Материалдар / тәрбие сағат: "Отбасы алтын қазына" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәрбие сағат: "Отбасы алтын қазына" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы шағын мемлекет» деген ұстанымды негізге алып, этноқұндылықты, отбасында қалыптастыруға бағыттайтын сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
766
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Отбасы шағын мемлекет» деген ұстанымды негізге алып, этноқұндылықты, отбасында қалыптастыруға бағыттайтын

«Отбасы – алтын қазына» атты сайыс ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. Жаңартылған білім жағдайында оқу-тәрбие процесін этномәдени құндылықтар негізінде жаңаша ұйымдастыру мүмкіндіктері негізіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарында мектеп оқушылары мен ата-аналары арасында «Отбасы – алтын қазына» сайысын өткізу.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Мухамедиярова М.К- «Мерейлі отбасы» клубының жетекшісі, Жангабулова Г.С.- әлеуметтік педагог

  1. Сайыстың мақсаты мен міндеттері

Отбасы — тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.


  1. Сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Сайыс 5 қараша  күні  Ж.Тәшенов жалпы орта білім беретін мектебінде өткізіледі.

           

  1. Сайыстың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. «Тегін білу тектілік» отбасын таныстыру (буклет, фота альбом)

4.2. Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері (қазақы салт-дәстүрлерден көрініс көрсету)

4.3. Өз өнерлерін көрсету (өлең айту, мәнерлеп оқу, би билеу т.б.)


Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздікдіктерін іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • Буклеттер мен фота альбомдардардың сауаттылығы;

  • Құндылықтар мен дәстүрлердің тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.


  1. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

6.1. Сайыс жеңімпаздары Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім бертін мектебінің басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар табысталады және мектептің ресми сайтында жарияланатын болады.










«Отбасы шағын мемлекет» деген ұстанымды негізге алып, этноқұндылықты, отбасында қалыптастыруға бағыттайтын сайыс

Тақырыбы: «Отбасы – алтын қазына»

Мақсаты: Отбасы — тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды – өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып, отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие арқылы бала бойында адамгершілік, сыйластық, ата-анаға, қоршаған ортаға, қоғамға деген сүйіспеншіліктерін, халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері, тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру, тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі «Отбасы – алтын қазына» атты танымдық сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан- деп бүгінгі сайысқа қатысушы отбастарын қошеметтеп ортаға шақырайық.

Бірінші болып сахна төріне

- Облыстық «Өнегелі шаңырақ» байқауының бас жүлде иегерлері Ибадилдиновтар отбасын, қошеметпен ортаға шақырайық.

-Келесі, сайыскер отбасымыз, мектепішлік Отбасы күніне арналған “Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына” атты қашықтықтан ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары Абдилдиновтар отбасы

- Келесі сайыскеріміз, Обылыстық «Балалардың тәрбиесі» атты сайыстың жүлдегерлері Аманғалиевтар отбасы

Қадамдарыңыз құтты болсын. Баршаларыңызға сәттілік тілейміз.

1-жүргізуші:

Сайыскерлер өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырап.

Әділ- қазыларды сайлау

1.

2.

3.

2- жүргізуші:

Әр отбасы өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


Сайыс бағдарламасы үш бөлімнен тұрады:

1 бөлім — «Тегін білу тектілік» отбасын таныстыру (буклет, фота альбом)

2 бөлім Отбасы құндылықтары мен дәстүрлері (қазақы салт-дәстүрлерден көрініс көрсету)

3 бөлім Өз өнерлерін көрсету (өлең айту, мәнерлеп оқу, би билеу т.б.)

1-жүргізуші:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.

Көрелік ал ендеше жарыстырып

Келіп тұрған отбасылар

Жіберсін өздерін таныстырып- дей келе «Тегін білу тектілік» отбасын таныстыру кезеңін бастайық.

2- жүргізуші:

Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырда,

Салт – дәстүрі халқымның жалғасуда.

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда. – дей отырып, ендеше біздің отбасыларымыз қазақ халқының салт-дәстүрлерің қалай жалғастырып келе жатқандығына куә болайық.


1-жүргізуші:

Өнер, өлең – талаптының белгісі,

Келер оның әркімнің – ақ көргісі.

Кез келді ғой өнерге ерік беретін,

Отбасылардың абыройын үстем ететін.

Әр отбасының өнерін тамашалайық.

2- жүргізуші:

Отбасының ордасын,

Періштелер қорғасын

Тіккен әр бір отауға,

Тәңірің жақсылық жолдасын.

Асқар тауы –сүйеніші әкесі

Мөлдір бұлақ тіреуіші анасы

Жасыл құрақ- келешегі баласы

Бірге олар болады мықты отбасы- деп бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Отбасы – алтын қазына » атты отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасына, алғысымызды білдіре отырып, келесі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!