Тәрбие сағатының
тақырыбы: Менің Отаным -
Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне
деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін
ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты
ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған
даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің
қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге
тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс
жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,
авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және
Арал қалаларына байланысты суреттер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі,
көрнекілік
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие
үрдісі: Азаматтық, патриоттық
және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды дөңгеленте
тұрғызып,шаттық шеңбер
жасайды.
Бір
шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Біз бүгін «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын
өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой -
пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді
көреміз, өз ойларыңды тыңдаймыз.
-Балалар, біздің сүйікті
Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? -Қазақстан -Қазақстан
Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев) -Еліміздің астанасы
қай қала? (Астана) -Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады?
(Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі
бай.
-Біз қай ұлтпыз? Қайда
тұрамыз? (Қазақ)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар,
Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР -
ның физикалық картасынан көрсету)
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол
мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,
мол. Қазақстан Республикасында 14
облыс, 90-жуық қала, 150-ден астам аудан бар.
Қазақстан
Республикасындағы – мемлекеттік тіл – қазақ
тілі.
Ата Заң дегеніміз не? –(елдің
барлық ережелері жинақталған мемлекеттің ең басты
құжаты. Қазақстан қандай мемлекет?
(демократиялық, зайырлы, құқықтық,көпұлтты,
әлеуметтік)
Мұғалім:Біздің еліміздің астанасы қай
қала және бұл қала қазір қалай аталады ? (Астана қаласы. Еуразия
кіндігі)
Ақорда – президент үйі
тұрғызылды, үкімет үйімен бірге өзінің жарқыраған төбесімен
Бәйтерек жарқырайды, Атамекен этнобағы мәдениет орталығы Думан,
океанариум нағыз теңіз суымен, бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы
да тұрғызылды. Астанада көптеген саяжайлар мен саябақтар тағы да
фонтандар мен ескерткіштер де жетерлік. Көшелер өзгеріп,
машиналарға толды, мейрамдық иллюминация қалаға келген қонақтар
бұған таң қалуда. Астана барлығына қонақжай қала
Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар?
Туы, Елтаңба жөнінде......
1–
оқушы: Қазақстан Республикасының
Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды
ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін
қорғауға шақырады.
1–
оқушы: Мемлекеттік Ту 1992 жылы
маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне
енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің,
қазақ халқының ұлттық туы.
2–
оқушы: Елтаңбаның архитекторы
Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ,
жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы
бар.
Шаңырақ – бейбітшілік пен
тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін
елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын
бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес
бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық
деген сөз.
Мұғалім:.- Балалар, «Отан» деген сөзді
қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір
мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
1 - оқушы:
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
2 - оқушы:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
3 - оқушы:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4 - оқушы:
Отанды біз атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5 - оқушы:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
Мұғалім:
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай
аталады?
- Ақшәулі
Туған жеріміз Ақшәулі , біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана
бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен,
жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын
адамдардың Отаны - Қазақстан
Республикасы.
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда
жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі
таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді
Қазақстанбыз.
Мұғалім: - Әнұран туралы не айтасыңдар?
Туы, Елтаңба жөнінде......
1.
Қазақстан Республикасының
Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етеді. Жастарды
ерлікке, қайсарлыққа, төзімділікке, еліміздің тәуелсіздігін
қорғауға шақырады.
2.
Мемлекеттік Ту 1992 жылы
маусым айының 4 – жұлдызында қабылданып, 6 – маусым күні күшіне
енді. Тудың ортасына шұғылалы күн, оның астына қалықтап ұшқан қыран
бейнеленген. Жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ол егемен еліміздің,
қазақ халқының ұлттық туы.
3.
Елтаңбаның архитекторы
Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. Көркемдік шешімі: шаңырақ,
жұлдыз, сондай-ақ аңызға айналған пырақ пен Қазақстан деген жазуы
бар.
Шаңырақ – бейбітшілік пен
тыныштықтың айғағы. Түндік – көк аспан асыл шырақ күн бейнесін
елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелерді белгілейді.
Ай мүйізді, алтын қанатты қос тұлпар – астықтың масақтарын
бейнелейді, яғни бұл еңбектің, молшылықтың белгісі іспеттес. Бес
бұрышты жұлдыз – біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық
деген сөз.
Қорытынды:
Мұғалім:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас
жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз
бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді
естен шығармайық дегім келеді.