушылардың сурет бойынша
топтастырулары қабырғаға ілінеді.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын
толықтырады. Мысалы: Барыс үнемі таудың
басында жүреді. Ол өте жылдам қимылдайды.
Қыран құс – ол аспанда еркін ұшып жүреді.
Тұлпар – ол жылқы. Ол жылдам шабады,
үнемі алда жүреді.
ІІ
кезең.
«Кел, сөйлесейік» айдарында интелектуалды
ойнымыздың әрі қарай жалғастырамыз.
Ойынның мақсаты: жуан және жіңішке
дыбыстарды қайталау және ажырата білуі
тексеру. Ойынның шарты: қағазға жуан
немесе жіңішке сөздерді жазу. Үш топқа
қағазда жазылған сөздерді араластырып
тарату. Уақыт аяқталған соң, әр топ бір
жуан бір жіңішке сөздерден жіпке моншақ
тізулері тиіс. Қай топтың моншағы бірінші
тізілсе сол топ жеңімпаз атанады. Мысалы:
қалам, мектеп, ойыншық, кезекші, үзіліс,
сынып, күнделік, оқушы, өшіргіш т.б
ІІІ
«Жұмбақтар шешу»
тақтада берілген жұмбақтардың жауабын
шешеді. Қай топ көп жауабын айтса, сол
топ жеңімпаз атанады.
Кезекті
бір жануар
Үстінде
екі тауы бар
Мойны
ұзын, көзі үлкен
Бұл
не, өзің тауып көр
(Түйе)
Түссе
күннің шуағы
Көзді
еріксіз жұмады
Жылы
жерді сүйеді
Беті
қолын жуады
(Мысық)
Өзі
аппақ қардай
Шайға
салсаң балдай
(Қант)
Өзі
мұздай
Аппақ
қардай
Дәмі
балдай
(Балмұздақ)
Сырты
жасыл қатты
Іші
қызық тәтті
(Қарбыз)
ІҮ
кезең «Сұрақ-жауап» ойыны. Ойынның
мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі шапшаң
жауап беруге дағдыландыру. Ойынның
шарты: қай топтың жауаптары көп болса,
сол топ жеңімпаз атанады.
Сұрақтар:
1
Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2
ҚР Мемлекеттік тілі?
3
Күздің бірінші айы?
4
Абай Құнанбайұлы кім?
5
Қыста не жауады?
6
Қазақстан қандай мемлекет?
7
Бір аптада неше күн бар?
8
Барыс қандай аң?
9
Қыран құс қандай аңдарды ұстайды?
10
Көптік жалғауларды ата?
Ү
кезең.
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырма
грамматиканы бекітуге бағытталған.
Оқушыларға тақырыпқа қатысты бірнеше
сөздер беріледі. Оқушылар осы сөздерге
көптік жалғауын жалғап кесте бойынша
іріктеп жазып шығады.
Батыр,
халық, ұлт, барыс, қыран, ағаш, аң, жігіт,
ту, елтаңба, сурет, көрме, тау, күн, гүл,
қағаз т.б.
-лар,
-лер
|
-дар,
дер
|
-тар,
-тер
|
көрмелер
батырлар
|
Қағаздар
гүлдер
|
халықтар
ұлттар
жігітттер
|
ҮІ
кезең.
«Жоғалған әріптер» ойыны. Ойынның
мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға
дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
қайталау. Ойынның шарты: тақтаға 10 сөз
жазу.Қай топ керекті әріпті дұрыс жазса,
сол жеңіп шығады.
Мысалы:
К....ктем
А...аш
О..ушы
ҮІІ.
Қорытындылау
Құрметті
ұстаздар мен оқушылар, «Мен қазақша
сөйлеймін» атты сайысымыз өз мәресіне
жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас
байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, ел де, жер
де болмақ. Тілден артық қазына, тілден
артық қасиет жоқ екенін тағы көз
жеткіздік. Сау болыңыздар!
Күз
Бөлме
Жігіт
Өшіргіш