15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағат. Менің президентім 5 сынып
Тақырыбы:
«Менің
Президентім»
Мақсаты:
1
- желтоқсан Тұңғыш Президент күні
мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының
тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа
толы атқарылған істері туралы, туып
өскен, оқып білім алған, қызмет еткен
жерлері туралы мағлұмат беру;
ҚР
Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған
істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт
жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік
сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын,
халқын сүйетін азамат болып өсуге,
елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа,
патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
1 - Желтоқсан Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті күніне арналған
«Менің
Президентім»
атты мерекелік іс - шарамызды ашық деп
жариялаймыз.
ҚР Мемлекеттік
Әнұраны орындалады.
Құттықтау 3 тілде Зарина, Баян, Бақытжан
Бексұлтан Мерейің орындауында «Мерекелеріңізбен әні»
Бақытжан .
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.
1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
1998 жыл 10 маусым Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.
Бинұр.
Ол
ерте есейді, орта мектепті бітіре
салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі
Қарағанды металлургия комбинатының
көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаға барып
металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді.
Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі
жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер
дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары
оның басшылық қасиеттері жарқырап
көрінді. Қалалық, облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда
жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық
комбинатында партком хатшысы, Теміртау
қалалық, Қарағанды облыстық және
республикалық партия ұйымдарында
экономикалық салаға жауап беретін хатшы
болды.
Қуаныш
Ол
Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста
болды. Осылайша
оның саяси өмірбаяны басталады.
1991
жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы
тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Республикамыздың Президенті етіп
сайлады.
1991 жылдың 16 - желтоқсанында
Қазақстан Республикасы «Тәуелсіз
демократиялық және құқылық мемлекет»
деп жариялады.
1992 жылы 4 - маусымда
жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту,
Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:
Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман
Уәлиханов.
Мемлекеттік тудың ұзындығы
- 2 метр, ені – 1 метр. Тудың жобасын
жасаған суретші Шәкен Ниязбеков
Зарина
1993
жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға
енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш
рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі
деп.
Бейнеленген хан, ақын,
ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып
тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты
теңге деген,
Құт - береке болшы бір
елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны
бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де
неден?
Бекмұхан
мен Қуаныштың орындауында «Нұраға »
әні
Бақытжан
Келбетіңнен
ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол
арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан
көркейіп
Достық әні шарықтады
төрімнен
Баян
Серпігенде
бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге
ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың
көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік
ұшқан қыраным
Мерей
Атыңнан
айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің
туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын
Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе
берер
Ә.Аяжан
Болашағы
Қазақстанның алдағы,
Орындалсын
қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев
Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған
таңдауы
Аян
Асқақ болып еліміздің
жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік
алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік
береке
Қазақстан Республикасының
қалауы
Аян мен Баянның орындауында «Аққу арман»
әні
Ұлжан
Еліміздің
тыныштығын ойлайтын
Халқым менің
елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш
өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев
Нұрсұлтан
Гаухар
Ауыр күнді
артымызға тастауы –
Қиын сәтте
қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім,
ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз
Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура
жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де
түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап
тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау
кісілік
Мағжан
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы
облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған. Балалық
шағы кейде айта беретініміздей таршылық
жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып,
жақсы білім алды. Ата - анасын қатты
құрмет тұтты.
Әділбек Зарина «Жастар биі» куйі
Рамазан
Бірде
шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір
жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды
жарқын жолға бастады
Елбасы боп
сайланды да Нұр ағам
С.Аяжан
Азат
елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата
Заң деп аталған Конституциямыз бар
біздің.
Ата
Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата
- баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық
сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын
деп хәліміз адам құқын қорғайды.
Райхон
1998
жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми
тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің
оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік
бөлігінде орналасқан.
Бекмұхан
Көтереді
шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам,
жасарып далам!
Басыңнан
серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан
Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды
елім,
Таниды сені бар әлем
бүгін.
Азиза
Халқым
айтқан ел көтерер жер даңқын
Елім
айтқан жер көтерер ел даңқын
Президентім
аман болғай ел басы
Мәңгі жаса, жас
қазағым, өр халқым
Райымбек
Аман
бол ел ардағы, ел арманы,
Сезімің -
қызғалдақ гүл қоғамдағы.
Батырсың
баяғыдан күткен еліңнің,
Шақырсын
тек бақытқа жол алдағы.
Бақытжан
Аман
бол, алтын жүрек, дана басым,
Ел үшін
өлімге де бара аласың
Буының бүгілмесін,
ел алдында,
Ертең де еңбегіңді
бағаласын.
Бақытжан мен Ұлжанның орындауында «Туған жер » әні
Мерей
Кезінде
Н. Ә. Назарбаев «Егер келешекте қолымнан
іс келетін азамат бола қалсам қазақ
деген халықты дүние жүзіне танытып
терезесін тең етер едім»деп армандаған
болатын. Жасыратыны жоқ бүгінде асқақ
арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі
таныды. Оның кең байтақ даласының
қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт
елін дүниенің төрт бұрышы біледі. Ал ел
өміріндегі осындай маңызды тарихи
кезеңдерде мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қосқан үлесінің зор
екендігіне ешкімнің күмән келтірмейтіні
тарихи шындық.
Зарина. Осымен Тұңғыш президент күніне арналған «Менің Президентім» атты тәрбиелік іс- шарамызды тәмәмдаймыз.
Мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі Г. Дәулетбаеваға сөз кезегі.
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Менің Президентім»
Тәрбие сағаты
5 «А» сынып жетекшісі А Умирханова
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Түркістаным тірегім»
Тәрбие сағаты
5 «А» сынып жетекшісі А Умирханова
«Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Әдеп және әдет»
Тәрбие сағаты
5 «А» сынып жетекшісі А Умирханова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген