400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат «Қазақстан –бірлігі жарасқан ел» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. Тәрбие сағаттың Міндеттері: -Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту. -өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. -өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№57 жалпы орта мектебі

Тәрбие сағат

Тақырыбы:

«Қазақстан –бірлігі жарасқан ел»







9 «Ә» сыныбының сынып жетекшісі Керімбек С.















2017жыл

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Қазақстан –бірлігі жарасқан ел»

Тәрбие сағаттың мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Тәрбие сағаттың Міндеттері:

-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту.

-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту.

-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.

Тәрбие сағаттың Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке»

І

«[Шаттық шеңбері»

-Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты

Жарқырайды күніміз

Жадырайды жанымыз

-Сәлеметсіздер ме балалар?

-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге,ата-аналарымызға жылы лебізімізді арнайық..



-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге.

Енді өз жүрегімізден шыққан тілегіміз жазылған жүрекшелерді ата-аналарымызға сыйлайық.

-Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық.

-Шынымен «Бақыт»деген не ?

Сендер қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс Отан,Ана,Туған жер т.б.

-Ал олай болса «Бақыт» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін Қайыргелді мен папасына кезек берейік.

(Қайыргелді папасымен «Бақыт» сөзінің мағынасын ашып береді)

-Өте тамаша .Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен

-Балалар біз қандай елде тұрамыз?

-Елімізде қандай ұлттар тұрады?


(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету)


-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз?

-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады.

Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз

Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.

Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс.

«Әңгімелеу»

Ә.Табылдиевтің «Қасиетті шар»әңгімесін оқып беріп,мазмұнын түсіндіреді

-Шарды неліктен құрмет тұтты?

-Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер?


-Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз,суымыз көліміз,орманымыз тауымыз.

Әркім өз Отанын құрмет тұтып қадірлеуі тиіс.

«Сергіту сәті»

-Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уық болып иіліп,

Шаңырақ болып киіліп

Достық үйін құрайық

«Дәйек сөз»

«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар.

Ынтымақ деген таулық,достық,бірілік

Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр

Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады.

«Шығармашылық жұмыс»

«Туған еліме тілегім»

Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі.

Балалар алдына гүл,күн,көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды

Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.


Рефлекциялық «Тыныштық сәті»

-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да боладыАуаны терең жұтып терең тыныс алыңдарӨздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер.

Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.


«Жүректен-жүрекке»

«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын»

Тәрбиешімен бірге орындайды


«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3955
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі